Search Results

Now showing 1 - 3 of 3
  • ItemOpen Access
    Ұ. Есдәулетов лирикасындағы қазақы дүниетаным
    (Suleyman Demirel University, 2011) Жанайхан Болат
    Мақалада Ұлықбек Есдәулетовтің лирикалық шығармашылығында ұлттық болмыс, қазақи дүниетаным және табиғат көріністерін бейнелеу тәсілдері қарастырылады. Ақынның өлеңдеріндегі табиғат пен адам өмірінің үйлесімі, ұлттық өрнектер, салт-дәстүр, тұрмыс ерекшеліктері, философиялық ойлар және ұлттық мінездің көріністері зерттеледі. Өлеңдердегі кейіптеу, теңеу, образдық сипат және поэтикалық көркемдік құралдар арқылы қазақ тілінің бейнелік мүмкіндіктері ашылады. Мақалада ақынның Абай дәстүрін жалғастыруы, ұлттық сезім мен поэтикалық шеберліктің үйлесімі мысалдар арқылы талданады.
  • ItemOpen Access
    АБАЙДЫҢ РУХАНИ МҰРАСЫ: ӨЛЕҢДЕРІ МЕН ҚАРАСӨЗДЕРІ
    (Global Trends and Values in Education, 2020) Касимова А.Д.
    Түйіндеме. Абайдың рухани мұрасы: өлеңдері мен қарасөздері жайлы зерделеген өз ойларым мен зерттеушілік-ізденімдік тұжырымдарым талқыға салынды. Ақын қара сөздерінің адамгершілік, еңбек, білім алу, т.б. толғамды түйіндері мен философиялық көзқарастарына талдаулар жасалды. Қазақ елінің өміріндегі кемшіл тұстарды айқындай көрсетіп, адам бойындағы жаман қасиеттерді жіпке тізіп, осыдан жиреніңдер деп өсиет еткен бабамыздың еркін ойлары мен өлеңдерінің зерттеулерде көп айтыла бермейтін аспектілерін талдауға қадамдар жасалды. Зерттеуші ғалымдардың Абай шығармалары туралы пікірлері салыстырыла зерделеніп, сілтемеге алына отырып, өзіндік пікірлермен синтезделіп отырды. Жас зерттеуші ретінде жұмысымызда ақынның талданған әрбір өлеңінің жаңа қырларын ашуға және өзіндік пайымдаулар тұрғысынан келуге, тұжырымдар бекітуге мол талпыныс жасалды.
  • ItemOpen Access
    АБАЙДЫҢ РУХАНИ МҰРАСЫ: ӨЛЕҢДЕРІ МЕН ҚАРАСӨЗДЕРІ
    (Suleyman Demirel University, 2020) Касимова А.Д.
    Абайдың рухани мұрасы: өлеңдері мен қарасөздері жайлы зерделеген өз ойларым мен зерттеушілік-ізденімдік тұжырымдарым талқыға салынды. Ақын қара сөздерінің адамгершілік, еңбек, білім алу, т.б. толғамды түйіндері мен философиялық көзқарастарына талдаулар жасалды. Қазақ елінің өміріндегі кемшіл тұстарды айқындай көрсетіп, адам бойындағы жаман қасиеттерді жіпке тізіп, осыдан жиреніңдер деп өсиет еткен бабамыздың еркін ойлары мен өлеңдерінің зерттеулерде көп айтыла бермейтін аспектілерін талдауға қадамдар жасалды. Зерттеуші ғалымдардың Абай шығармалары туралы пікірлері салыстырыла зерделеніп, сілтемеге алына отырып, өзіндік пікірлермен синтезделіп отырды. Жас зерттеуші ретінде жұмысымызда ақынның талданған әрбір өлеңінің жаңа қырларын ашуға және өзіндік пайымдаулар тұрғысынан келуге, тұжырымдар бекітуге мол талпыныс жасалды.