3 results
Search Results
Now showing 1 - 3 of 3
Item Open Access КИНО МАТЕРИАЛДАРЫ - ОҚУ МАҚСАТТАРЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ БІР ҚҰРАЛЫ(СДУ хабаршысы - 2021, 2021) M.C. Жолшаева; A.H. ЕлемесоваАңдатпа. Мақалада кино материалдарын оқу мақсаттарын жүзеге асырудың бір құралы ретінде қарастырылады. Кино - көрнекі қозғалмалы бейнелер жасауымен қазіргі өмірді және онын барлық эстетикалық маңызын, өзіндік ерекшелігін кеңінен қамтуға қабілетті өнердің түрі. Дұрыс таңдалған кино үзінділері қазақ тілі сабағында грамматикалық тақырыпты меңгертудің құралы ғана емес, оқушыларды жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарға баулуда көрнекі құрал және тиімді әдіс болып табылады. Мақалада грамматикалық тақырыптарды игерту мен құндылықтарға баулуда кино материалдарын қолдану нақты мысалдар арқылы көрсетіледі.Item Open Access Қазақ тілі сабағында оқу мақсаттарын бағытталған тапсырмаларды құрастырудың тиімді жолдары(2022) Айтқазина Т.Б.Диссертация жұмысының тақырыбы: қазақ тілі сабағында оқу мақсаттарына бағытталған тапсырмалар құрастырудың тиімді жолдары Жұмыстың құрылымы: зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан (тараушалардан), қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Диссертациялық жұмыстың көлемі: 82 бет, 8 кесте бар, зерттеу барысында 37 әдебиет қаралды. Кілт сөздер: оқу мақсаттары, тапсырма, жаттығу, ұстаным, талап, әдіс. Диссертация жұмысының бірінші бөлімінде оқыту қазақ тілінде жүргізілетін негізгі орта мектеп деңгейінің 5-9 сыныптарына арналған «Қазақ тілі» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы зерттеліп, талдау жасалды. Осы үлгілік оқу бағдарламасын басшылыққа ала отырып, барлық негізгі орта мектепте жүргізілетін қазақ тілі пәндері өтіледі. Бұл құжатта оқу мақсаттары бөлім бойынша әр сыныпқа, “сөйлеу дағдыларына қарай жүйеленіп берілген. Тапсырмалар негізделіп құрастырылатын оқу мақсаттарына жан-жақты талдау жүргізілді. Оқу мақсаттарына негізделген тапсырма түрлері анықталып, тапсырмаларды құрастыруда ескерілуі тиіс ұстанымдар мен талаптар айқындалды. Атап айтсақ, Құрманова Н. «Қазақ тілін дамыта оқыту технологиясы», Рахметова С. «Қазақ тілін оқыту методикасы», Ерхожина Ш. «Құрмалас сөйлемді шығармашылықпен оқыту» монографиясы, Күзекова 3. «Қазақ тілі. Грамматикалық жаттығулар жинағы» және тағы сол сияқты көптеген педагогикалық, методикалық еңбектер қарастырылды. Диссертация жұмысының екінші бөлімінде оқу мақсаттарына бағытталған, анықталған талаптар мен ұстанымдар ескерілген тапсырма үлгілері құрастырылды. Құрастырылған тапсырмалар зерттеу тәжірибесінде барысында сынақтан өткізіліп, эксперимент нәтижесі талданып, аталған бөлімнің бірінші тараушасына енгізілді. Оқу мақсаттарына бағытталып құрастырылған тапсырмаларды орындату арқылы оқу бағдарламасының 4 бөлімі бойынша оқушыларда қалыптасатын білік-дағдылар сарапталды. Одан бөлек, қазақ тілі пәні бойынша оқу мақсаттарына бағытталған тапсырмаларды құрастырылғаннан кейін, тапсырмаларды оқу үдерісінде тиімді пайдаланудың әдіс-тәсілдері қарастырылды. Тапсырмаларды тиімді қолдану арқылы оқу мақсаттарын қанағаттандыру жолдары айқындалды. Диссертация жұмысының қорытынды бөлімінде зерттелген тақырып бойынша жалпылама қорытынды жұмыстары жасалды. Зерттеу жұмысының ашқан жаңалығы мен маңыздылығы талқыланды. Зерттеу нысаны болып отырған оқу мақсаттарына бағытталған тапсырмаларды құрастыру әдістемесі сарапталып, талқыланды. Атап айтқанда: - Оқу мақсаттарына негізделген, дидактикалық талаптар мен ұстанымдар бойынша тапсырма құрастыру әдістемесіне талдау жасалды. - Құрастырылған тапсырмаларды тиімді қолдану жолдары айқындалды.Item Open Access ҚАЗАҚ ТІЛІН ИНТЕГРАЦИЯЛАЙ ОҚЫТУ МӘСЕЛЕСІ(СДУ хабаршысы - 2021, 2021) M.C. Жолшаева; Д. Алясова; Ж. Балтамуратова; М. КанжигалиноваАңдатпа. Мақалада қазақ тілін басқа пәндермен кіріктіре оқыту мәселесі қарастырылады. «Интеграция» лексемасының терминдік мәні айқындалып, педагогика ғылымындағы интеграциялау оқыту мәселесі талданады. Қазақ тілі пәнінен білім мазмұнын игертуде басқа пәндермен, атап айтқанда әдебиет, тарих пәндерімен кіріктіре оқытудың тиімді жақтары нақты мысалдармен дәйектеле отырып көрсетіледі.