2 results
Search Results
Now showing 1 - 2 of 2
Item Open Access Мысыр Мәмлүк мемлекеті және Рүкнеддин Бейбарыс сұлтанның билігі(Suleyman Demirel University, 2013) Молдабаева Д.Ж.«Мәмлүк» сөзінің төркіні арапша «мелеке» сөзінен келіп, мағанасы қожайынның билігіндегі кул дегенді білдіреді. Арапшада ата-анасы құл болған құлдарға «абд» сөзін қолданған яғни тегі кұл болғандарды «абд» деп атаған. Ал қарапайым жанұяда дүниеге келіп бірақ кейіннен согыс жағдайына байланысты қолға түсіп құлдыққа салынған ақ нәсілді жандарды ерекшелеп «мәмлүк» деп атаған. Уақыт өте келе араб әлемінде мәмлүк деп билеушілер мен сұлтандардың арнайы жасақтарында қызымет атқаратын өзіндік әлеуметтік және құқықтық дәрежесі бар арнайы жасақтарды айтатын болған. Тарихта бұлардың орта ғасырларда Мысыр елінде құрған мемлекеттеріне «Девлетү-л Мемалик» (Мәмлүк мемлекеті) деп атаған.Item Open Access ХІ ғасырда уздардың (торктар) батысқа қоныс авударуы және нәтижесі(Suleyman Demirel University, 2013) Шалбаев А.АЕділ бойы мен Қаратеңіздің солтүстігін қамтитын Шығыс Еуропа өңірі ІҮ-ХҮІІ ғасырлар арасында түркі халықтарының отаны болған. Атап айтқанда бұл жерлерде Европа Ғұндары, Хазарлар. Бұлгарлар. Алтын Орда. Қырым, Қазан. Астырахан сынды саяси бірлестіктер өз үстемдіктерін жүргізген. Шығыс Еуропа өзінің табиғи болымысымен әр дайым далалык аймактарды мекендейтін көшпенділедің назарын аударып отырған. Х-ХІ ғасырларда өз отандарында қыспаққа түскен көшпенді тіршіліктің өкілдері Печенек және Оғыздар өздерінің ескі тіршіліктерін жалғастыру мақсатында Қаратеңіздің солтүстігіндегі далалық аймақтарға коныс аударады. Алайда олар көш барысында кездескен түрлі саяси және табиғи құбылыстарға төтеп бере алмай тарих сахынасынан жойылады.