2 results
Search Results
Now showing 1 - 2 of 2
Item Open Access Ұлы дала - адамзат өркениетінің бесігі(Suleyman Demirel University, 2007) Совет-Хан ҒаббасовМақалада «адамзат өркениетінің бастауы шығыстан немесе батыстан тарады» деген бұрыннан қалыптасқан көзқарастардың негізсіздігі сынға алынады. Автор еуропацентризм методологиясының адамзат тарихын біржақты түсіндіруге әкелгенін және оның салдарынан Түрік әлемі мен Ұлы Даланың өркениеттік үлесі әдейі ескерусіз қалғанын айқын көрсетеді. Шын мәнінде, археологиялық, антропологиялық және мәдени деректер Тұран кеңістігінің адамзат өркениетінің ең көне және жетекші орталықтарының бірі болғанын дәлелдейді. Аркаим, Шілікті, Берел, Иссык және Аржан ескерткіштері сияқты табылған тарихи мұралар Ұлы Далада металлургия, жазу, әлеуметтік ұйым және рухани мәдениеттің жоғары деңгейде дамығанын көрсетеді. Мақалада еуропацентризмнің ғылыми емес, саяси сипаттағы идеология екені және оны қайта саралаудың қазіргі кезеңде адамзат үшін маңызды екені айтылады.Item Open Access М.Әуезов сомдаған Құнанбай бейнесіндегі ұлттық мінез бен көркемдік шындық(Suleyman Demirel University, 2009) Камалқызы ЖанымгүлБұл мақалада М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы Құнанбай бейнесінің көркемдік, психологиялық және ұлттық мінез тұрғысынан сомдалу ерекшеліктері талданады. Кеңес дәуіріндегі біржақты сын көзқарастары мен кейінгі кезеңдегі тарихи ақтаңдақтарды түзетуге бағытталған зерттеулер салыстырыла қарастырылады. Жазушы қолданған портрет жасау, диалог және психологиялық талдау тәсілдерінің Құнанбай характерін терең әрі күрделі тұлға ретінде танытудағы рөлі ашылады. Сонымен бірге Абайдың көзімен берілген портреттік сипаттаулардың ұлттық дәстүрді, елдік мүддені сақтаушы кемеңгер би бейнесін қалыптастырудағы қызметі көрсетіледі. Құнанбай образын көркем мәтіннің өз заңдылығымен тану қажеттігі негізделіп, бүгінгі кезеңдегі тұлғаны жаңаша пайымдаудың ғылыми-әдістемелік маңызы айқындалады.