Search Results

Now showing 1 - 10 of 78
  • ItemOpen Access
    ӨРКЕНИЕТТЕР ТОҒЫСУЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫ /ҚАЗАҚ, ТҮРІК / ПОЭЗИЯСЫМЕН САБАҚТАСТЫҒЫ
    (СДУ хабаршысы - 2017, 2017) Ж.А. Тұрымбетова
    Аңдатпа. Мақалада туысқан түркі халықтарының, соның ішінде қазақ және түрік халықтарының ақындық-ашықтық поэзиясының қайнар көзінің байырғы түркі өркениеті мен ислам мәдениетінің тоғысуы аясында дамығандығы туралы мәселелер төңірегінде сөз қозғалған. Ашықтар мен ақын-жыраулар шығармашылығына ортақ атабабалық, жауынгерлік-қаһармандық сарындар, фольклорлық синкретизм, сопылық, діни-исламдық көзқарастар, дидактикалық поэзияның дараланған үлгілерінің (насихат, мысалдау өлеңдер), махаббат, көңіл-күй лирикасы секілді әдеби жанрларда шығыстың классикалық поэзиясына тән үлгілерді кеңінен көруге болатындығы көрсетілген. Юнус Эмре, Қараджаоғлан, Пір Сұлтан Абдал, Дертли секілді түрік ашықтарының көрнекті өкілдерінің шығармаларындағы дәстүр үндестігі және поэтикалық ықпалдастық тұрғысынан көрсетілген. Бұл мәселелер қазақ және түрік әдебиеттерінің өзара қарымқатынастарының негізгі жолдарын зерттеу, өзара баю заңдылықтарын анықтау, тарихи қарым-қатынас кезеңіндегі екі халықтың бір-бірімен тығыз рухани сабақтастық негіздерін айқындай түсу болып табылады.
  • ItemOpen Access
    МӘМЛҮК ҚЫПШАҚ ТІЛІНДЕГІ ШАҚ КАТЕГОРИЯСЫ ЖАСАУШЫ ҚОСЫМШАЛАР
    (СДУ хабаршысы - 2017, 2017) Қ.А. Садықбеков
    Аңдатпа. Шақ категориясы амал-әрекеттің орындалу мерзімінің сөйлеп тұрған уақытпен, яғни осы шақпен байланысын білдіретін етістіктің грамматикалық категориясы. Алайда барлық амал-әрекеттің орындалу мерзімін өткен шақ, осы шақ және келер шақ деп үш өлшеммен өлшеу қаншалықты шынайы? Мысалы үшін орта ғасыр ескерткіштерінде осы шақ пен келер шақтың көрсеткіштері бірдей. Сол секілді қазіргі түркі тілдерінің өзінде өткен шақтың, осы шақтың және келер шақтың бірнеше түрлері бар. Шынайы дүниедегі уақыт пен грамматикалық шақ категориясы бір-бірімен толық сәйкеспесе де, бір-бірімен байланысты ұғымдар. Сондықтан да орта ғасыр жазба ескерткіштері тілін зерделегенде шақ формаларының осыған дейін және осыдан кейін жүзеге асқан немесе асатын амал-әрекеттерді білдіретін формалар болып жіктелгендігін көреміз. Мақалада мәмлүк қыпшақ тіліндегі шақ категориясы жасайтын қосымшалардың функционалдық және тұлғалық еркешеліктері мен қолдану жиілігі, даму жолдары секілді мәселелер қарастырылады.
  • ItemOpen Access
    САЯСИ ДИСКУРСТЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН ҚЫЗМЕТІ
    (СДУ хабаршысы - 2017, 2017) Жұмағұл А.Ә. ; Ордабекова Х.А.
