Search Results

Now showing 1 - 5 of 5
  • ItemOpen Access
    Шетелдердегі қазақ әдебиеті – ұлттық рухани құндылық қазынасы
    (Suleyman Demirel University, 2007) Темірхан Тебегенов
    Мақалада шетелдерде өмір сүріп жатқан қазақтардың әдеби-фольклорлық мұраларының ұлттық әдебиет тарихындағы орны мен маңызы қарастырылады. Автор Қытай, Моңғолия, Өзбекстан, Қарақалпақстан, Ресей, Ауғанстан, Түркия, Иран елдеріндегі қазақ қауымдарының әдеби мұраларын жинау, зерттеу және жүйелеудің өзектілігін айқындайды. Шетел қазақтарының шығармаларындағы ұлттық болмыс, туған жерге деген сағыныш, имандылық пен елдік идеялары талданып, олардың қазақ әдебиетінің біртұтас құрамдас бөлігі екендігі дәлелденеді. Сонымен қатар Ақыт Үлімжіұлы, Тібән, Халелбек Тоққожаұлы сияқты ақын-жыраулардың шығармашылық мұраларының тақырыптық-идеялық және діни-ағартушылық сипаттары сипатталады. Зерттеу нәтижесінде шетелдердегі қазақ әдебиеті ұлттық рухани тұтастықтың маңызды бөлігі ретінде қарастырылып, оны жүйелі түрде зерттеу қазақ әдебиеттануының өзекті бағыттарының бірі екендігі атап өтіледі.
  • ItemOpen Access
    МҰХТАР ӘУЕЗОВТЫҢ «АБАЙ ЖОЛЫ» РОМАНЭПОПЕЯСЫНДАҒЫ ЭТНОМЕДИЦИНАЛЫҚ ЛЕКСИКА: ҚЫЗМЕТІ МЕН АУДАРМАДА БЕРІЛУ ТӘСІЛДЕРІ
    (Global Trends and Values in Education, 2020) Боранкулова Б.Е.
    Түйіндеме. Мақаланың мақсаты - романдағы халықтың медицина лексикасының қызметін анықтап, оның ағылшын және орыс тілдеріндегі аудармасының берілу тәсілдеріне салыстырмалы талдау жасау. Тіл білімі маманы Қ. Ғабитханұлы американдық ғалым, лекикограф Уилфред Джон Фанктың «Word Origins and Their Romantic Stories» атты еңбегіне сүйене келіп, оның тіл мен мәдениет байланысы туралы айтқан мына бір үзіндісін келтіреді: «Тілдегі лексика құдды айна тәрізді, ол арқылы бір ұлттың өткен өмірімен танысуға болады». Сол сияқты халық медицина лексикасы ұлттың тарихымен, оның материалдық мәдениетінің дамуымен тікелей байланысты. Жұмыс барысында Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясындағы халықтық медицинаға қатысты лексика жинақталып, анықталған медицинаға қатысты сөздер мен сөз тіркестеріне тарихи-этимологиялық және лексико-семантикалық талдау жасалды. Сонымен қатар, романдағы этномедициналық лексиканың қызметі қарастылырып, олардың ағылшын және орыс тілдеріндегі аударма нұсқаларын аудармашылық паралельдік салыстыру арқылы қолданылған аударылу тәсілдері мен аударма сәйкестіктері зерделенді. Зерттеу нәтижесінде автор романында медициналық лексика халықтың дінинанымдары мен әдеп-ғұрыптары байланысты емдеу түрлеріне (жел үшық, үшкіру, дем алу, қасида оқу), адамның белгілі бір сәттегі психологиялық күйі-қалпын дәл беру үшін метафораланған медициналық лексиканың қолданғаны анықталды. Романдағы халықтық медициналық лексиканы ағылшын және орыс тіліне аудару кезінде транслитерация, сипаттамалы аударма арқылы берілген.
