4 results
Search Results
Now showing 1 - 4 of 4
Item Open Access ИНФОГРАФИКА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРОЦЕСТЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН АҚПАРАТТЫ ВИЗУАЛИЗАЦИЯЛАУ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ(СДУ хабаршысы - 2021, 2021) А.Қ. Жакупова; М.C. ЖолшаеваАңдатпа. Қазіргі уақытта байланыс құралдары ақпаратты ауызша беруден көрнекі түрде көрсетуге ауысады, бұл жанама көрнекілікті жаңа жолмен қалыптастыруға және жеткізуге және оқу ортасын ұйымдастыруға мүмкіндік беретін визуализапияяның жаңа бағыттары мен технологияларының пайда болуына әкеледі. Оқу пропесінде компьютерлік және телекоммуникациялық технологияларды қолдану ақпаратты визуализациялау құралы ретінде инфографиканың дамуына жаңа серпін берді. Инфографикалық тапсырмалар студенттерді мұғалімнің қосымша қолдауынсыз қарым-қатынас дағдыларының барлық түрлерін қолдануға шабыттандырады. Мақалада қазіргі оқу үдерісіндегі инфографиканың қолданылу аясы, ақпаратты визуализациялаудағы әсері жайлы жан-жақты ашып көрсетуге тырыстық.Item Open Access ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫ ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫҢ РӨЛІ(СДУ хабаршысы - 2020, 2020) ХА. Ордабекова; А. БекмұқаметАңдатпа. Мақалада қазіргі білім беруде ұлттық құндылықтарды қолдану мен білімалушылардың тұлғалық құзыреттілігін қалыптастыру мәселесі сөз болады. Жеке тұлғаны дамытудағы мәселелер талданды. Білімалушылардың ұлттық құндылық қасиеттерін қалыптастыру барысында қазақ тілі сабағы мен мектепішілік жүргізілетін іс-шараларға талдау жасалынды. Жалпы педагогтардың өз білімін жетілдіруі мен кәсіби маман болудағы өз тәжірибелеріне ендіруге болатын, тиімділігі бар ұлттық құндылықтарды қалыптастыру әдістеріне шолу жасалды.Item Open Access ФРАЗЕОЛОГИЯНЫ ОҚЫТУДА КОГНИТИВТІКОММУНИКАТИВТІ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРДІ ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА ҚОЛДАНУ(СДУ хабаршысы - 2023, 2023) Мереева Ә.Аңдатпа. Мақала қазақ фразеологиялық жүйесін оқытудың когнитивті және коммуникативті әдіс-тәсілін анықтауға бағытталған. Қазақ фразеологиясының типологиялық және лексика-семантикалық сипаты, фразеологизмдердің функционалды - стилистикалық жіктелімі және прагматикалық сипаты туралы анықтамалар бере келе, когнитивті сипаттары қарастырылады. Зерттеу жұмысының қорытындысы ретінде мектепте фразеологизмдерді оқытудың когнитивті-коммуникативті моделін жүзеге асыру бойынша тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың нәтижелерін талдау жұмыстары ұсынылып, алдыға қойылған мәселелерді шешудің тиімді жолдары анықталады. Тіл білімінің лингвистикалық саласынан бастау алатын когнитивті сала мен когнитивті саланы белгілі бір тақырыпты меңгеруде қолдану бүгінгі таңда креативті жолдардың бірі саналады. Мақала қазақ тіліндегі фразеологизм тақырыбын когнитивтікоммуникативті әдістерге салу арқылы оқытудың тиімді нәтижелерін көрсетеді. Зерттеу жұмысын қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері әдістемелік көмекші құрал ретінде пайдалана алады.Item Open Access “ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ДИСКУРС” ҰҒЫМЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ(СДУ хабаршысы - 2022, 2022) М.М.МейірханқызыАңдатпа. Педагогикалық дискурс - бұл мұғалім мен оқушының өзара әрекеттесуінін нақты жүйесі, онда жеке тұлға мен қоғамның толыққанды мүшесі қалыптасады. Мұғалім белгілі бір "бағыттаушы" рөлін атқарады, ол дұрыс көзқарастар мен мінез-құлықты насихаттап, білім алушыларды бағыттап, түзете алады, әлем құрылымының нормалары мен ережелерін түсіндіруге қабілетті. Ал осы үдерістің барлығы тілде қалай жүзеге асатынын осы педагогикалық дискурс аясында көре аламыз. Педагогикалық дискурс арқылы болашақ мұғалімдердің педагогикалық қарым-қатынасты оңтайлы ұйымдастыруы үшін мұғалімге қажет негізгі дискурсивті дағдыларды қалыптасады. Сабақтын мақсаттары мен Міндеттеріне сәйкес педагогикалық дискурстың түрлерін стратегиялық жоспарлауды жүзеге асыру қабілетіне тікелей байланысты екенін назарға ала отырып, ЖОО-дағы студенттердің білім беру бағдарламаларына педагогикалық дискурс пәнін енгізу қолға алынды.