2 results
Search Results
Now showing 1 - 2 of 2
Item Open Access «Теория словесности» А. Байтурсынова в контексте литературоведения начала ХХ века(Suleyman Demirel University, 2013) Улан ЕркинбаевСовременное казахское литературоведение развивается в русле последних достижений мирового литературоведения, что было заложено в теоретических постулатах «Теории словесности» А. Байтурсынова. За исключением ряда общих наблюдений (Исмакова, 1998, 2001; Нургалиев, 2001), данный труд во всей значимости его теоретической концепции еще не был предметом отдельного академического исследования. Цель нашего исследования заключалась в изучении идей и концепций книги А. Байтурсынова в контексте развития литературно-теоретических идей 20-х, начала 30-х годов прошлого века. Анализ «Теории словесности» проводится согласно содержанию самой книги, в том порядке систематизации и классификации теории словесности, который представлен самим автором.Item Open Access Қаңтар оқиғасының халықаралық медиадағы репрезентациясы: The New York Times пен Financial Times материалдарының фреймдік талдауы(SDU University, 2026) Өскен Д.Бұл мақала 2022 жылғы Қазақстандағы Қаңтар оқиғасының халықаралық бұқаралық ақпарат құралдарында қалай репрезентацияланғанын фреймдік талдау негізінде салыстырмалы түрде зерттеуге арналған. Зерттеудің негізгі мақсаты – Қаңтар оқиғасының The New York Times және Financial Times басылымдарында қандай интерпретациялық фреймдер арқылы ұсынылғанын анықтау және екі медианың репрезентациялық ерекшеліктерін салыстыру. Аталған басылымдар АҚШ пен Ұлыбританияның жетекші халықаралық медиалары ретінде таңдалып, олардың редакциялық және институционалдық айырмашылықтары зерттеу үшін маңызды контекст ұсынады. Зерттеу әдіснамасы сапалық контент-талдау мен фреймдік талдауға негізделеді. Әр басылымнан бес мақаладан іріктеліп, мәтіндер MAXQDA бағдарламасының көмегімен кодталды. Талдау барысында қауіпсіздік пен зорлықзомбылық, элиталар арасындағы билік үшін күрес, хаос пен тәртіпсіздік, әлеуметтік-экономикалық наразылықтар, мемлекеттік легитимділік және наразылықтың заңдылығы сияқты негізгі фреймдер анықталды. Бір мәтіндік фрагменттің бірнеше фреймді қатар қамту мүмкіндігі ескерілді және бұл медиадағы күрделі репрезентациялық құрылымды көрсетуге мүмкіндік берді. Зерттеу нәтижелері The New York Times басылымында қауіпсіздік пен зорлық-зомбылық, хаос және тұрақсыздық фреймдерінің басым екенін, ал Financial Times материалдарында элиталық билік қатынастары, мемлекеттік басқару және институционалдық тұрақтылық фреймдеріне көбірек мән берілгенін көрсетті. Сонымен қатар, екі басылымда да әлеуметтік-экономикалық себептер мен наразылықтың легитимділігі шектеулі деңгейде репрезентацияланғаны анықталды. Мақала нәтижелері халықаралық медиада Қаңтар оқиғасының біртекті емес, әртүрлі интерпретациялық логика арқылы ұсынылғанын көрсетіп, фреймдік талдау әдісінің саяси оқиғаларды зерттеудегі тиімділігін айқындайды.