Search Results

Now showing 1 - 2 of 2
  • ItemOpen Access
    Геортонимдердің ономастикалық кеңістіктегі лексико-семантикалық ерекшеліктері
    (Suleyman Demirel University, 2007) Әбдиман Жания
    Бұл мақалада ономастикалық кеңістіктегі геортонимдердің лексико-семантикалық табиғаты мен ерекшеліктері қарастырылады. Автор қазіргі ономастика ғылымындағы зерттеу бағыттарын, соның ішінде геортонимдердің номинация, сигнификация және коннотация процестерін талдайды. Мәтінде геортонимдердің пайда болу тәсілдері (суффиксті, префиксті, эллиптеу, қысқарту, қосылу және плюрализация) мен олардың экстралингвистикалық факторларға тәуелділігі көрсетіледі. Зерттеу нәтижесінде геортонимдердің мазмұндық және мәдени ерекшеліктері айқындалып, олардың ұлттық-мәдени, идеологиялық және тарихи сипаттары анықталады. Сонымен қатар, Қазақстандағы ресми, салт-дәстүр және халықаралық мерекелер атаулары мысалында геортонимдердің семантикалық топтастырылуы мен қоғамдық маңызы ашып көрсетіледі.
  • ItemOpen Access
    ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ МЕТАМОРФОЗАЛАРДЫҢ КОНЦЕПТУАЛДЫҚ БЕЙНЕСІ
    (ҚазҰУ хабаршысы, 2017) Отарбаева Г.Н.
    «Қазіргі қазақ поэзиясындағы метаморфозалардың концептуалдық бейнесі» атты мақаламызда ұлттық таным мен этникалық болмысты бейнелейтін мифтік құбылушылықтар этностың тұтас бейнесін, барша болмысын анықтайтындығын басты назарға алдық. Қазіргі қазақ ақындарының метаморфозаларды қолдануындағы ұлттық ерекшеліктерін, ұлттық сананың қорында сақталған, тарих қойнауында жатқан ұлттық бейненің поэзиядағы көрінісін талдап көрсеттік. Мәселен, тауға, қыранға, мөлдір бұлаққа, аққу құсқа т.б сияқты өзіндік пішіндегі құбылуларға ие өлеңдер арқылы ұлттың дәстүрлі мәдениетін, халықтың өзіндік қайталанбас ерекшеліктерін, этностың рухани-мәдени өмірін саралай келе, сана, тіл, мәдениет ұғымдарының байланысын, ұлттың тілдік бейнесін танытатындығы М. Райымбекұлы, А. Елгезек, Е. Жүніс, С. Сейітман, Қ. Омар, Н. Бердалы сынды жас ақындар поэзиясы негізінде зерттелді.