Search Results

Now showing 1 - 10 of 16
  • ItemOpen Access
    ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ИНФОГРАФИКА ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
    (Faculty of Education & Humanities, 2024) Абдрахманов М.
    Мақалада қазақ тілі сабағында оқу материалдарын инфографиканың көмегімен визуалдаудың тиімді тұстары, жолдары қарастырылады. Инфографика – оқушыларға күрделі ұғымдарды түсінуге оңай, көрнекі түрде көрсетуді қамтамасыз ететін құрал. Білім алушыларға ақпаратты жақсырақ түсінуге, есте сақтауға, олардың проблемаларды шешу дағдыларын жақсартуға және шығармашылық қабілеттерін арттыруға визуализацияның көмектесетіні белгілі. Мақалада инфографиканың оқушылардың белсенділігіне, білімді меңгеруіне және есте сақтауына әсері қарастырылады.
  • ItemOpen Access
    Қазақ тіліндегі негіздес сөздердің қалыптасу ерекшеліктері
    (Suleyman Demirel University, 2010) Бәтимә Бидоллақызы
    Бұл мақала қазақ тіліндегі негіздес сөздердің қалыптасу ерекшеліктерін зерттейді. Бір тілдің сөз қорының молаюы екі жолмен жүреді: біріншісі, бастапқы түбір сыртқы қосымшалар мен біріктіру арқылы жаңа сөзге айналады; екіншісі, түбірдің ішкі бөлігіндегі дыбыстық немесе мағыналық өзгерістер арқылы жаңа сөз пайда болады. Қазақ тілінде негіздес сөздер көбінесе бастапқы түбірдің ішкі өзгерісінен немесе мағыналық ыдыраудан туындайды. Мысалы, “ад-” түбірінен “адыра”, “адым”, “адас” сөздері пайда болады. Фонетикалық факторлар мен семантикалық өзгерістер негіздес сөздердің қалыптасуына әсер етеді. Сонымен қатар, тілдің типологиялық ерекшелігі сөздің дамуы мен лексикалық байлығының заңдылықтарын анықтайды. Мақалада қазақ тіліндегі фонетикалық сәйкестіктер мен сөздердің этимологиялық байланысы қарастырылып, сөздердің тарихи дамуы мен түбірлестігі көрсетілген.
  • ItemOpen Access
    Қазақ тілінің сөзжасамы
    (Suleyman Demirel University, 2016) Мұхамади Құралай Төлегенқызы
    Оқу құралында қазақ тілінің сөзжасам саласына қатысты оқу үдерісіне лайықталған теориялық және практикалық мәселелер толық қамтылды. Сөзжасамның негізгі теориялық мәселелері лингвистиканың әлемдік деңгейдегі тәжірибесі мен қазақ ғалымдарының пікір-көзқарастарымен тоғыстырыла берілді. Оқу құралы қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы жаңа ғылыми бағыттардың негізінде инновациялық оқыту технологиясына сәйкес жазылады. Еңбек ғылыми қызметкерлер мен ізденушілерге, филология факультеттерінің докторанттары мен магистранттарына, студенттерге және жоғары оқу орындарының оқытушыларына арналған.
  • ItemOpen Access
    «YOUTUBE» ЖЕЛІСІ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУДАҒЫ РӨЛІ
    (СДУ хабаршысы - 2021, 2021) П.Б. Әжиева
    Аңдатпа. Бұл мақалада ғаламтор желілері, оны ішінде «youtube» желісінің сабақ процесінде көмекші құрал бола алуымен қатар қолжетімділігі жағынан артықшылығы жайлы сөз етіледі. Білім беруде кез келген тақырып бойынша дәл осы желіден түрлі материалдар тауып алуға болатыны бәрімізге мәлім, ал youtube-тің екінші қыры, яғни әр адам бәріне пайдалы бола алатындай материалдар жинақталған жеке канал ашу жағын оқытуда қаншалықты ұтымды пайдаланып жүрміз? Әсіресе қашықтықтан оқыту форматына өткелі бері білімгерлерге меңгерілу керек материалдарды барынша қолжетімді ету жағынан қандай әдіс-тәсілдерді қолданудамыз? Оқытудың онлайн форматында ғаламтордың артықшылығын айтпасақ та белгілі, бұдан бөлек әртүрлі желілерді оқу процесінде ұтымды пайдалана алуымыз да маңызды. Осы тұста мақалада видеосабақтар жайлы және сол видеосабақтардың барынша қолжетімді болуындағы «youtubey желісінің үлесі жайлы айтылмақ.
  • ItemOpen Access
    Орта мектепте қазақ әдебиетін жаратылыстану пәндерімен интеграциялай оқыту әдістемесі
    (SDU University, 2025) Куатова И.
