Search Results

Now showing 1 - 3 of 3
  • ItemOpen Access
    ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ФУНКЦИОНАЛДЫ СТИЛЬДЕРДІҢ ЗЕРТТЕЛУІ
    (Suleyman Demirel University, 2020) Кубесова М.Е.
    Мақалада функционалды стиль терминіне ғылыми зерттеулер нәтижесінде шыққан анықтамалар, тұжырымдар ұсынылады. Қазақ тіл біліміндегі ғылыми зерттеулердің нысанына айналған функционалды стильдердің зерттелуіне, жіктелуіне, топтастырылуына, қалыптасуына, дамуына ғылыми шолу жасалып, ерекшеліктері көрсетіліп, тұжырымдар жасалынады. Функционалды стильдердің көптеген мәселелері зерттеу нысанына алынып, стильдік ерекшеліктері ескеріледі. Қазан төңкерісіне дейінгі баспасөз тілін, кеңес дәуіріндегі баспасөз тілін, қазіргі кезеңдегі баспасөздің, радио-теледидар тілін, қазақ ауызекі сөйлеу тілін, ресми тілін, ғылыми тілін, көркем әдебиет тілін жан-жақты зерттеп, түрлі аспектіден қараған ғалымдар тобы жүйеленіп ұсынылады.
  • ItemOpen Access
    Қазақ тілі стилистикасының өзекті мәселелері
    (Suleyman Demirel University, 2008) Шалабай Б.
    Мақалада қазіргі қазақ тілінің стилистикасына қатысты өзекті мәселелер талданады. Автор стилистиканың зерттеу нысаны мен пәнін нақтылап, тіл мен сөздің өзара байланысын ерекше қырынан қарастырады. Стилистика тілдік құралдарды қарым-қатынас мақсаты мен жағдаятына сәйкес қолдану заңдылықтарын зерттейді және сол арқылы сөздің сапасын, әсерлілігін, функционалдық маңызын айқындайды. Зерттеуде стилистиканың негізгі салалары — тілдік құралдар стилистикасы, функционалды, көркем әдебиет және практикалық стилистика – жүйелі түрде сипатталады. Сонымен қатар, сөз (мәтін) стилистикасының қазіргі тіл біліміндегі маңызы мен мәтін лингвистикасымен байланысы көрсетіледі. Автор тілдің жүйелілік және қолданыстық қырларының бірлігін атап өтіп, стилистикалық зерттеудің басты мақсаты — тілдің коммуникативтік және шығармашылық мүмкіндіктерін ашу екенін дәлелдейді.
  • ItemOpen Access
    ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ФУНКЦИОНАЛДЫ СТИЛЬДЕРДІҢ ЗЕРТТЕЛУІ
    (Global Trends and Values in Education, 2020) Кубесова М.Е.
    Түйіндеме. Мақалада функционалды стиль терминіне ғылыми зерттеулер нәтижесінде шыққан анықтамалар, тұжырымдар ұсынылады. Қазақ тіл біліміндегі ғылыми зерттеулердің нысанына айналған функционалды стильдердің зерттелуіне, жіктелуіне, топтастырылуына, қалыптасуына, дамуына ғылыми шолу жасалып, ерекшеліктері көрсетіліп, тұжырымдар жасалынады. Функционалды стильдердің көптеген мәселелері зерттеу нысанына алынып, стильдік ерекшеліктері ескеріледі. Қазан төңкерісіне дейінгі баспасөз тілін, кеңес дәуіріндегі баспасөз тілін, қазіргі кезеңдегі баспасөздің, радио-теледидар тілін, қазақ ауызекі сөйлеу тілін, ресми тілін, ғылыми тілін, көркем әдебиет тілін жан-жақты зерттеп, түрлі аспектіден қараған ғалымдар тобы жүйеленіп ұсынылады.