Search Results

Now showing 1 - 2 of 2
  • ItemOpen Access
    «ҚАРҒЫН» РОМАНЫНДАҒЫ КЕЙІПКЕРДІ ДАРАЛАУДАҒЫ КӨРКЕМДІК ШЕШІМ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
    (Suleyman Demirel University, 2016) Калбаева Гулнара
    Кейіпкерді түптұлғалық нысандар негізінде көркем мүсінделген əдеби тұлғаға айналдыру жазушылардың шеберлік зертханасында қорытылады. Ол үшін жазушы психология, биология ғылымдарында негізделген саналы ақыл-ой иелеріне тəн психикалық- физиономиялық ерекшеліктерді де зерттейді. Адамзат дамуы тарихындағы қарама- қайшылықтардың күресі мен бірлігі тұтастығымен келе жатқан тіршілік қозғалысының заңдылықтарын саралайды. Яғни, Дулат Исабековтің кейіпкерлерді даралап таныту өрнектерінен оның өзіндік көркемдік шешімін танимыз. Тіршілік иесі концепциясына терең үңіле отырып автор адамдардың уақыт пен кеңістік аясындағы дүниетүсінігін көрсете білген. Құндылық саналатын қасиеттерге характер өзгерісі қайшы келмейтінін нақты ашып берді.
  • ItemOpen Access
    XX ҒАСЫР ҚАЗАҚ БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ЖАСӨСПІРІМДЕР БЕЙНЕСІ
    (2021 International Young Scholars' Conference, 2021) Жұмақаева Б; Давталиева Аружан Танербергенқызы
    Аңдатпа Мақалада ХХ ғасырдағы қазақ балалар әдебиетінің шығармаларындағы жасөспірімдер образының қалыптасу, даму және өзгеру ерекшеліктері анықталады. Тарихи, әлеуметтік, психологиялық факторлардың ықпалынан жасөспірімдер бейнесінің автор шығармаларында қалай көрініс тапқандығы сараланады. Аталған кезеңнің айшықты туындыларына тоқталып, кейбір образдарға талдау жасалынады. ХХ ғасыр тұсында қазақ әдебиеті жанрлық прогресстерімен ерекшеленеді. Жаңа ғасырдың басталуымен балалар әдебиеті жаңа серпін алып, проза, поэзия, драматургия жанрларында қарыштап дами бастады. ХХ ғасыр қазақ әдебиетінде балалар мен жасөспірімдер образын өз шығармасына арқау ету арқылы, автордың тарихи-әлеуметтік проблемаларды оқырманына жанама жеткізуі де осы заман әдебиетінің ерекшелігіне айналды. Жазушыларымыз бен ақындарымыз жасаған жасөспірімдер образдарының ықпалы, жас ұрпаққа тәрбиелік күші бүгінгі күнге дейін өзектілігін жоймай келеді.