Search Results

Now showing 1 - 2 of 2
  • ItemOpen Access
    Абай тұлғасы мен мұрасының қазақ тарихындағы орны
    (Suleyman Demirel University, 2007) Койгелдиев М.
    Мақалада қазақ халқының рухани тарихында ерекше орын алатын Абай Құнанбайұлының тұлғасы мен шығармашылық мұрасы тарихи контекст аясында қарастырылады. Автор Абайды тек ақын немесе ойшыл ретінде ғана емес, ұлттық сананың жаңғыруына ықпал еткен қоғамдық құбылыс ретінде талдайды. Абай өмір сүрген дәуір – қазақ қоғамы патшалық Ресей ықпалына толық тәуелді болып, рухани дағдарыс пен әлеуметтік жіктелу күшейген кезең еді. Осы жағдайда Абай білімді, адамгершілікті, өзін тануды және қоғамды ішкі өзгеріс арқылы жаңғыртуды насихаттады. Мақалада Абайдың «Зар заман» өкілдерімен рухани сабақтастығы және оның мұрасының Алаш қайраткерлерінің дүниетанымына жасаған әсері де қарастырылады. Автор Абай мұрасын бүгінгі қазақ қоғамы үшін ұлттық өзіндік сананы қалыптастыратын, тарихи сабақтастықты жалғастыратын мәңгілік құндылық ретінде бағалайды.
  • ItemUnknown
    XX ҒАСЫРДЫҢ I ШИРЕГІНДЕГІ ЖАСТАР ҚОЗҒАЛЫСЫ
    (СДУ хабаршысы - 2018, 2018) Маратұлы Т.
    Андатпа. XX ғасырдың басындағы Ақпан төңкерісі нәтижесінде самодержавие кезінде тыйым салынып келген ұйымдар 1917 жылдың көктем мен жаз айларында көптеп, Қазақстан әр аймақтарында қалыптасты. Кез – келген кезең туғанда соған сәйкес негізгі қозғаушы күштің дүниеге келуі даусыз. Ол-жастар XX ғасыр басындағы қоғамдық саяси оқиғалар нәтижесінде қалыптасқан жастар қозғалысы–тарихта әлі де сыр шертетін тақырып. Тақырыпты зерттеу барысында тарихи-салыстырмалы,баяндау әдістері қолданылады. Ұйымдардың ағартушылық қызметі, міндеттері, олардың арақатынасы және әр түрлі ұйым талаптарының бір-бірімен салыстыру баяндалады. Зерттеу барысында тақырып келесідей міндеттер қарастырылады: жастар тарапынан қалыптасқан ұйымдар, олардың баспасөздері,мақсаттары мен рөлі. Тарих беттерінде әрі де насихатталмаған тұлғаларды атау, оларды қоғамға үлгі қою және әділ бағасын беру – қазіргі ұрпақтың борышы.