    Зерттеу жұмысының бірінші бөлімінде әдебиетті жаратылыстану ғылымдарымен интеграциялау үдерісі қазіргі білім беру парадигмасы аясында теориялық тұрғыда негізделген. Бұл тарауда пәнаралық тәсілдің өзектілігі, оның оқушылардың тұтас дүниетанымын қалыптастыру мен әмбебап оқу дағдыларын дамытудағы тиімді құралы ретіндегі маңызы басты назарда қарастырылған. Қазақстанның білім беру жүйесінде интеграциялай оқытуға байланысты жүргізілген ғылыми зерттеулерге шолу жасалып, оның тұжырымдамалық негіздері, педагогикалық - әдіснамалық алғышарттары мен мектеп тәжірибесіне енгізілу деңгейі талданған. Сонымен қатар, гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдарының өзара кірігуінің тарихи қалыптасу динамикасы — кеңестік кезеңнен бастап қазіргі білім беру реформаларына дейінгі аралықта қарастырылған. Жалпы білім беретін мектептерде интеграцияланған сабақтарды жүзеге асыру тәжірибесі де сараланып, мұғалімдердің іс жүзінде кездесетін негізгі қиындықтары мен қайшылықтары айқындалған. Зерттеу жұмысының екінші бөлімі қазіргі орта мектеп жағдайында қазақ әдебиетін жаратылыстану пәндерімен интеграциялау үдерісінің практикалық қырларын ашуға бағытталған. Әдеби мазмұнды математика, биология, география және информатика сияқты пәндермен табиғи түрде ұштастыруға мүмкіндік беретін әдістемелік тәсілдерге ерекше назар аударылған. Оқу материалының тақырыптық, ұғымдық және контекстуалдық бірлігіне негізделген пәнаралық сабақтарды жоспарлау мен өткізудің тиімді жолдары ұсынылған. Маңызды аспектілердің бірі — поэзиялық шығармаларды пәнаралық ойлау қабілетін дамыту құралы ретінде қарастыру. Өлең мәтіндерін талдау жаратылыстану пәндеріндегі ұғымдар мен құбылыстармен байланыстырылып, оқушылардың ғылыми түсініктерді көркем әрі эмоционалды мазмұнмен ұштастыра отырып меңгеруіне жол ашады. Бұл тәсіл оқушылардың өлең құрылымын түсінуін ғана емес, сонымен қатар ғылым тіліне жақындауын да қамтамасыз етеді. Сканировано с CamScanner онымен қатар бұл бөлімде интеграциялай оқыту әдістемесінің оқушыларардың ғылыми және сыни тұрғыдан ойлауын дамытудағы рөлі қарастырылған. Зерттеу жұмысының қорытынды бөлімінде қазақ әдебиеті мен жаратылыстану пәндерін кіріктіре оқытудың теориялық және практикалық негіздері жан-жақты сараланып, бұл тәсілдің оқушылардың білім сапасын арттырудағы тиімділігі мен мәні нақты көрсетілген. Бірінші тарауда интеграциялай оқыту әдістемесінің теориялық алғышарттары негізделіп, көркемдік пен ғылымның табиғи үйлесімі көрсетілсе, екінші тарауда нақты әдістер мен тәсілдер ұсынылып, поэзия арқылы ғылыми ұғымдарды меңгерту, логикалық және шығармашылық ойлауды дамыту жолдары ұсынылған. Зерттеу нәтижесінде интеграциялай оқыту – білімді терең әрі жан-жақты меңгертудің тиімді жолы ретінде танылып, функционалдық сауаттылық пен ғылыми дүниетанымды қалыптастыруда маңызды құрал бола алатыны дәлелденді
  • ItemOpen Access
    ПОДКАСТ – ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ҚҰРАЛЫ
    (СДУ хабаршысы - 2023, 2023) А.Т. Әбілда
    Аңдатпа. Білім беру үдерісіне қандай технологияларды енгізе аламыз? Біздің басты мақсатымыз - білім берудегі инновациялық технологиялар негізінде қазақ тілі сабақтарында подкаст технологиясын дидактикалық құрал ретінде пайдалану. Білім беруде жаңа технологияларды пайдалану өте маңызды. Соның ішінде подкаст қызметін қолдану тіл үйренуде тиімді құралдардың бірі. Сондықтан бұл қызмет оқыту технологиясы ретінде жеке қарастыруды қажет етеді. Подкаст – ұзынды-қысқалы серияларға біріктірілген, жүктеп алуға және онлайн тыңдауға болатын аудио жазбалар. Бұл мақалада подкаст технологиясының тәжірибеге ену мәселесі талқыланып, оны қазақ тілі сабақтарында тиімді пайдалану және құрастыру жолдары қарастырылады. Білім саласындағы инновациялық технологиялар дегеніміз - тек техникалық құралдар ғана емес, сонымен бірге жаңаша әдістеме, білім берудің жаңа амалы.
  • ItemOpen Access
    Қазақ тілі стилистикасының өзекті мәселелері
    (Suleyman Demirel University, 2008) Шалабай Б.
