Search Results

Now showing 1 - 2 of 2
  • ItemOpen Access
    КИНО МАТЕРИАЛДАРЫ - ОҚУ МАҚСАТТАРЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ БІР ҚҰРАЛЫ
    (СДУ хабаршысы - 2021, 2021) M.C. Жолшаева; A.H. Елемесова
    Аңдатпа. Мақалада кино материалдарын оқу мақсаттарын жүзеге асырудың бір құралы ретінде қарастырылады. Кино - көрнекі қозғалмалы бейнелер жасауымен қазіргі өмірді және онын барлық эстетикалық маңызын, өзіндік ерекшелігін кеңінен қамтуға қабілетті өнердің түрі. Дұрыс таңдалған кино үзінділері қазақ тілі сабағында грамматикалық тақырыпты меңгертудің құралы ғана емес, оқушыларды жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарға баулуда көрнекі құрал және тиімді әдіс болып табылады. Мақалада грамматикалық тақырыптарды игерту мен құндылықтарға баулуда кино материалдарын қолдану нақты мысалдар арқылы көрсетіледі.
  • ItemOpen Access
    Түркі дүниесіне ортақ құндылықтардың қазіргі қазақ поэзиясындағы көрінісі
    (Suleyman Demirel University, 2011) Керімбекова Б.Д.
    Мақалада қазіргі қазақ поэзиясындағы түркі дүниесіне ортақ құндылықтар қарастырылады. Лирикалық және эпикалық жанрдағы шығармалар арқылы қазақ поэзиясының тарихи және мәдени тамырына үңіліп, көктүріктер сарынының әсері зерттелген. ХХ ғасырдың 90-жылдары мен XXI ғасырдың басындағы қазақ ақындарының шығармашылығында ұлттық дәстүрлер мен түркі дүниетанымы көрініс табады. Мақалада Темірхан Медетбек, Жанат Әскербекқызы, Серік Ақсұңқарұлы және басқа ақындардың поэзиясындағы көкбөрі, көктәңір, Ұмай ана сияқты символдардың мағынасы талданады. Зерттеу қазақ поэзиясы мен түркі мәдениетінің сабақтастығын көрсетеді.