1 results
Search Results
Now showing 1 - 1 of 1
Item Open Access С.Сейфуллиннің "Көкшетау" поэмасындағы жалқы есімдер және олардың ішкі мағыналық топтары(Suleyman Demirel University, 2011) Қуанышбаева А.БМақалада С. Сейфуллиннің «Көкшетау» поэмасындағы жалқы есімдердің тілдік табиғаты мен семантикалық ерекшеліктері қарастырылады. Автор шығармасында кездесетін антропонимдер, топонимдер және зоонимдер жүйеленіп, олардың ішкі мағыналық топтары талданады. Әсіресе, поэмада көрініс тапқан топонимдердің шығу тарихы мен қалыптасуы, көне түркі және моңғол қабаттарының тілдік сипаты кеңінен түсіндіріледі. Қазақ топонимиясының ұлттық дүниетаныммен, тарихи-мәдени таныммен байланысы, сондай-ақ түстердің (әсіресе «ақ» түсінің) символикалық мәні мен поэтикалық қызметі айқындалады. Мақалада ономастикалық атаулардың поэтикалық мәтіндегі эстетикалық жүктемесі мен семантикалық астары этнолингвистикалық тұрғыдан сараланады.