36 results
Search Results
Now showing 1 - 10 of 36
Item Open Access ИНФОГРАФИКА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРОЦЕСТЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН АҚПАРАТТЫ ВИЗУАЛИЗАЦИЯЛАУ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ(СДУ хабаршысы - 2021, 2021) А.Қ. Жакупова; М.C. ЖолшаеваАңдатпа. Қазіргі уақытта байланыс құралдары ақпаратты ауызша беруден көрнекі түрде көрсетуге ауысады, бұл жанама көрнекілікті жаңа жолмен қалыптастыруға және жеткізуге және оқу ортасын ұйымдастыруға мүмкіндік беретін визуализапияяның жаңа бағыттары мен технологияларының пайда болуына әкеледі. Оқу пропесінде компьютерлік және телекоммуникациялық технологияларды қолдану ақпаратты визуализациялау құралы ретінде инфографиканың дамуына жаңа серпін берді. Инфографикалық тапсырмалар студенттерді мұғалімнің қосымша қолдауынсыз қарым-қатынас дағдыларының барлық түрлерін қолдануға шабыттандырады. Мақалада қазіргі оқу үдерісіндегі инфографиканың қолданылу аясы, ақпаратты визуализациялаудағы әсері жайлы жан-жақты ашып көрсетуге тырыстық.Item Open Access «АБАЙ ЖОЛЫНЫҢ» 1-КІТАБЫНДАҒЫ КӨРКЕМДІК КІЛТ(СДУ хабаршысы - 2017, 2017) Күдеринова Қ.Б.Аңдатпа. Мақалада қазақ сөз зергері М.Әуезовтің «Абай жолы» тарихи туындысының алғашқы кітабының тіл көркемдігіне талдау жасалады. Тіл көркемдігі деп қазіргі ешбір сөздіктерде тіркелмеген, не сөз тіркесі, не тұрақты сөз тіркесі, не идиома, не болмаса архаизм, историзм, я диалектизмдер болып табылмайтын тұрақты оралымдардың қолданылу стилін алады. Автор қазіргі көркем мәтіндердегі кодталған осындай сөздердің мағынасы бүгінгі жас оқырмандарға түсініксіз болғандықтан оқылмай кететініне және сондықтан классикалық шығармалардың оқылмай бара жатқанына назар аудартады. Сол себептен мәтінде кодталған тарихимәдени сөздердің мағынасын контекст арқылы аша отырып, оқырманның эстетикалық санасын оятудың жолдарын қарастыруға шақырады. Әлеуметтік-бұқаралық сананы қалпына келтіру жоларын қарастыруды алға қояды. Бұл түптеп келгенде қазақ тілінің жаппай қолданыс табуына бастайтын іс екендігін болжайды.Item Open Access ORGANIZING AND OPTIMIZING DATA EXCHANGE IN UNIVERSITY(СДУ хабаршысы - 2021, 2021) A. Tugelbayev; A. ZhamanovAbstract. Currently online education at universities developing exponentially. There are many possible solutions for teachers and students to share materials, assignments, etc. Universities are increasingly using e-learning portals that match their requirements. But the exchange of information in some situations, there are big problems between teachers and students. Also various information from different sources lose their value in huge data. According to this information, our goals (1) Organize study materials for quick access (2) Optimize your e-Learning portal and make it user-friendly (3) Reduce page load speed to make the portal faster. This article describes how many widely used possible solutions exist today and compares them to ours to get an objective perspective.Item Open Access EFFECTIVENESS OF USING TRADITIONAL AND MODERN METHODS IN TEACHING FOREIGN LANGUAGE(СДУ хабаршысы - 2019, 2019) I.I. Sagdullaev; R.K. AbdiAbstract. In recent years, modern method of language teaching is widely used by many teachers in schools, colleges, lyceums, language centres and universities. However, we also cannot set aside the traditional method of language teaching, as, it also has number of advantages, despite disadvantages. In this article we decided to illustrate the advantages and disadvantages of Traditional