Search Results

Now showing 1 - 2 of 2
  • ItemOpen Access
    ЦИФPЛAНДЫPУ ЖAҒДAЙЫНДA БIЛIМ БEРУДIҢ 8-СЫНЫП ГЕОМЕТРИЯСЫН ОҚЫТУДА ҚОЛДАНУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
    (СДУ хабаршысы - 2023, 2023) Bаzаrbекоvа D.
    Аңдатпа. Осы тақырыпта цифрландыру аясында ортанғы сыныптарда геометрия пәніне талдау жүргізіп, дайарлаудың керекті әдістерін пайдалану керектілігі теориялық тұрғыда көрсетілген. Цифрландырудың қиын тұстары білім беру саласында болуы мүмкін. Математика сабақтарында скаляр шамаларды тиімді шешу жолдары қарастырылған. Ақпараттық технологияларда геометриялық жүйенің тиімділігі көрсетілген. Қандайда бір есептерді түрлі формулалармен шешу жолдары нақтыланған. Ғылыми калькулятормен қалай дұрыс жұмыс жасау керек екендігі баяндалған. Кез келген тақырыпты оқытқанда басқа геометриялық фигураларды және оларға сәйкес скалярларды пайдаланып есептер құрастыруға және шешуге болады. Сонымен қатар, әртүрлі математикалық модельдерді қолдана отырып, мәселені әртүрлі тәсілдермен шешу мүмкіндігін атап, өту маңыздығын арттыру бағыты нақты баяндалған. Пайдаланылған әдебиеттер де дәлме дәл көрсетілген.
  • ItemOpen Access
    ЭПИСТОЛЯРЛЫҚ ТІЛДІК ТҰЛҒА: КАТЕГОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ТИПОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІК
    (СДУ хабаршысы - 2023, 2023) Жолшаева М.С.; Балтамуратова Ж.А.
    Аңдатпа. Мақалада соңғы жылдары тіл ғылымындағы зерттеулерде қолданылып жүрген «эпистолярлық тілдік тұлға» тіркесінің терминдік статусына байланысты сұрақтар көтеріледі. Ғалымдардың тілдік тұлға феноменін зерттеудегі өзіндік концепциялары, соның ішінде тілдік тұлға типологиясын жасауда ескеретін критерийлердің түрліше болып келуіне орай тілдік тұлғаны топтастырудағы көзқарастары тіл ғылымының салаларына байланысты салыстыра қарастырылды. Эпистолярлық тілдік тұлғаны қарастыру барысында ескерілетін лингвистикалық және экстралингвистикалық факторларға, эпистолярлық қарым-қатынас аясындағы автор образы және оның мәтінде тілдік көрініс табуының ерекшеліктеріне талдау жасалады. А.В.Курьяновичтің эпистолярлық тілдік тұлғаға берген анықтамасына сүйене отырып, эпистолярлық тілдік тұлғаның категориялық және типологиялық ерекшеліктері анықталады. Талдау материалы ретінде Халық қаһарманы, жазушы Бауыржан Момышұлының М.Ғабдулин, М.Әуезов, М.Әбдіхалықовқа жазған хаттары негізге алынды.