7 results
Search Results
Now showing 1 - 7 of 7
Item Open Access Қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі фразеологизмдердің ұлттық болмысы(Suleyman Demirel University, 2007) Подольская ЕвгенияМақалада қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі фразеологизмдердің ұлттық-мәдени ерекшеліктері салыстырмалы тұрғыда талданады. Автор әр халықтың дүниетанымы мен ұлттық ойлау жүйесін бейнелі тіркестер арқылы танытудың маңызын көрсетеді. Зерттеуде фразеологизмдерді аудару тәсілдері (эквивалентті, аналогтық, сипаттамалық және калькалық) мен олардың семантикалық сәйкестіктері қарастырылады. Сонымен қатар, фразеологиялық бірліктердің ұлттық болмысты, тарихи тәжірибе мен мәдени құндылықтарды жеткізудегі рөлі сипатталады. Қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі мысалдар арқылы фразеологизмдердің мағынасы мен эмоционалды-экспрессивті бояуы салыстырылады. Зерттеу нәтижесі фразеологизмдердің тіл мен ұлт біртұтастығын, рухани болмыстың айнасы екенін дәлелдейді.Item Open Access МӘДЕНИЕТТЕР ТОҒЫСЫ: АҚПАРАТПЕН ЖАЗУ(Suleyman Demirel University, 2012) Күдерина Қ. БМәдениеттер тоғысындағы тілді, әдебиетті және басқаны жазусыз елестету мүмкін емес. Ал мәдениеттің өзін әңгіме еткенде туыс халықтар мәдениетінен, олардың өзара үйлес дамуынан бастау орынды. Өйткені мәдениет - өте үлкен, ауқымды кеңістікті қамтыса ғана мәдениет. Өткен ғасырлар әр елдің өзін ұлт ретінде дәлелдеу, мойындату сипатында көрінсе, ендігі кезең өзара мойындалған елдердің интеграцияларға баруы, бір-бірімен санасуы, одақтасуы дәрежесіне ұласуда. Әр мемлекеттің рәміздері қатарына жазу да кіруде: туы, елтаңбасы, әнұраны және жазуы. Ендеше мәдениеттер тоғысы дегенде біз алдымен бүгінде аралары алшақтап кеткен түркі халықтары мәдениетінің тоғысуы, мемлекеттік рәміз дегенде түркі тілдеріне ортақ жазу туралы сөз етпекпізItem Open Access Геортонимдердің ономастикалық кеңістіктегі лексико-семантикалық ерекшеліктері(Suleyman Demirel University, 2007) Әбдиман ЖанияБұл мақалада ономастикалық кеңістіктегі геортонимдердің лексико-семантикалық табиғаты мен ерекшеліктері қарастырылады. Автор қазіргі ономастика ғылымындағы зерттеу бағыттарын, соның ішінде геортонимдердің номинация, сигнификация және коннотация процестерін талдайды. Мәтінде геортонимдердің пайда болу тәсілдері (суффиксті, префиксті, эллиптеу, қысқарту, қосылу және плюрализация) мен олардың экстралингвистикалық факторларға тәуелділігі көрсетіледі. Зерттеу нәтижесінде геортонимдердің мазмұндық және мәдени ерекшеліктері айқындалып, олардың ұлттық-мәдени, идеологиялық және тарихи сипаттары анықталады. Сонымен қатар, Қазақстандағы ресми, салт-дәстүр және халықаралық мерекелер атаулары мысалында геортонимдердің семантикалық топтастырылуы мен қоғамдық маңызы ашып көрсетіледі.Item Open Access ҚАЗАҚ МӘДЕНИЕТІНДЕГІ НҰРҒИСА ТІЛЕНДИЕВТІҢ ӘН МҰРАСЫ(СДУ хабаршысы - 2018, 2018) К.