Search Results

Now showing 1 - 2 of 2
  • ItemOpen Access
    ХАЛЫҚ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ ҮЛГІЛЕРІН ОҚЫТУДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ТАПСЫРМА ТҮРЛЕРІ (ОРТА СЫНЫПТАР НЕГІЗІНДЕ)
    (СДУ хабаршысы - 2018, 2018) Э. Мансурова
    Аңдатпа. Қазіргі таңда оқушылардың шығарманы жатқа немесе мазмұнын айтуы – білу, түсіну деңгейінде ғана. Бұл екеуі ойлау деңгейінің ең төменгі сатылары. Мұғалім баланы қолдану, талдау, жинақтау, бағалау деңгейіне жеткізуі тиіс. Осыған орай көркем шығарма қалай талдану керек деген мәселе өзекті болып отыр. Яғни, көркем шығармаларды талдау барысында тиімді әдістерді қолдану өте маңызды. Ауыз әдебиетінің үлгілерін оқыту барысында шығарманың тақырыптықидеялық ерекшеліктерін түрлі тапсырмалар арқылы талдау оқушылардың тақырыпты меңгеруде тиімді болмақ. Мақалада қазақ әдебиеті сабағында ауыз әдебиеті үлгілерінің, оның ішінде: ертегі, жыр, аңыздың тақырыптық-идеялық ерекшеліктерді талдау барысында қолданылатын тапсырмалар түрлерін қарастыру. Тапсырмалардың артықшылықтары мен кемшіліктерін саралап, қай тапсырманы қолдану тиімді болатынына көз жеткізу. Орта сынып оқушылардың әдебиет сабағында қызығушылықтарын арттыру мақсатында, берілетін тапсырмалар түрін ойын ретінде өткізіп, шығарманың тақырыбы мен идеясын меңгерту.
  • ItemOpen Access
    БАСПАССӨЗ БЕТІНДЕГІ БҮГІНГІ АЙТЫСТЫҢ ЖАЗЫЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
    (Suleyman Demirel University, 2012) Бейсенхан A
    Айтыстың ескі түрі деп есептелетін ертедегі бәдік айтыстың, негізінде адам баласының табиғатқа әсер ету мақсаты жатса, басқа айтыстардың ішінде қайсысы ерте, қайсысы кеш туды деп нақты айту қиын. Дегенмен кейбір айтыстардың мазмұнына, лексикасына, сөйлем құрлыстарына қарап, қай заманда пайда болғанын топшалауға болады. Мысалы жануарлар айтысына, өлі мен тірінің айтысына қарағанда, жұмбақ айтысының анағұрлым кеш туғандығы анық. Салт айтысының ескі түрі қыз бен жігіт айтысында негізгі тақырып – жастық көңіл күйі мен өнер сынасу болса, ақындар айтысында өнер салыстыру, сөз сынасудың үстіне әр ақын өз руын дәріптей жырлаушылық келіп қосылғанын көреміз. Сондытқан, бұл айтыс XIX ғасырда етегін кеңірек жайган деген түйінге тоқталамыз. Жалпы айтыстың арғы бергі тарихына қысқаша көз жүгіртсек, қай заман болса да өзінің демократиялық табиғатынан айнымай, халықтың тілі мен көзі болып, үнемі бой көрсетіп келеді.