2 results
Search Results
Now showing 1 - 2 of 2
Item Open Access Қазақ тіліндегі қатаң дауыссыз дыбыстардың артикуляциясын оқытудың көрнекі әдістемесі(Suleyman Demirel University, 2008) Жүнісбек АрманМақалада қазақ тіліндегі қатаң дауыссыз дыбыстардың артикуляциялық ерекшеліктерін оқыту әдістемесі қарастырылады. Қатаң дауыссыздар П, Т, С, Ш, К және Қ дыбыстарынан тұрады және олардың жасалу орны (ерін, тіл ұшы, тіл ортасы, тілшік) мен жасалу амалы (тоғысыңқы, жуысыңқы) арқылы жіктелуі көрсетілген. Автор әр дыбыстың көрнекі моделі мен рентгенсызба тәсілі арқылы артикуляциясын нақты көрсетуге мән береді. Мақалада қазақ тіліндегі қатаң дауыссыздардың ағылшын, орыс тілдерінен айырмашылығы, оқытудағы практикалық қиындықтар, дыбыстардың дұрыс айтылуын үйретудегі әдістемелік ұсыныстар талданады. Сонымен қатар, жуысыңқы дыбыстардың екі түрі – жинақы (С) және жайылыңқы (Ш) ерекшеліктеріне назар аударылған.Item Open Access БОЛАШАҚ МУЗЫКА МҰҒАЛІМІН ДАЙЫНДАУДАҒЫ БАЛАЛАР ДАУЫСЫМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ(СДУ хабаршысы - 2019, 2019) А.А. Юсупова; Н.Т. КулдановАңдатпа. Қазақстан Республикасының білім беру саясаты адамның зияткерлік, көркем, рухани-адамгершілік тәрбиесінің бірлігін жүзеге асыруға бағытталған. Сұлулық сезімін дамыту, өнер туындыларын түсінуге және бағалауға үйрету қазіргі адамның білім алуына қажет. Жасөспірімдер қарқынды шығармашылық дамуы мен ерте музыкалық білім беруі үшін ең қолайлы болып табылады. Есту, музыкалық есте сақтау, дауысты үйлестіру - бұл толыққанды шығармашылық тұлғаның жалпы дамуына ықпал етеді. Сондықтан, мектеп жасындағы балалардың ән салу дағдыларын белгілі әдістер арқылы дамыту маңызды және мектептің алғашқы күндерінен бастап аса үлкен жауапкершілікті талап етеді. Бұл мақалада мектеп жасындағы оқушылардың ән айту дағдыларын қалыптастырудың теориялық негіздері талқыланып, онда баланың өміріндегі музыка мен әнге тәрбиелік маңызы бар мәселелер зерттеледі, балалардың ән айтудағы дағдылары мен жас ерекшеліктері мен белсенді даму мәселелері қарастырылғын.