2 results
Search Results
Now showing 1 - 2 of 2
Item Open Access Қазіргі қазақ романдарының дәстүрлі-тарихылық негіздері(Suleyman Demirel University, 2009) Мұратбек ӘйтімовМақалада қазіргі қазақ романдарының тарихилық және дәстүрлі негіздері зерттеледі. Қазақ прозасындағы өмір шындығы халық әдебиеті мен шежірелік мұраларға сүйеніп бейнеленгені көрсетіледі. Әбунәсір әл-Фараби, Қорқыт Ата, Захир ад-дин Бабыр, Мұхаммед Хайдар Дулати сияқты тұлғалардың шығармалары қазіргі қазақ романдарының тарихи шындық пен көркемдік шешім поэтикасына негіз болғанын дәлелдейді. Мақалада «Бабырнама» мен «Тарих-и Рашиди» туындыларының композициялық құрылымы, кейіпкерлер бейнесі, тарихи кезеңдер мен табиғат көріністерін бейнелеу тәсілдері талданады. Автор қазіргі қазақ романдарының қалыптасуында халық әдебиеті, этнография, тарих, философия, табиғат және әлеуметтік құбылыстардың көркемдік негіз ретіндегі ықпалына назар аударады. Мақала қазақ романы жанрының дәстүрлі-тарихи сабақтастығы мен көркемдік дамуын көрсетуге бағытталған.Item Open Access М.Әуезов сомдаған Құнанбай бейнесіндегі ұлттық мінез бен көркемдік шындық(Suleyman Demirel University, 2009) Камалқызы ЖанымгүлБұл мақалада М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы Құнанбай бейнесінің көркемдік, психологиялық және ұлттық мінез тұрғысынан сомдалу ерекшеліктері талданады. Кеңес дәуіріндегі біржақты сын көзқарастары мен кейінгі кезеңдегі тарихи ақтаңдақтарды түзетуге бағытталған зерттеулер салыстырыла қарастырылады. Жазушы қолданған портрет жасау, диалог және психологиялық талдау тәсілдерінің Құнанбай характерін терең әрі күрделі тұлға ретінде танытудағы рөлі ашылады. Сонымен бірге Абайдың көзімен берілген портреттік сипаттаулардың ұлттық дәстүрді, елдік мүддені сақтаушы кемеңгер би бейнесін қалыптастырудағы қызметі көрсетіледі. Құнанбай образын көркем мәтіннің өз заңдылығымен тану қажеттігі негізделіп, бүгінгі кезеңдегі тұлғаны жаңаша пайымдаудың ғылыми-әдістемелік маңызы айқындалады.