2 results
Search Results
Now showing 1 - 2 of 2
Item Open Access БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ПРЕЦЕДЕНТТІ ЕСІМДЕР(Suleyman Demirel University, 2016) Абнасырова Р.Ж.; Абнасырова Ғ.Ж.Қазіргі қазақ тіл білімінде халықтың лингво-когнитивті танымына сәйкес прецедентті мәтіндер, прецедентті жағдайлар, прецедентті онимдерді қарастыру өзекті тақырыптардың біріне айналуда. Жазушының сөз саптау жүйесінің бір көрінісі болатын жалқы есімдерге шығарманың тақырыбын, мазмұнын, мағынасын ашуда біршама жүк артылады. Халықтың мәдениетінен, тарихынан, жүріп өткен дәуірінен мол хабар беретін жалқы есімдер – сол тілде сөйлеуші халықтың баға жетпес қазынасы, ұлттық байлығы. Осы қазынаның қыры мен сыры әдебиетте айқын көрінеді. Соның ішінде, балалар әдебиеті өскелең ұрпақты тәрбиелеуде сара жол сілтейтін тәрбие құралы болғандықтан, оның құрамына автор тарапынан енгізілген әрбір оним белгілі бір мақсатты көздеуі тиіс. Осы мақсатты жүзеге асыруда жалқы есімдердің қаншалықты дәрежеде қызмет жасайтындығы, олардың мәтіндегі функционалдық ерекшеліктері, жас оқырман жүрегіне жол таба білуі осы мақалада сөз болады.Item Open Access Аңыздық халық прозасындағы жалқы есімдер(Suleyman Demirel University, 2011) Қуанышбаева Ж.Б.Мақалада қазақ аңыздық прозасындағы жалқы есімдердің табиғаты, семантикасы, этимологиясы және құрылымы зерттеледі. Зерттеу мифологиялық, тарихи, кітаби-діни және әлеуметтік-утопиялық аңыздарға негізделіп, әр жанрдағы жалқы есімдердің мәтін ішіндегі қызметін қарастырады. Автор қазақ фольклорындағы антропонимдер мен топонимдердің тарихи, географиялық және мәдени мәнін көрсетеді. Мифтік және аңыздық мәтіндерде кездесетін ойдан шығарылған кейіпкерлер мен нақты тарихи тұлғалардың есімдері, сондай-ақ географиялық атаулар арқылы ұлттық тарих пен мәдениетке қатысты ақпарат беріледі. Сонымен қатар, жалқы есімдердің диахрондық және типологиялық ерекшеліктері, олардың мәтін жасаушы мен стильдік құрылымдағы рөлі талданады. Зерттеу қазақ фольклорының ономастикалық кеңістігін, оның ұлттық және тарихи құндылығын ашуға бағытталған.