2 results
Search Results
Now showing 1 - 2 of 2
Item Open Access БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫ ТӨРТБҰРЫШТАРҒА (ТРАПЕЦИЯДАН БАСҚА) БАЙЛАНЫСТЫ КҮРДЕЛІ ЕСЕПТЕРДІ ШЕШУГЕ ҮЙРЕТУ ӘДІСТЕМЕСІ(СДУ хабаршысы - 2022, 2022) Dzh.T. Kayinbaev; N.B. UalikhanАңдатпа. Жалпы табиғатта болсын, күнделікті өмірде болсын, ғылым мен техникада болсын үшбұрыштарға қарағанда төртбұрыштар немесе үшбұрыш пішіндес нәрселерге қарағанда төртбұрыш пішіндес нәрселер көп кездеседі. Сондықтанда бүгін жалпы білім беретін орта мектеп парталарында, студенттік аудиторияда отырған білім алушылар бұл мәселелер жайлы математикадан функционалды сауатты болу үшін терең білім алулары керек. Ал бұл жағдайлардың іс жүзіне асуына үлкен көмек болатын мәселе - ол аталған материалдардың көзге көрінетін, көрінбейтін қасиеттерін, ерекшеліктерін байқауға, талдауға, меңгеруге итермелейтін күрделі есептерді шешуді үйрену болып табылады. Күрделі есептерді шешу біздің байқауымызша білім алушылардың аталған мәселелер жайлы практикалық біліктілігін ғана емес теориялық біліктілігін де жетілдіруге септігін тигізеді. Сол себепті, ұсынылған мақалада трапециялардан басқа төртбұрыштарға байланысты күрделі есептер мен оларды шешу жолдары талқыланады.Item Open Access ТРАПЕЦИЯҒА БАЙЛАНЫСТЫ КҮРДЕЛІ ЕСЕПТЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ШЕШУ ТӘСІЛДЕРІ(СДУ хабаршысы - 2022, 2022) B.Sydykhov; Dzh.T Kayinbaev; A.S IsmukhambetovaАңдатпа. Мақала, элементар геометрия мазмұнындағы маңызды фигуралардың бірі болып табылатын трапецияға байланысты күрделі ecernep;[i шешу жолдарын талқылауға арналған. Осы жағдайды жүзеге асыру үшін әр түрлі теоремаларды пайдалана отырып бірте бірте есепті шешу тәсілі, геометриялық есептерді шешудегі ұқсастық тәсілі, қосымша сызбалар сызу негізінде есепті шешу тәсілі, геометриялық есептерді алгебралық тәсілмен шешу тәсілі және т.б қолданылады. Сол сияқты, мақалада шеңберге трапецияның іштей және сырттай сызылу мүмкіндігіне байланысты күрделі есептерді шешу жолдары талқыланады. Мақала, математиканы оқыту әдістемесі саласының мамандарына, мұғалімдерге, докторанттар мен магистранттарға арналған.