and Modern methods in language teaching. First, we give definition to both methods and then compare them with each other. At the end we tried to find a way to keep balance between these methods in teaching process and take only advantages of the methods.Item Open Access ХАЛЫҚ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ ҮЛГІЛЕРІН ОҚЫТУДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ТАПСЫРМА ТҮРЛЕРІ (ОРТА СЫНЫПТАР НЕГІЗІНДЕ)(СДУ хабаршысы - 2018, 2018) Э. МансуроваАңдатпа. Қазіргі таңда оқушылардың шығарманы жатқа немесе мазмұнын айтуы – білу, түсіну деңгейінде ғана. Бұл екеуі ойлау деңгейінің ең төменгі сатылары. Мұғалім баланы қолдану, талдау, жинақтау, бағалау деңгейіне жеткізуі тиіс. Осыған орай көркем шығарма қалай талдану керек деген мәселе өзекті болып отыр. Яғни, көркем шығармаларды талдау барысында тиімді әдістерді қолдану өте маңызды. Ауыз әдебиетінің үлгілерін оқыту барысында шығарманың тақырыптықидеялық ерекшеліктерін түрлі тапсырмалар арқылы талдау оқушылардың тақырыпты меңгеруде тиімді болмақ. Мақалада қазақ әдебиеті сабағында ауыз әдебиеті үлгілерінің, оның ішінде: ертегі, жыр, аңыздың тақырыптық-идеялық ерекшеліктерді талдау барысында қолданылатын тапсырмалар түрлерін қарастыру. Тапсырмалардың артықшылықтары мен кемшіліктерін саралап, қай тапсырманы қолдану тиімді болатынына көз жеткізу. Орта сынып оқушылардың әдебиет сабағында қызығушылықтарын арттыру мақсатында, берілетін тапсырмалар түрін ойын ретінде өткізіп, шығарманың тақырыбы мен идеясын меңгерту.Item Open Access ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ЖАСТАРЫНЫҢ СӨЙЛЕУ ТІЛІНДЕГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕР(СДУ хабаршысы - 2017, 2017) А.О. Атейбек; Х.А. ОрдабековаАңдатпа. Бұл мақалаға қазіргі қазақ жастарының сөйлеу тіліндегі ерекшеліктері мен ауытқулары мәселесі негіз болып отыр. Мақалада қазіргі қазақ жастарының сөйлеу тіліндегі кездесетін ерекшеліктер мен ауытқулардың тілдегі көрінісі айқындала отырып, оған әсер етуші факторлар жайында сөз қозғалады. Сондай-ақ, зерттеу жұмысы барысында жастардың күнделікті коммуникациясы кезінде байқалатын тілдегі грамматикалық ауытқулары мен сөйлеу тілінде көрініс табатын ұлттық стереотиптер мәселесі де сөз болады. Жастардың сөйлеу тілінде туындаған бұл мәселе бүгін тек лингвистика үшін ғана емес, сондай-ақ, басқа да қоғаммен тығыз байланыстағы салалар үшін де өзекті. Себебі, кез келген индивидуум қоғамның бір бөлігі. Ал, қоғамдық өмірде тілдің қатынаспайтын жері болмайтыны белгілі. Қазіргі қазақ жастарының сөйлеу тіліндегі ерекшеліктер мен жаңа қолданыстар тіл біліміндегі ғалымдар назары ауа бастаған өзекті тақырыптардың бірі болып отыр.Item Open Access SÖZCÜK ÖĞRETİMİNDE İNSTAGRAM KULLANIMININ ETKİLİLİĞİ(СДУ хабаршысы - 2018, 2018) А. Kurmanalі Chakyroglu; B. SeriÖzet. Hiç süphesiz sözcük ögretimi, dil ögretiminin vazgeçilmez parçalarından birisidir. Bu bağlamda, sözcük öğretimi dil öğretimi ve öğreniminde çok yönlü ve kapsamlı bir alan olarak yerini almaktadır. Doğru ve sağlıklı iletişimin temel anahtarı olan sözcük hazinesi, yabancı dil öğretiminde önemli yer tutmaktadır. Bu ihtiyacı göz önünde bulundurarak çalışmamızda Yabancı dil olarak Türkçe derslerinde sözcük öğretiminde İnstagram kullanımının önemini ve öğrenci başarısına etkisini araştırdık. Çalışmamızda yabancılara sözcük öğretiminde sosyal medyanın bir alanı olan İnstagramın kullanımının öneminden bahsedilecek ve uygulamalara yer verilecektir. Bununla birlikte, sözcük öğretiminde İnstagramın kullanımının etkililiği ile