Search Results

Now showing 1 - 4 of 4
  • ItemOpen Access
    YOUTUBE ПЛАТФОРМАСЫНДАҒЫ СҰХБАТ ЖАНРЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ: ТИМУР БАЛЫМБЕТОВ ПЕН ЮРИЙ ДУДЬ АРНАЛАРЫНДАҒЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ІЗДЕНІС
    (СДУ хабаршысы - 2022, 2022) Ақық М.; Байымбетов Б.
    Аңдатпа. Мақалада YouTube платформасындағы сұхбат жанрының орны және оған аудитория тарапынан жоғары сұранысқа назар аударылды. Зерттеу аясында бейнехостингте жоғары қаралым жинап, кәсіби сұхбаттарымен көрермен ықыласын аударған «вДудь» және «Timur Balymbetov» арналарының өнімдеріне салыстырмалы талдау жасалып, сондай-ақ ғалымдар пікірін сүйене отырып, YouTube сұхбатына тән ерекшеліктер анықталды. Сонымен қатар, кәсіби журналистердің YouTube платформасына кету себептері, өнімдерінің кәсіби деңгейі мен шығармашылық ізденіс мәселесі де зерттеу жұмысының өзегіне айналды. Сұхбат жанрының мазмұндық тұрғыдан түрленуіне визуалдық элементтердің ықпалына да ғылыми тұрғыдан тұжырым жасалды.
  • ItemOpen Access
    СOVID-19 ПАНДЕМИЯСЫ КЕЗІНДЕГІ АҚПАРТҚА ЖҰРТШЫЛЫҚТЫҢ ӘСЕРІ: «AKORDAPRESS» INSTAGRAM ПАРАҚШАСЫ МЫСАЛЫНДА
    (СДУ хабаршысы - 2023, 2023) Бермағанбетова Б.
    Аңдатпа. 2020 жылдың 11 ақпанында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирусы немесе COVID-19 деп аталатын респираторлық ауруды ресми түрде жариялаған болатын. 2019 жылдың желтоқсанында Қытайда алғаш пайда болған бұл ауруды кейін 2020 жылдың наурыз айында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы пандемия деп жариялады. Бұл әлемде бұрын-соңды болмаған оқшаулануға, денсаулыққа қауіп төндіру мен қаржылық тұрақсыздық секілді алаңдаушылыққа алып келді. COVID-19 пандемиясы кезінде Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік медианың қоғамдағы рөлі айтарлықтай артқаны сөзсіз. Себебі осындай дүрбелең жағдайда олар өмірлік маңызды ақпарат беріп қана қоймай, екі жақты қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік берді. Зерттеу «Akordapress» Instagram парақшасында пандемия кезіндегі жаңалықтарына контент-анализ жасауға бағытталған. Жалпы халықтың ақпаратқа деген әсерін білетін боламыз.
  • ItemOpen Access
    СOVID-19 ПАНДЕМИЯСЫ КЕЗІНДЕГІ БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ РӨЛІ: «ЕГЕМЕН ҚАЗАҚСТАН» МЕН «АЗАТТЫҚ РАДИОСЫ» МЫСАЛЫНДА
    (SDU University, 2023) Долаева К.; Кәпқызы Е.
    СOVID-19 пандемиясы кезінде бұқараға ақпарат тарату мақсатында масс медиаға сенім ерекше артылды. Пандемия бұқаралық ақпарат құралдарының басты тақырыбына айналып, журналистердің ақпарат берудегі рөлі де еселене түсті. Осы мәселелер мақаланың басты өзегіне айналып отыр. 2020-2021 жылдар аралығында әлемдік БАҚ-та СOVID-19 мәселесін көтерген түрлі жанр мен формадағы материалдар қатары ерекше артқан. Бұл үрдістен Қазақстан да қалыс қалмады. Зерттеу нысаны ретінде «Егемен Қазақстан» мен «Азаттық радиосы» алынып, екі порталдың пандемия тақырыбын берудегі ерекшеліктері анықталып, контент-анализ жасалды. Сонымен қоса, пандемия кезіндегі бұқаралық ақпарат құралдарының осал және ұтымды тұстарына да ғылыми тұжырым жасалды.
  • ItemOpen Access
    СOVID-19 ПАНДЕМИЯСЫ КЕЗІНДЕГІ АҚПАРТҚА ЖҰРТШЫЛЫҚТЫҢ ӘСЕРІ «AKORDAPRESS» INSTAGRAM ПАРАҚШАСЫ МЫСАЛЫНДА
    (SDU Journal of Media Studies, 2023) Бибінұр Бермағанбетова
    2020 жылдың 11 ақпанында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирусы немесе COVID-19 деп аталатын респираторлық ауруды ресми түрде жариялаған болатын. 2019 жылдың желтоқсанында Қытайда алғаш пайда болған бұл ауруды кейін 2020 жылдың наурыз айында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы пандемия деп жариялады. Бұл әлемде бұрын-соңды болмаған оқшаулануға, денсаулыққа қауіп төндіру мен қаржылық тұрақсыздық секілді алаңдаушылыққа алып келді. COVID-19 пандемиясы кезінде Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік медианың қоғамдағы рөлі айтарлықтай артқаны сөзсіз. Себебі осындай дүрбелең жағдайда олар өмірлік маңызды ақпарат беріп қана қоймай, екі жақты қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік берді.Зерттеу «Akordapress» Instagram парақшасында пандемия кезіндегі жаңалықтарына контент-анализ жасауға бағытталған. Жалпы халықтың ақпаратқа деген әсерін білетін боламыз