Search Results

Now showing 1 - 4 of 4
  • ItemOpen Access
    ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МЕДИА САЛАСЫ БОЙЫНША МАМАНДАР (ЖУРНАЛИСТИКА, КИНОТАНУ, КИНО ЖӘНЕ ТЕЛЕ-ДРАМАТУРГИЯ, ОПЕРАТОРЛЫҚ , ХАЛЫҚПЕН ҚАТЫНАС Ж.Т.Б.) ДАЯРЛАЙТЫН ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДАҒЫ ОҚУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН ДЕМОКРАТИЗАЦИЯЛАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
    (Suleyman Demirel University, 2016) Молдияр Ергебеков
    Медиа мамандығы бойынша білім беретін əрбір институттың білуі міндетті болып табылатын бір фактор бар. Бұл фактор, медиа мамандарының қоғамның демократиялық қоғамға айналуына маңызды рөл ойнайтын мамандық иелері екендігі. Еркін əрі демократиялық қоғам алдымен еркіндік пен демократияға мəн беретін, бұл құндылықтарды өзінің өмір сүру салтына айналдырған медиа мамандары арқылы қалыптасады. Сондықтан да Қазақстандағы медиа мектептерінің оқу бағдарламасындағыклассикалық педагогика түсінігін трансформациялап, интерактивті əсерге мүмкіншілік беретін, диалогқа сүйенетін, студенттің сыни жəне аналитикалық ойлану қабілетін дамытуға жағдай жасайтын, өз ойын дəріс барысында еркін əрі жүйелі түрде жеткізе алатын ортаны қалыптастырар болсақ, алдағы жылдарда еліміздегі медианы əрі сөз бостандығына, əрі адам мен табиғат құқықтарына жіті мəн беретін бағытта трансформациялайтын медиа профессионалдарының өсіп жетілуі тұрғысынан маңызды адым жасаған болар едік.
  • ItemOpen Access
    Aқпаратық қауіпсіздік мәселелері және журналистикадағы жауапкершілік мәселелері
    (Suleyman Demirel University, 2011) Саудбаев М.
    Мақалада ақпараттық қауіпсіздіктің қазіргі жаһандану кезеңіндегі маңыздылығы және журналистикадағы жауапкершілік мәселелері қарастырылады. Автор ақпараттық қауіпсіздіктің халықаралық қатынастардағы орны, тарихи және қазіргі кезеңдегі қақтығыстар, ақпараттық құралдардың рөлі, сондай-ақ мемлекет мүддесін қорғауда БАҚ қызметкерлерінің жауапкершілігіне ерекше назар аударады. Журналистика мен ақпараттық саясаттың елдің ұлттық қауіпсіздігіне және қоғамның мәдени-әлеуметтік тұрақтылығына әсері талданады. Мақалада ақпараттық кеңістікті басқарудың заманауи әдістері, телеарналар мен медиа құралдарының рөлі, сондай-ақ жас ұрпақты ақпараттық әсерден қорғау мәселелері қарастырылады. Зерттеу БАҚ және ақпараттық қауіпсіздік саласындағы практикалық және теориялық аспектілерді үйлестіреді, еліміздің ақпараттық саясатындағы басымдықтарды айқындайды.
  • ItemOpen Access
    ГРАЖДАНСКАЯ МЕДИАКРИТИКА: САЙТЫ И ФОРУМЫ КАЗАХСТАНСКИХ СМИ
    (Suleyman Demirel University, 2014) Гиззатов Аян
    В данной статье рассматривается состояние отечественного СМИ. А также, при поиске ответов на интересующие вопросы, как дополнение к многогранным проблемам деятельности журналистики подняты проблемы современной медиа критики и медиа анализа. В современных условиях медиа критика СМИ обеспечивает осмысление новых явлений и тенденций, помогая сориентироваться в нынешнем противоречивом развитии не только массовой аудитории, но и профессионалам печатной и электронной прессы.
  • ItemOpen Access
    БАҚ – ТӨТЕНШЕ ОҚИҒАЛАР КЕЗІНДЕ НЕГІЗГІ АҚПАРАТ КӨЗІ РЕТІНДЕ
    (2021 International Young Scholars' Conference, 2021) Жүнісбекова Б.Д.
    Аңдатпа. Бұқаралық ақпарат құралдарының арқасында кез-келген төтенше оқиға немесе табиғи апат ақпараттық-коммуникациялық резонанс алады, бұл жаңалықтың хабарлау сипатына қарай апаттың салдарын күшейтеді немесе адамдарды депрессия, апатиядан қорғауға көмектеседі, яғни әлеуметтік салада психотерапияның бір түрін жүзеге асырады. Қазіргі кездегі бұқаралық ақпарат құралдары, баспасөз - қоғамға, экономикаға, саясатқа, эстетикаға белсенді әсер ететін нақты әлеуметтік-саяси фактор. Ол көзқарасты, талғамды, дүниетанымды анықтайды және қалыптастырады. Адамдар телеарналар ұсынатын әр түрлі бағдарламаларды көреді. Табиғи және техногендік апаттар, түрлі масштабтағы оқиғалар сияқты экстремалды оқиғаларды қамтитын бағдарламалар ерекше орын алады. Бұқаралық ақпарат құралдарындағы төтенше оқиғалар туралы жаңалықтар ақпарат нарығының ең танымал мазмұны болып табылады. Соңғы онжылдықта телеарналарда, баспа және интернет БАҚ-та, радиода жаңалықтарды тезірек және сапалы дайындауға жағдай жасалды. Күн сайын ақпараттық жобалардың саны мен сапасы артып келеді, бұл ақпараттық өнімдердің өздерін де, тәжірибелерін де, оларды дайындау ерекшеліктерін де зерттеу өзектілігін дәлелдейді.