2 results
Search Results
Now showing 1 - 2 of 2
Item Open Access XX ҒАСЫР ҚАЗАҚ БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ЖАСӨСПІРІМДЕР БЕЙНЕСІ(2021 International Young Scholars' Conference, 2021) Жұмақаева Б; Давталиева Аружан ТанербергенқызыАңдатпа Мақалада ХХ ғасырдағы қазақ балалар әдебиетінің шығармаларындағы жасөспірімдер образының қалыптасу, даму және өзгеру ерекшеліктері анықталады. Тарихи, әлеуметтік, психологиялық факторлардың ықпалынан жасөспірімдер бейнесінің автор шығармаларында қалай көрініс тапқандығы сараланады. Аталған кезеңнің айшықты туындыларына тоқталып, кейбір образдарға талдау жасалынады. ХХ ғасыр тұсында қазақ әдебиеті жанрлық прогресстерімен ерекшеленеді. Жаңа ғасырдың басталуымен балалар әдебиеті жаңа серпін алып, проза, поэзия, драматургия жанрларында қарыштап дами бастады. ХХ ғасыр қазақ әдебиетінде балалар мен жасөспірімдер образын өз шығармасына арқау ету арқылы, автордың тарихи-әлеуметтік проблемаларды оқырманына жанама жеткізуі де осы заман әдебиетінің ерекшелігіне айналды. Жазушыларымыз бен ақындарымыз жасаған жасөспірімдер образдарының ықпалы, жас ұрпаққа тәрбиелік күші бүгінгі күнге дейін өзектілігін жоймай келеді.Item Open Access ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ «УАҚЫТ/ЗАМАН» ҰҒЫМДАРЫНЫҢ БЕЙНЕЛЕНУІ(СДУ хабаршысы - 2017, 2017) Ә.Н. ҚуанышбаеваАңдатпа. Аталған мақалада «Уақыт» ұғымының ғылымдардың бастауы – философиядағы мәні, адам санасына қатысы туралы айтыла келіп, көшпелілер философиясындағы уақыт туралы түсінік, уақыттың түрлері туралы ақпарат беріледі. Соның негізінде қазіргі қазақ поэзиясындағы «Уақыт» ұғымының бейнесі ашылып, оны құрайтын әдеби көркемдегіш құралдар ажыратылып көрсетіледі. Қазіргі қазақ поэзиясының көрнекті өкілдеріне айналып отырған Қ.Сарин, Е.Жүніс, Н.Бердалы, Қ.Омар сынды жас ақындардың жырларындағы «Уақыт» ұғымының көрініс табу ерекшеліктері, уақытпен байланысты идеялардың берілу формасы, ақындық ізденістер мәселелері нақты мысалдар арқылы айқындалады. Сол арқылы уақыттың бүгінгі қазақы танымдағы поэтикалық бейнесін танытуға талпыныстар жасалынады. Уақыттың поэтикалық бейнесі мәңгілік, тәуелсіз, билеуші, күз – мұң, көктем – жаңару, түн – көңілсіздік, таң – үміт, шабыт, күту, сағыныш, емші ұғымдарының аясында ашып көрсетіледі.