Search Results

Now showing 1 - 2 of 2
  • ItemOpen Access
    Заманaуи қазақ балалар әдебиетінің көрінісі
    (Suleyman Demirel University, 2012) А. Хайырым
    Мақалада қазіргі қазақ балалар әдебиетінің жанрлық-көркемдік ерекшеліктері мен даму бағыттары қарастырылады. Балалар әдебиетіндегі шытырман оқиғалар, фантастика жанрының қалыптасуы, балалар психологиясын бейнелеу, табиғатты қорғау идеяларының көркем шығармадағы көрінісі талданады. Сонымен қатар отандық балалар әдебиетінің шетел әдебиетімен шығармашылық-рухани байланысы және бүгінгі әдеби процестегі интеллектуалдық ізденістердің маңызы айқындалады.
  • ItemUnknown
    ХХ ғасырдың екінші жартысындағы прозадағы көркемдік ізденістер
    (Suleyman Demirel University, 2012) М. Р. Көпбаева
    Мақалада ХХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ және басқа ұлт өкілдерінің прозасындағы көркемдік ізденістер қарастырылады. Автор замандастардың шығармаларында адамгершілік, әділдік, ұлттық дәстүрлерді сақтау және қоғамдағы рухани құндылықтарды көрсету жолындағы әдеби талпыныстарды талдайды. Әсіресе ауыл өмірі тақырыбындағы прозалық туындыларда кездесетін тоғышарлық, өзімшілдік, кедейлік сияқты әлеуметтік мәселелер, кейіпкерлердің психологиясы мен адамгершілік сапалары зерттеледі. Мақалада қазақ әдебиеті мен орыс әдебиетінің арасындағы типологиялық ұқсастықтар, кейіпкердің халықпен байланысы, әжелер мен қарттар образдары арқылы көркемдік әсердің күшеюі туралы айтылған. Ш. Мұртазаның әңгімелері мен повестеріндегі философиялық ойлар мен стильдік ерекшеліктер ерекше талданады.