Search Results

Now showing 1 - 3 of 3
  • ItemOpen Access
    Ұ. Есдәулетов лирикасындағы қазақы дүниетаным
    (Suleyman Demirel University, 2011) Жанайхан Болат
    Мақалада Ұлықбек Есдәулетовтің лирикалық шығармашылығында ұлттық болмыс, қазақи дүниетаным және табиғат көріністерін бейнелеу тәсілдері қарастырылады. Ақынның өлеңдеріндегі табиғат пен адам өмірінің үйлесімі, ұлттық өрнектер, салт-дәстүр, тұрмыс ерекшеліктері, философиялық ойлар және ұлттық мінездің көріністері зерттеледі. Өлеңдердегі кейіптеу, теңеу, образдық сипат және поэтикалық көркемдік құралдар арқылы қазақ тілінің бейнелік мүмкіндіктері ашылады. Мақалада ақынның Абай дәстүрін жалғастыруы, ұлттық сезім мен поэтикалық шеберліктің үйлесімі мысалдар арқылы талданады.
  • ItemOpen Access
    ТҮР-ТҮС ЭТНОЭЙДЕМДЕРІ (ЭТНОПСИХОЛИНГВИСТИКАЛЫҚ АСПЕКТ)
    (Suleyman Demirel University, 2011) Ордабекова Х
    Соңғы жылдары антропоөзектік әдіс негізінде қалыптаса бастаған психолингвистикалық бағыт, оның ішінде, этнопсихолингвистикада лингвомәдени қауым тезаурусына тән (тіл лексикасын толық қамтитын түсіндірмелі не тақырыптық сөздік) сөз-стимулдарға берілетін сөз- реакциялар, ассоциация, ұғымдық категориялар, дәстүрлі образдар, теңеулер мен мәселелер жан-жақты сөз етілуде. Біз бұл мақалада осы мәселенің бір ғана қырын, яғни қазақ және орыс тілі (мәдениеті) материалдары негізінде түр- түс атауларының ұлттық ментальдық ерекшеліктері мен түр-түстік таңбаларға қатысты этномәдени компоненттердің қалай меңгерілетініне назар аудармақшымыз.
  • ItemOpen Access
    Қазақ этнолингвистикасының ерекшеліктері
    (Suleyman Demirel University, 2011) Байтелиева Ж
    Мақалада этнолингвистика ғылымының қалыптасу және даму кезеңдері, оның еуропалық және американдық бағыттарының ерекшеліктері қарастырылады. Автор қазақ тіл біліміндегі этнолингвистикалық зерттеулердің өзіндік сипатын, Ә.Қайдардың ғылыми мектебі мен әдістемелік принциптерін атап өтеді. Қазақ этнолингвистикасының басты ерекшелігі – тіл байлығын ұлттық мәдениет, тарих, таным, салт-дәстүр арқылы кешенді түрде зерттеу болып табылатыны көрсетілген. Сондай-ақ, «Қазақтар: ана тілі әлемінде» атты этнолингвистикалық сөздіктің маңызы мен құрылымы сипатталады.