2 results
Search Results
Now showing 1 - 2 of 2
Item Open Access «ҚАРҒЫН» РОМАНЫНДАҒЫ КЕЙІПКЕРДІ ДАРАЛАУДАҒЫ КӨРКЕМДІК ШЕШІМ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ(Suleyman Demirel University, 2016) Калбаева ГулнараКейіпкерді түптұлғалық нысандар негізінде көркем мүсінделген əдеби тұлғаға айналдыру жазушылардың шеберлік зертханасында қорытылады. Ол үшін жазушы психология, биология ғылымдарында негізделген саналы ақыл-ой иелеріне тəн психикалық- физиономиялық ерекшеліктерді де зерттейді. Адамзат дамуы тарихындағы қарама- қайшылықтардың күресі мен бірлігі тұтастығымен келе жатқан тіршілік қозғалысының заңдылықтарын саралайды. Яғни, Дулат Исабековтің кейіпкерлерді даралап таныту өрнектерінен оның өзіндік көркемдік шешімін танимыз. Тіршілік иесі концепциясына терең үңіле отырып автор адамдардың уақыт пен кеңістік аясындағы дүниетүсінігін көрсете білген. Құндылық саналатын қасиеттерге характер өзгерісі қайшы келмейтінін нақты ашып берді.Item Open Access Ұлықбек Есдәулетовтың поэзиядағы ұлттық мінез(Suleyman Demirel University, 2011) Жанайхан БӘдеби, көркем туындылардың мазмұндық ерекшелігін айқындайтын бірден-бір элемент - ұлттық мінез екені белгілі. Ұлтгық мінезді жеке дара алып қарастырсақ, оның тарихи категория екендігін ескеруіміз керек. Ол қоғамдық, рухани, экономикалық және саяси жағдайларға сәйкес қалыптасады. Дүниені ұлттық түсінікпен қабылдау жолы қай адамға болсын тән қасиет. Өнерде, әдебиетте адам бейнесінен бұл қасиет толық көрініп отырады. Әр халықтың эпикалық туындыларын олардың талай замандар ұлт болып қалыптасуынан бөліп қарауға болмайды. Сондықтан шығармада ұлттық мінез жасау үшін оның Дүниетанымын, психологиясын, әдет-ғұрыптарын т.б. қасиеттерін білу керек.