    Мақалада қазіргі қазақ тілінің стилистикасына қатысты өзекті мәселелер талданады. Автор стилистиканың зерттеу нысаны мен пәнін нақтылап, тіл мен сөздің өзара байланысын ерекше қырынан қарастырады. Стилистика тілдік құралдарды қарым-қатынас мақсаты мен жағдаятына сәйкес қолдану заңдылықтарын зерттейді және сол арқылы сөздің сапасын, әсерлілігін, функционалдық маңызын айқындайды. Зерттеуде стилистиканың негізгі салалары — тілдік құралдар стилистикасы, функционалды, көркем әдебиет және практикалық стилистика – жүйелі түрде сипатталады. Сонымен қатар, сөз (мәтін) стилистикасының қазіргі тіл біліміндегі маңызы мен мәтін лингвистикасымен байланысы көрсетіледі. Автор тілдің жүйелілік және қолданыстық қырларының бірлігін атап өтіп, стилистикалық зерттеудің басты мақсаты — тілдің коммуникативтік және шығармашылық мүмкіндіктерін ашу екенін дәлелдейді.
  • ItemOpen Access
    Қазақ әліпбиін латын әліпбиіне ауыстыру
    (Suleyman Demirel University, 2007) Тлепбергенова Ж; Султанова Н
    Мақалада қазақ тілінің қазіргі жағдайы мен оны дамытудың негізгі бағыттары қарастырылады. Автор қазақ тілінің болашағы ұлттың рухани тәуелсіздігімен тығыз байланысты екенін атап өтеді. Тарихи тұрғыдан алғанда, тілдің отарлық кезеңдерде шектеуге ұшырауы мен қазіргі кезеңдегі қайта жаңғыру үдерісі салыстырылады. Тілдің дамуына кедергі келтіретін басты себептердің бірі ретінде әліпби мен жазу ережелеріндегі күрделілік, сондай-ақ қазақ тіліне тән емес дыбыстардың қолданылуы талданады. Мақалада ұлттық әліпбиді жетілдіру, тілдің табиғи заңдылықтарын сақтау және түркі халықтарының жазу жүйелерін бірыңғайландыру мәселелері қарастырылады. Сонымен қатар, ақпараттық технологиялар мен жаһандану жағдайында қазақ тілінің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың маңызы айқындалады. Автордың пікірінше, қазақ тілін дамытудағы басты қадам — әліпбиді және жазу ережелерін ұлттық ерекшелікке сай оңтайландыру болып табылады.
  • ItemOpen Access
    Қазақ тіліндегі қатаң дауыссыз дыбыстардың артикуляциясын оқытудың көрнекі әдістемесі
    (Suleyman Demirel University, 2008) Жүнісбек Арман
    Мақалада қазақ тіліндегі қатаң дауыссыз дыбыстардың артикуляциялық ерекшеліктерін оқыту әдістемесі қарастырылады. Қатаң дауыссыздар П, Т, С, Ш, К және Қ дыбыстарынан тұрады және олардың жасалу орны (ерін, тіл ұшы, тіл ортасы, тілшік) мен жасалу амалы (тоғысыңқы, жуысыңқы) арқылы жіктелуі көрсетілген. Автор әр дыбыстың көрнекі моделі мен рентгенсызба тәсілі арқылы артикуляциясын нақты көрсетуге мән береді. Мақалада қазақ тіліндегі қатаң дауыссыздардың ағылшын, орыс тілдерінен айырмашылығы, оқытудағы практикалық қиындықтар, дыбыстардың дұрыс айтылуын үйретудегі әдістемелік ұсыныстар талданады. Сонымен қатар, жуысыңқы дыбыстардың екі түрі – жинақы (С) және жайылыңқы (Ш) ерекшеліктеріне назар аударылған.
  • ItemOpen Access
    Шақтық және темпоральдық категориялар
    (Suleyman Demirel University, 2009) Абдуова Баян
    Бұл мақалада қазақ тіліндегі етістіктің шақ және темпоральдық категориялары қарастырылады. Шақ категориясы сөйлеу сәтімен байланысты қимылдың өткенін, қазіргі немесе келер уақытта болуын көрсетеді. Темпоральдық категория қимылдың белгілі уақыт шеңберінде қалай өтіп жатқанын сипаттайды: басталуы, ортаңғы кезеңі, аяқталуы, ұзақтығы немесе үзілістігі сияқты аспектілерін айқындайды. Шақ пен темпоральдылық арасындағы байланыс әдеби тілде, көркем шығармаларда ерекше көрінеді, бұл әрекеттің уақыттық сипатын нақтылап, оның әр кезеңіндегі көрінісін анықтауға мүмкіндік береді. Етістіктің шақтық формалары мен темпоральдық категориясы қазақ тілінде қимылдың нақты уақыттағы өтуін бейнелеуде маңызды рөл атқарады.