Search Results

Now showing 1 - 2 of 2
  • ItemOpen Access
    БОЛАШАҚ МУЗЫКА МҰҒАЛІМІН КӘСІБИ ДАЯРЛАУ ҮРДІСІНДЕГІ ЭСТРАДАЛЫҚ ВОКАЛДЫ ОҚЫТУ
    (СДУ хабаршысы - 2019, 2019) М.Ә. Смағұлов
    Аңдатпа. Бұл мақалада жоғары музыкалық-педагогикалық оқу орындарындағы көркемдік-эстетикалық құндылықтардың өзгеруіне байланысты болашақ музыка мұғалімінің кәсіби дайындық үдерісінде эстрадалық вокалға оқытудың маңыздылығы қарастырылған. Эстрадалық вокал- болашақ мамандарды даярлау және тәрбиелеу процесін ұйымдастыруға педагогикалық білім берудің барлық жаңа көкжиектерін ашуға ықпал етеді. Оның себебі қазіргі уақытта эстрадалық музыкалық мәдениет қазіргі заманғы музыкалық өнердің атрибутикасы болып табылып, қазіргі жастардың сұраныстары мен көркемдік-эстетикалық қажеттіліктеріне ие болуында.
  • ItemOpen Access
    БОЛАШАҚ МУЗЫКА МҰҒАЛІМІН ДАЙЫНДАУДАҒЫ БАЛАЛАР ДАУЫСЫМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
    (СДУ хабаршысы - 2019, 2019) А.А. Юсупова; Н.Т. Кулданов
    Аңдатпа. Қазақстан Республикасының білім беру саясаты адамның зияткерлік, көркем, рухани-адамгершілік тәрбиесінің бірлігін жүзеге асыруға бағытталған. Сұлулық сезімін дамыту, өнер туындыларын түсінуге және бағалауға үйрету қазіргі адамның білім алуына қажет. Жасөспірімдер қарқынды шығармашылық дамуы мен ерте музыкалық білім беруі үшін ең қолайлы болып табылады. Есту, музыкалық есте сақтау, дауысты үйлестіру - бұл толыққанды шығармашылық тұлғаның жалпы дамуына ықпал етеді. Сондықтан, мектеп жасындағы балалардың ән салу дағдыларын белгілі әдістер арқылы дамыту маңызды және мектептің алғашқы күндерінен бастап аса үлкен жауапкершілікті талап етеді. Бұл мақалада мектеп жасындағы оқушылардың ән айту дағдыларын қалыптастырудың теориялық негіздері талқыланып, онда баланың өміріндегі музыка мен әнге тәрбиелік маңызы бар мәселелер зерттеледі, балалардың ән айтудағы дағдылары мен жас ерекшеліктері мен белсенді даму мәселелері қарастырылғын.