Search Results

Now showing 1 - 3 of 3
  • ItemOpen Access
    МӘТІНДІ ПРАГМАТИКАЛЫҚ ТАЛДАУ
    (2021 International Young Scholars' Conference, 2021) Валибаева Н.
    Мақалада мәтінді прагматикалық талдау және оны оқытудың әдіс-тәсілдері қарастырылады. Мәтінді көп өлшемді зерттеу, оны прагматикалық талдау автор мен оқырманның өзара әрекеттесуін ашады. Прагматикалық мәтіндерді қолдана отырып, тілді оқытудың тиімділігі мен оң тәжірибесі әртүрлі зерттеулерде дәлелденген. Ол адресаттың берген ойын жан-жақты талдап, толық қабылдап іске асыруға мүмкіндік береді. Прагматикалық талдау әдісі көркем шығармаларға да, баспасөз мақалаларына да толық қарастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар мектеп қабырғасында мәтінді прагматикалық тұрғыдан талдай алатын оқушы оны құрастыруға да қабілетті болады. Яғни бұл оның шығармашылық қабілетін ашуға мүмкіндік беріп, оны жан-жақты дамытуға да пайдасы мол. Бұл мақалада мәтінді прагматикалық талдаудың маңыздылығын толықтай ашып және оларды оқытуда тиімді әдіс-тәсілдер беріледі. Бұл талдау әдісін мектеп оқушыларына үйрете отырып, олармен мектеп бағдарламасында берілген көркем мәтіндермен жұмыс істеу, оқушылардың өздеріне дайын прагматикалық мәтін құрастыра алуды үйрету – бұл жұмыстың негізгі мақсаты.
  • ItemOpen Access
    МЕКТЕП ГЕОМЕТРИЯ КУРСЫНДАҒЫ САЛУ ЕСЕПТЕРІ
    (2021 International Young Scholars' Conference, 2020) Қайнарбай Н.
    Мақалада салу есептерінің деңгейлері: талдау, зерттеу, салу, дәлелдеу бөлімдері толығымен ашылып, талданады. Салу есептері оқушылардың ойлау қабілетін, математикалық ойлауын қалыптастырып, дамытады. Есеп шығару барысында әрбір кезеңді бөліп, қандай маңызға ие екенін көрсеттік. Салу есептері 7-8 сынып оқушыларына соңғы тоқсанда оқылады. Бірақ оқушыларға түсінікті тиімді, білімін толықтыруға жеңіл әдіс – тәсіл таңдалмауы, геометрия пәніне арналған оқулықтардағы тапсырмалардың аталған тақырыпқа аз берілуі. Мектеп математика мұғалімдерінен жіне 7-8 оқушыларынан салу есептеріне байланысты әңгіме-сауалнама алу алынды. Сауалнама нәтижесінде қорытынды жасалып, мысал-есеп алып әр бөлімді бөліп, есеп шығару барысында маңызын көрсеттік. Сауалнамадан оқушылардың салу есептерінің шығару жолдарының бөліктерін білмейтінін байқасақ болады. Салу есептерін шешудегі мақсат: берілген құралдар арқылы керекті фигураны салу. Мұғалімдердің пікірінше салу есептеріне жеткілікті көңіл бөлінбейді, оқулықта қосымша есептер болу керек, деңгейлері күрделі болған соң, оқу жоспарына қосымша сабақтар қосылу керек және салу есептеріне байланысты үйірме ашылу керек деп есептейтінін көрсек болады.
  • ItemOpen Access
    ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДА БЛУМ ТАКСОНОМИЯСЫН ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
    (2021 International Young Scholars' Conference, 2021) Айтқазина Т.
    Аңдатпа Мақалада мақалада қазақ тілін оқытуда Блум таксономиясын қолданудың тиімділігі талқыланады. Қазақ тілін оқытуда мұғалімнің білім мен дағдылар қалыптастырып, жас буынның ой-өрісін дамытып, функционалды сауатты оқушыларды тәрбиелеп шығаруда және қазақ тілін оқытуда Блум таксономиясын барынша тиімді пайдаланудың әдістік қолданыстары мен ерекшеліктері жан-жақты қарастырылады. Блум таксономиясының білім беру процессіндегі, соның ішінде қазақ тілін оқытудың әдіс-тәсілдері ұсынылады.