3 results
Search Results
Now showing 1 - 3 of 3
Item Open Access ХАЛЫҚ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ ҮЛГІЛЕРІН ОҚЫТУДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ТАПСЫРМА ТҮРЛЕРІ (ОРТА СЫНЫПТАР НЕГІЗІНДЕ)(СДУ хабаршысы - 2018, 2018) Э. МансуроваАңдатпа. Қазіргі таңда оқушылардың шығарманы жатқа немесе мазмұнын айтуы – білу, түсіну деңгейінде ғана. Бұл екеуі ойлау деңгейінің ең төменгі сатылары. Мұғалім баланы қолдану, талдау, жинақтау, бағалау деңгейіне жеткізуі тиіс. Осыған орай көркем шығарма қалай талдану керек деген мәселе өзекті болып отыр. Яғни, көркем шығармаларды талдау барысында тиімді әдістерді қолдану өте маңызды. Ауыз әдебиетінің үлгілерін оқыту барысында шығарманың тақырыптықидеялық ерекшеліктерін түрлі тапсырмалар арқылы талдау оқушылардың тақырыпты меңгеруде тиімді болмақ. Мақалада қазақ әдебиеті сабағында ауыз әдебиеті үлгілерінің, оның ішінде: ертегі, жыр, аңыздың тақырыптық-идеялық ерекшеліктерді талдау барысында қолданылатын тапсырмалар түрлерін қарастыру. Тапсырмалардың артықшылықтары мен кемшіліктерін саралап, қай тапсырманы қолдану тиімді болатынына көз жеткізу. Орта сынып оқушылардың әдебиет сабағында қызығушылықтарын арттыру мақсатында, берілетін тапсырмалар түрін ойын ретінде өткізіп, шығарманың тақырыбы мен идеясын меңгерту.Item Open Access АЛАШ, ӘДЕБИЕТ ЖӘНЕ БІЛІМ БЕРУ(СДУ хабаршысы - 2020, 2020) Ә. Өзбекбай; Ж.О. МәмбетовАңдатпа. Біз бұл мақаламызда Алаш зиялыларының ұлттық идеясына, оның маңызына тоқталдық. Оның зерттелуі, бүгінгі таңдағы маңызын атап көрсеттік. Бұл жұмысты жазу барысында Алаш зиялыларының еңбектері мен мақалаларын, басқа да авторлардың осы тақырыпқа қатысты зерттеулері мен еңбектерін қолдандық. Оқу-ағарту жолындағы және ұлтты оятудағы азаматтарымыздың өмірі айтылған бірқатар деректерді пайдаландық.Item Open Access ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ «УАҚЫТ/ЗАМАН» ҰҒЫМДАРЫНЫҢ БЕЙНЕЛЕНУІ(СДУ хабаршысы - 2017, 2017) Ә.Н. ҚуанышбаеваАңдатпа. Аталған мақалада «Уақыт» ұғымының ғылымдардың бастауы – философиядағы мәні, адам санасына қатысы туралы айтыла келіп, көшпелілер философиясындағы уақыт туралы түсінік, уақыттың түрлері туралы ақпарат беріледі. Соның негізінде қазіргі қазақ поэзиясындағы «Уақыт» ұғымының бейнесі ашылып, оны құрайтын әдеби көркемдегіш құралдар ажыратылып көрсетіледі. Қазіргі қазақ поэзиясының көрнекті өкілдеріне айналып отырған Қ.Сарин, Е.Жүніс, Н.Бердалы, Қ.Омар сынды жас ақындардың жырларындағы «Уақыт» ұғымының көрініс табу ерекшеліктері, уақытпен байланысты идеялардың берілу формасы, ақындық ізденістер мәселелері нақты мысалдар арқылы айқындалады. Сол арқылы уақыттың бүгінгі қазақы танымдағы поэтикалық бейнесін танытуға талпыныстар жасалынады. Уақыттың поэтикалық бейнесі мәңгілік, тәуелсіз, билеуші, күз – мұң, көктем – жаңару, түн – көңілсіздік, таң – үміт, шабыт, күту, сағыныш, емші ұғымдарының аясында ашып көрсетіледі.