ilgili anket sonuçları ile araştırmanın deneysel sonuçları ortaya konacaktır. Çalışmanın amacı yabancı dil olarak Türkçe öğretiminde İnstagram kullanımının öğrencilerin başarı düzeyini ne şekilde etkilediğini araştırmak, bu araştırma ışığında iletişim bakımından son derece önem taşıyan sözcük öğretimini kolaylaştırmak ve Türkçenin yabancı dil olarak öğretimine katkı sağlamaktır. Araştırma esnasında bir kontrol ve bir deney grubu oluşturulmuş olup, ön testler ve son testler uygulanmıştır. Ayrıca, gözlem, anket, görüşme, soru-cevap, testler gibi yöntemler uygulanmış olup, araştırmanın sonuçları tablolar ve grafiklerle gösterilmiş ve bulgu ve yorumlara yer verilmiştir.Item Open Access БОЛАШАҚ МУЗЫКА МҰҒАЛІМІН КӘСІБИ ДАЯРЛАУ ҮРДІСІНДЕГІ ЭСТРАДАЛЫҚ ВОКАЛДЫ ОҚЫТУ(СДУ хабаршысы - 2019, 2019) М.Ә. СмағұловАңдатпа. Бұл мақалада жоғары музыкалық-педагогикалық оқу орындарындағы көркемдік-эстетикалық құндылықтардың өзгеруіне байланысты болашақ музыка мұғалімінің кәсіби дайындық үдерісінде эстрадалық вокалға оқытудың маңыздылығы қарастырылған. Эстрадалық вокал- болашақ мамандарды даярлау және тәрбиелеу процесін ұйымдастыруға педагогикалық білім берудің барлық жаңа көкжиектерін ашуға ықпал етеді. Оның себебі қазіргі уақытта эстрадалық музыкалық мәдениет қазіргі заманғы музыкалық өнердің атрибутикасы болып табылып, қазіргі жастардың сұраныстары мен көркемдік-эстетикалық қажеттіліктеріне ие болуында.Item Open Access ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ КӨМЕКШІ ЕТІСТІКТЕРДІ ЖІКТЕУДЕГІ ҒЫЛЫМИ ҰСТАНЫМДАР(СДУ хабаршысы - 2017, 2017) Ж.М. ПолатоваАңдатпа. Мақалада қазақ тіліндегі көмекші етістіктерді зерттелуімен топтастырудың ғылыми – теориялық негіздері талданды. Қазақ тілі саласында көмекші етістіктер аз зерттелмеген. Біз қарастырып отырған ғалымдардың еңбегі соның бір дәлелі. Зерттеу мақсатымыз көмекші етістікті зерттеген ғалымдардың еңбектерін қарастырып, зерттеушілердің қай тұрғыдан қарастырғанын талдау. Қазақ тілі грамматикасында көмекші етістіктің сөйлемдегі қызметін тану, олардың ерекшеліктерін, сипаттарын ажырату қиын да маңызды мәселенің бірі. Көмекші етістіктердің қолданылу шеңбері де, жетекші етістіктерге қосатын семантикалық үлестері, түрлену жүйесі және басқа сипаттары да бәрінде бірдей емес. Мағынасында, функциясында, түрлену жүйесінде өзіндік ерекшеліктері бар. Сонымен қатар тілімізде атқаратын қызметі үлкен. Бұл тақырып тіл білімінде қазір де зерттеуді қажет етеді.Item Open Access ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДА ДЕҢГЕЙЛІК ТАПСЫРМАЛАР ҚҰРАСТЫРУДАҒЫ ҰСТАНЫМДАР(СДУ хабаршысы - 2017, 2017) А. Жұматай; Қ. МұхамадиАңдатпа. Өзге ұлтқа қазақ тілін оқыту – өте күрделі мәселе болғандықтан, осы мәселені шешуде оқыту ұстанымдарының алатын орны ерекше. Мақала өзге ұлтқа қазақ тілін оқытуда деңгейлік тапсырмалар құрастырудың теориялық және әдістемелік негізін көрсетуге арналған. Ал қазақ тілін оқытуда деңгейлік тапсырмалар құрастыру концепциясы оқытудың ұстанымдарынына негізделеді. Қазақ тілінің негізгі салаларын оқыту да нақты ғылыми дәлелдеулерге, ұғымдарға, басқаша айтқанда, ғылыми принципке сүйенеді. Мақалада қазақ тілін деңгейлік оқытудың нәтижелілігі ғылыми ұстанымнан өзге жүйелілік, көрнекілік, саналылық пен белсенділік, түсінуге жеңіл қолайлылық және оқытудың психологиялық ерекшелігін ескеру ұстанымдарын орынды қолдануға тікелей қатысты екенін тұжырымдалып, оқулықтарға талдау жасалып, нақты мысалдармен дәйектеліп берілген. Сондай-ақ ұстанымдарға сәйкес тапсырмаларды беруде ескерілетін нақты қағидалар қоса ұсынылылады.