  • ItemOpen Access
    Қазіргі прозаның мазмұндық жүйесі
    (Suleyman Demirel University, 2011) Орақов Қ
    Бұл мақалада қазіргі қазақ прозасының мазмұндық жүйесі, оның даму динамикасы мен тақырыптық ерекшеліктері қарастырылады. ХХ ғасырдың қазақ әдебиетінде қалыптасқан дәстүр жалғасын тауып, тәуелсіздік кезеңінен кейінгі жаңа қоғам шындығын бейнелеуде өзіндік сипат алды. Автор қазіргі проза жанрындағы жетістіктер мен проблемаларды, оқырман мен жазушы арасындағы байланысты талдай отырып, жас буын қаламгерлер — Роза Мұқанова, Мадина Омарова, Лира Қоныс шығармашылығына тоқталады. Мақалада олардың әңгімелеріндегі басты тақырыптар — ұлттық сана, рухани құндылықтар, адам мен қоғам қатынасы, жалғыздық пен адамгершілік мәселелері сарапталады. Зерттеу қазіргі қазақ прозасының мазмұндық және идеялық бағыттарын айқындауға бағытталған.
  • ItemOpen Access
    МҰХТАР ӘУЕЗОВТЫҢ «АБАЙ ЖОЛЫ» РОМАН ЭПОПЕЯСЫНДАҒЫ ЭТНОМЕДИЦИНАЛЫҚ ЛЕКСИКА: ҚЫЗМЕТІ МЕН АУДАРМАДА БЕРІЛУ ТӘСІЛДЕРІ
    (Suleyman Demirel University, 2020) Боранкулова Б.Е.
    Мақаланың мақсаты - романдағы халықтың медицина лексикасының қызметін анықтап, оның ағылшын және орыс тілдеріндегі аудармасының берілу тәсілдеріне салыстырмалы талдау жасау. Тіл білімі маманы Қ. Ғабитханұлы американдық ғалым, лекикограф Уилфред Джон Фанктың «Word Origins and Their Romantic Stories» атты еңбегіне сүйене келіп, оның тіл мен мәдениет байланысы туралы айтқан мына бір үзіндісін келтіреді: «Тілдегі лексика құдды айна тәрізді, ол арқылы бір ұлттың өткен өмірімен танысуға болады». Сол сияқты халық медицина лексикасы ұлттың тарихымен, оның материалдық мәдениетінің дамуымен тікелей байланысты. Жұмыс барысында Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясындағы халықтық медицинаға қатысты лексика жинақталып, анықталған медицинаға қатысты сөздер мен сөз тіркестеріне тарихи-этимологиялық және лексико-семантикалық талдау жасалды. Сонымен қатар, романдағы этномедициналық лексиканың қызметі қарастылырып, олардың ағылшын және орыс тілдеріндегі аударма нұсқаларын аудармашылық паралельдік салыстыру арқылы қолданылған аударылу тәсілдері мен аударма сәйкестіктері зерделенді. Зерттеу нәтижесінде автор романында медициналық лексика халықтың діни нанымдары мен әдеп-ғұрыптары байланысты емдеу түрлеріне (жел үшық, үшкіру, дем алу, қасида оқу), адамның белгілі бір сәттегі психологиялық күйі-қалпын дәл беру үшін метафораланған медициналық лексиканың қолданғаны анықталды. Романдағы халықтық медициналық лексиканы ағылшын және орыс тіліне аудару кезінде транслитерация, сипаттамалы аударма арқылы берілген.
  • ItemOpen Access
    ХХ ғасырдың екінші жартысындағы прозадағы көркемдік ізденістер
    (Suleyman Demirel University, 2012) М. Р. Көпбаева
    Мақалада ХХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ және басқа ұлт өкілдерінің прозасындағы көркемдік ізденістер қарастырылады. Автор замандастардың шығармаларында адамгершілік, әділдік, ұлттық дәстүрлерді сақтау және қоғамдағы рухани құндылықтарды көрсету жолындағы әдеби талпыныстарды талдайды. Әсіресе ауыл өмірі тақырыбындағы прозалық туындыларда кездесетін тоғышарлық, өзімшілдік, кедейлік сияқты әлеуметтік мәселелер, кейіпкерлердің психологиясы мен адамгершілік сапалары зерттеледі. Мақалада қазақ әдебиеті мен орыс әдебиетінің арасындағы типологиялық ұқсастықтар, кейіпкердің халықпен байланысы, әжелер мен қарттар образдары арқылы көркемдік әсердің күшеюі туралы айтылған. Ш. Мұртазаның әңгімелері мен повестеріндегі философиялық ойлар мен стильдік ерекшеліктер ерекше талданады.