2 results
Search Results
Now showing 1 - 2 of 2
Item Open Access Шешен сөзінің дайындық кезеңдері мен құрылымы(Suleyman Demirel University, 2007) Б. ШалабайМақалада шешен сөзінің табиғаты, дайындық кезеңдері мен құрылымдық ерекшеліктері жан-жақты қарастырылады. Автор шешеннің сөзі монологиялық формада болғанымен, тыңдарманмен белсенді диалогтық қатынаста жүзеге асатынын атап өтеді. Сөйлеуге дайындықтың негізгі сатылары — тақырыпты таңдау, мақсат пен аудиторияны анықтау, деректер жинау, жоспар құру және сөйлеу тәсілдерін жетілдіру ретінде сипатталады. Сондай-ақ сөздің құрылымдық жүйесі — кіріспе, негізгі бөлім және қорытынды — шешеннің ойын бірізді, логикалық және әсерлі жеткізудің негізгі шарты ретінде түсіндіріледі. Мақалада шешеннің тілдік, логикалық және эмоционалдық шеберлігін дамыту жолдары мен аудиториямен тиімді байланыс орнату тәсілдері нақты мысалдармен талданады.Item Open Access ШЕШЕНДІК ӨНЕРДІҢ БОЛАШАҚ ТІЛШІ ТҰЛҒАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНА ТИГІЗЕР ӘСЕРІ(СДУ хабаршысы - 2019, 2019) Ж.М. ДуйсебековаАңдатпа. Тілшілердің қолына «сөз» атты ұлы құрал берілгендіктен, оларды төртінші билікке теңестіреміз. Тілшілер – белгілі бір қоғамның ойын, өзіндік ұстанымын қалыптастыруға қауқары жететін мамандық иегерлері. Сондықтан да олардың сөйленген әрбір сөзі, жасаған әрбір сөзі жіті қадағаланып отыруы тиіс. Әсіресе, тілшілер айтатын ойын дұрыс әрі сауатты жеткізе білуге машықтануы керек. Ол үшін болашақ тілшілерді дайындап отырған әрбір жоғары оқу орны өзінің алдына білікті маман даярлап шығару міндетін қойғаны абзал. Мақалада болашақ тілшілердің шешендік қабілетін дамытуға бағыттала отырып жүргізілген жаттығулардың нәтижелері берілген. Тәжірибе нәтижесі Сулейман Демирель Университетінің «Журналистика» мамандығының 2-курс студенттерінің негізінде алынды. Жүргізілген жаттығу жұмысы болашақ тілші тұлғасының қалыптасуына оң ықпалын тигізетіні анықталды.