С. КырыкбаеваАңдатпа. Мақалада қазақ дәстүрлі мәдениетінің көрнекті композиторы мен орындаушысы-күйші, қайталанбас тұлға Нұрғиса Тілендиевтің шығармашылығының ән өнерәндегі ерекшеліктері қарастырылады. Тілендиевтің ән мұрасын зерттей келе терең түсінуге, оның орындаушылық, композиторлық, құрылымы жағынан айырмашылығын, өзіндік бағыты қарастырылады. Нұрғиса Тілендиевтің ән әлеміндегі музыкасы қазақ халқының тынысымен ерекшеленетін қазақтың интонациялық әлемін түсінуге бағытталады. Мәдениеттің жаhандану заманында композитордың шығармаларының әр түрлілігі қоғамдық санаға, сезімге және талғамға, болмысқа эстетикалық көзқарасты қалыптастыруға, тұлғаны рухани құндылыққа тәрбиелеуде үлкен әсер ететіні сипаталып, композитордың вокалдық шығармашылығын қарастыра отырып қазіргі қазақ музыкалық өнерінің рухани дамуына қосқан үлесін баяндалады. Нұрғиса Тілендиевтің ән өнеріндегі шығармалары Қазақстанның музыкалық мәдениетінің ұлттық игілігі болып табылатын халық үшін баға жетпес мұра болып қала беретін шығармаларына кең анықтама беріледі.Item Open Access БІЛІМАЛУШЫЛАРДЫҢ МӘТІН АРҚЫЛЫ МӘДЕНИТАНЫМДЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ(СДУ хабаршысы - 2023, 2023) Әбілда ҰлбалаАңдатпа. Қазіргі уақытта білім беру жүйесі жаңа деңгейге көтерілді. Заман талабына сай білім беру жүйесі де өз алдына мақсат қойды. Ол өз ойы бар, барлық құзыреттіліктерді меңгерген, сауатты, психологиялық негіздерге сай білім алған, дүниетанымы кең, еркін ойлы тұлға дайындау. Соңғы уақыттарда білім беру жүйесінде білімалушылардың дүниетанымын кеңейту, таным көкжиегін дамыту мақсатында «мәденитанымдық құзыреттілік» ұғымы жиі қолданылуда. Мәдениеттанымдық құзыреттілігі қалыптасқан, жетілген тұлға әрдайым сұранысқа ие. Оқыту процесінде оқушының қабылдауына, зейініне, танымына, түсінуіне мән берілу қажет. Мәденитанымдық мәтіндер арқылы баланы оқытудың мәні өте зор. Мәтін арқылы оқушылардың мәденитанымдық құзыреттілігі қалыптасатыны мақалада дәлелденіп отыр. Оқушылардың мәтін арқылы мәденитанымдық құзыреттілігін арттырудың психологиялық негіздері мақалада тереңірек қарастырыладыItem Open Access Көркем сөздегі өнер адамдарының бейнесі(Suleyman Demirel University, 2009) Калибекова С. Ж.Мақалада жазушы, публицист, этнограф және ғалым Ақселеу Сейдімбектің шығармашылық жолы, қазақ әдебиеті мен этнографиялық зерттеулерге қосқан үлесі қарастырылады. Очерктерінде дәстүрлі қазақ музыкасы, оның орындаушылары, музыкалық аспаптар және мәдени дәстүрлер бейнеленген. Мақалада очерк жанрының ерекшеліктері, кейіпкерлерді ашу тәсілі, тарихи және эстетикалық маңызы талданады. Сонымен қатар, шығармалардың оқырманға мәдени және рухани танымды қалыптастырудағы рөлі көрсетіледі.Item Open Access САНДАРДЫҢ ҚЫТАЙ МӘДЕНИЕТІНДЕГІ ТАНЫМДЫҚ БЕЙНЕСІ(Suleyman Demirel University, 2016) Махат Г.Сандар қытай мәдениетінде маңызды рөл атқарады. Қытай мәдениетіндегі сандар олардың ұзақ тарихы бар, шамамен бес мың жыл. Сандар бастапқыда ешқандай құпияны қамтымайды, олардың негізгі қызметі-санау. Алайда, Қытайдың тарихи және мәдени контекстінде адамдар тіл арқылы рухани нәрселерге табынуға дағдыланған және сандар адамдарға әкеледі деп болжанған бақыт пен байлық немесе апаттар мен қиыншылықтар жақсы және жаман сандар болады.