Search Results

Now showing 1 - 4 of 4
  • ItemOpen Access
    ОБРЯДОВО-РИТУАЛЬНАЯ КУЛЬТУРА
    (Suleyman Demirel University, 2016) Ахметжанова З.К, Мусатаева М.Ш.
    Ритуальная культура характеризуется: высоким уровнем символизма всех компоненты (объекты, действия, словесные клише, последовательность действий), сложная коммуникация общество с экстраординарными способностями, вера в магическую связь определенных параметров ”компоненты коммуникативных ситуаций" с углубленным изучением культурные ценности. Ритуальная культура отмечает, во-первых, важнейшие ценности национальной культуры (социализацию молодежи формирование, развитие и постоянная поддержка взаимоотношений в обществах различных виды, космоцентризм мировоззрения), а во-вторых, усиливается в особые критические моменты из жизни этноса.
  • ItemOpen Access
    М. РУМИ МЕН Ш. ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ОРТАҚ СИМВОЛДАР
    (Suleyman Demirel University, 2017) А. Абиыр
    Қазақ әдебиеттануында символ мәселесі ХХ ғасырдың бас кезінде зерттеле бастады. Бұл А.Байтұрсынұлының «Әдебиет танытқыш» еңбегінен бастау алып, Қ.Жұмалиев, З.Қабдолов, Е.Ысмайылов, З.Ахметовтың зерттеу еңбектерінде орын алды. Л.Ж.Мұсалының «Символ – бернелеу және оның көркемдік қызметі М.Жұмабай мен Б.Күлей поэзиясы негізінде» атты ғылыми монографиясында символдың шығу тегінен, тарихынан бастап, көркемдік ерекшелігіне дейін зерттелген көлемді еңбегі қазіргі қазақ әдебиеттануында маңызды орын алады. Көркем әдебиеттегі символдың пайда болуы символизм кезеңімен байланысты. "Символизм терминін поэтикалық бағыттың атауы ретінде ең алғаш рет Ж.Мореас өзінің "Кантилены" (1886) деген жинағының алғы сөзінде қолданған және өзі жариялаған "Символизм Манифесінде" негіздеп берді" дейді Л.Ж.Мұсалы. [54, 11]. Б.Майтанов: «Cимволизм әдеби ағым ретінде Еуропада ХІХ ғасырдың аяғы, Ресейде ХХ ғасырдың басында пайда болғаны мәлім.
  • ItemOpen Access
    СOVID-19 ПАНДЕМИЯСЫ КЕЗІНДЕГІ БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ РӨЛІ: «ЕГЕМЕН ҚАЗАҚСТАН» МЕН «АЗАТТЫҚ РАДИОСЫ» МЫСАЛЫНДА
    (SDU University, 2023) Долаева К.; Кәпқызы Е.
    СOVID-19 пандемиясы кезінде бұқараға ақпарат тарату мақсатында масс медиаға сенім ерекше артылды. Пандемия бұқаралық ақпарат құралдарының басты тақырыбына айналып, журналистердің ақпарат берудегі рөлі де еселене түсті. Осы мәселелер мақаланың басты өзегіне айналып отыр. 2020-2021 жылдар аралығында әлемдік БАҚ-та СOVID-19 мәселесін көтерген түрлі жанр мен формадағы материалдар қатары ерекше артқан. Бұл үрдістен Қазақстан да қалыс қалмады. Зерттеу нысаны ретінде «Егемен Қазақстан» мен «Азаттық радиосы» алынып, екі порталдың пандемия тақырыбын берудегі ерекшеліктері анықталып, контент-анализ жасалды. Сонымен қоса, пандемия кезіндегі бұқаралық ақпарат құралдарының осал және ұтымды тұстарына да ғылыми тұжырым жасалды.
  • ItemOpen Access
    Түркі дүниесіне ортақ құндылықтардың қазіргі қазақ поэзиясындағы көрінісі
    (Suleyman Demirel University, 2011) Керімбекова Б.Д.
    Мақалада қазіргі қазақ поэзиясындағы түркі дүниесіне ортақ құндылықтар қарастырылады. Лирикалық және эпикалық жанрдағы шығармалар арқылы қазақ поэзиясының тарихи және мәдени тамырына үңіліп, көктүріктер сарынының әсері зерттелген. ХХ ғасырдың 90-жылдары мен XXI ғасырдың басындағы қазақ ақындарының шығармашылығында ұлттық дәстүрлер мен түркі дүниетанымы көрініс табады. Мақалада Темірхан Медетбек, Жанат Әскербекқызы, Серік Ақсұңқарұлы және басқа ақындардың поэзиясындағы көкбөрі, көктәңір, Ұмай ана сияқты символдардың мағынасы талданады. Зерттеу қазақ поэзиясы мен түркі мәдениетінің сабақтастығын көрсетеді.