2 results
Search Results
Now showing 1 - 2 of 2
Item Open Access Қытай қазақтарының “қос тілді проза" шығармашылығы жайында(Suleyman Demirel University, 2010) Серікбол ДәулеткелдіұлыБұл мақала Қытай Халық Республикасында өмір сүретін қазақ жазушыларының қос тілді (қазақ және қытай тілдеріндегі) проза шығармашылығының қалыптасуы мен дамуын талдайды. Автор 1940-жылдардан кейінгі проза жанрының қалыптасу кезеңдеріне тоқталып, «мәдениет зор төңкерісі» аяқталғаннан кейінгі әдеби серпілісті сипаттайды. Қытай қазақтарының жаңа буын қаламгерлері екі тілді жетік меңгеру арқылы кең өрісті ойлау, күрделі қоғамдық құбылыстарды терең тану және ұлттық дүниетанымды жаңа тәсілмен бейнелеу мүмкіндігіне ие болғаны атап көрсетіледі. Мақалада Әкпар Мәжитұлы, Ғайша Тәбәрікқызы, Еркеш Құрманбекова сынды қос тілді прозаның көрнекті өкілдерінің шығармашылық ерекшеліктері талданады. Олардың ұлттық дәстүр, психология және қазіргі заман өзгерістерін қатар бейнелеуге ұмтылуы, сондай-ақ әлем әдебиетінен нәр алу арқылы стильдік жаңашылдыққа қол жеткізулері көрсетіледі.Item Open Access "Қос тілді проза" шығармашылығы жайында(Suleyman Demirel University, 2012) С. ДәулеткелдіұлыМақалада Қытай қазақтарының қос тілді проза шығармашылығы зерттелген. Автор қос тілді әдебиетте қазақ қаламгерлерінің шығармашылық ерекшеліктерін қарастырады: ана тілінде және қытай тілінде білім алған жазушылардың ойлау формалары, тілдік және мәдени ықпалы, әдеби және аударма тәжірибесі, сондай-ақ ұлттық дәстүр-салт пен заманауи өркениет арасындағы үйлесімділік. Мақалада Әкпар Мәжитұлы, Ғайша Тәбәрікқызы және Еркеш Құрманбекова сияқты қос тілді прозиктердің әдеби жолы мен шығармаларының мазмұндық және көркемдік ерекшеліктері талданған.