3 results
Search Results
Now showing 1 - 3 of 3
Item Open Access Ақпараттандыру және байланыс саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау және әкімшілік іс жүргізудің ерекшеліктері(SDU University, 2025) Камилла ТлеубековаҚазіргі таңда ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың дамуына байланысты, ақпараттандыру және байланыс саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау мәселелері мен әкімшілік іс жүргізудің ерекшеліктері, осы саладағы құқықтық реттеудің күрделенуінебайланысты өзекті болып табылады. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының және Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің статистикалық деректері, ақпараттандыру және байланыс саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар саны елімізде жыл сайын өсіп келе жатқанын көрсетеді. Бұл заңнамалық база мен әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдерге назар аударуды, құқық бұзушылықтар бойынша әкімшілік іс жүргізудің ерекшеліктерін ескеру тұсында өзекті. Мақаланыңмақсаты-ақпараттандыру және байланыс саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтау мен істер бойынша әкімшілік іс жүргізудің ерекшеліктерін зерделеу болып табылады. Мақаланың нәтижесінде ақпараттандыру және байланыс саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтаудың теориялық мәселелері мен әкімшілік іс жүргізудегі уәкілетті органдардың қызметі мәселесі талданып, құқық бұзушылықтар үшін қолданылатын әкімшілік жаза шараларын жетілдіру бойынша ұсыныстар ұсынылған.Item Open Access ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ ЗАМАНАУИ КӨЗҚАРАС(СДУ хабаршысы - 2018, 2018) Лесбекова Ұ.М.Аңдатпа. Мақалада қазіргі білім берудің жаңа технологияларын қолдану мен білімалушылардың тұлғалық құзыреттілігін қалыптастыру мәселесі сөз болады. Білім беру талаптарының мазмұнының өзгергені және оны орындаудағы педагог қауымының міндеттері де талданады. Оқушылар мен студенттердің білім сапасын жақсартуда маңызды деген интербелсенді әдістер туралы ғалымдар пікірлері мен тұжырымдарына талдау жасалады. Жаңа технологияларға деген заманауи көзқарас негізінде сараптама жүргізілді. Жалпы педагогтардың өз білімін жетілдіруі мен кәсіби маман болудағы өз тәжірибелеріне ендіруге болатын, тиімділігі бар интербелсенді әдістерге шолу жасалды.Item Open Access 2024 жылғы батыс өңірлеріндегі су тасқынын көрсетудегі қазақстандық БАҚ-тың рөлі(SDU Journal of Media Studies, 2025) Ақерке ОралбекБұл зерттеу 2024 жылғы Батыс Қазақстандағы су тасқынын көрсету барысында мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарының рөлін күн тәртібін орнату және фрейминг теориясы аясында қарастырады. Табиғи апаттар туралы медиадағы жарияланымдар үкіметтің әрекетіне, төтенше жағдайлар қызметінің жұмысын бағалауға және азаматтардың апатқа деген көзқарасына әсер етеді. Алайда кейде БАҚ мұндай оқиғаларды сенсацияға бейімдеп, шок, дүрбелең, кейіпкерлер мен эмоциялық аспектілерге ерекше назар аударады. Бұл зерттеудің мақсаты –2024 жылғы су тасқыны қазақстандық медиада қалай көрсетілгенін және қандай фреймдер басым болғанын анықтау. Осы мақсатта Tengrinews.kz және Ақ Жайық сайттарындағы 2024 жылы24 ақпан мен 14сәуір аралығында жарық көрген 30 материалға сандық және сапалық контентталдау жүргізілді. Бұл басылымдар аудитория көлемі, ұстанымдары мен таралу ауқымына қарай таңдалды. Зерттеу нәтижесінде су тасқыны жайлы жарияланымдарда төтенше жағдайлар, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдемелері, зардап шеккендер, көмек көрсету, үкімет әрекеті және инфрақұрылымның бұзылуы секілді тақырыптардың басым болғаны анықталды.