    Аңдатпа. Бұл мақалада институционалды дискурстың бір тармағы болып табылатын саяси дискурстың құрылымы туралы баяндалды. Саяси дискурстың басқа дискурстың түрлері секілді өзіндік қатысушылары мен құрылымы, мазмұны, мақсаты жəне қоғамда атқаратын қызметі болатыны негізге алынды. Басқа дискурс түрлерінен айырмашылығы ретінде оның қоғамның бүкіл саласына, алуан түрлі əлеуметтік институттарды қамтитындығы түсіндірілген. Институционалды дискурстың бір тармағы ретінде мемлекеттің өз ішінде жəне халықаралық саяси аренада мүддесін қорғауда саяси дискурс басқа дискурс түрлерінен өте жоғары тұратынын атап өтілді. Дискурстың саясаттағы формасы, мазмұны жəне əлеуметтік-саяси контексті оның қатысушылары арқылы анықталатындығы мен мамандар тарапынан ұысынылып жүрген саяси шешімнің қабылдануына əсер ететін негізгі 3 деңгейдің қызметін сараланды. Саяси дискурстың атқаратын он төрт қызметіне жеке-жеке анықтама берілді.
  • ItemOpen Access
    ӨМІР ФИЛОСОФИЯСЫНЫҢ КӨРКЕМ ТУЫНДЫСЫ
    (СДУ хабаршысы - 2017, 2017) Т.С. Тебегенов
    Аңдатпа. Әлем өркениеті кеңістігіндегі халықтардың сөз өнері мұралары - жалпыадамзатқа ортақ рухани құндылық қазынасы. Авторлары ұмытылған – фольклорланған мұралар мен авторлары мәлім ауызша және жазбаша әдебиет туындылары көрнек өнерінің барлық түрлері (сөз өнері, әуез өнері, бейнелеу өнері, сымбат өнері, сәулет өнері) көркемдік-эстетикалық заңдылықтары негізінде жасалып, тіршіліктану әлемінің сан түрлі бояулы, көп дауысты, мол үнді, әрі үндес, әрі бірбіріне ұқсамайтын болмысты-бітімді, ғарыштық-ғаламдық кеңістік заттарының, құбылыстарының болмысын танытады. Бұл орайда, академик-жазушы З. Қабдоловтың көркемөнер түрлеріне, оның ішінде әдеби шығармаларға тән поэтикалық-эстетикалық сипат туралы бағалауын айрықша назарға аламыз.
  • ItemOpen Access
    PARAMETERS OPTIMIZATION OF DECISION TREE AND KNN ALGORITHMS FOR BREAST CANCER PREDICTION
    (СДУ хабаршысы - 2017, 2017) Meraliyev M.M. ; Orynbekova K.Ye. ; Hasanov D. ; Zhaparov M.K.
    Abstract. Throughout the 20th century, views about breast cancer have drastically changed. Breast cancer is the most common cancer in women worldwide, with nearly 1.7 million new cases diagnosed in 2012. This type of cancer is the second most common cancer overall. There is lot of information and data, which give opportunity for analyzing some processes, make some researches in classification and in data mining fields, test some tools of machine learning and make experiments for tuning main methods of supervised learning. Main part of project is creating useful tool for predicting breast cancer with high accuracy before getting ill or in initial stage of disease. This work is fascinating because the goal is to implement a lot of tools for creating web system, which can make effective prediction analysis. In other word, we can anticipate the future for women diseases.
  • ItemOpen Access
    ОНЛАЙН КУРСЫ ПО IT-ТЕХНОЛОГИЯМ ДЛЯ ИНФОРМАЦИОННО-ОБУЧАЮЩЕЙ СИСТЕМЫ
    (СДУ хабаршысы - 2017, 2017) Сербин В.В. ; Смайыл А.М.
    Аннотация. Целью проекта является повышение качества подготовки и переподготовки специалистов и преподавателей в области современных информационно-коммуникационных технологий за счет информационно-образовательной системы, включающей интерактивные онлайн-курсы интерактивных услуг, разработанные лучшими преподавателями казахстанских IT-специальностей. Трансформация лучшего контента для информационно-коммуникационных технологий, а также сбор, систематизация и централизация лучших курсов казахстанских ИКТ-технологий на единой платформе. В результате проект решает сложную многоступенчатую задачу обучения/ переподготовки специалистов в области информационных и коммуникационных технологий не только в стенах Международного университета информационных технологий, но и далеко за его пределами.
  • ItemOpen Access
    КӨП ПАРАМЕТРЛІ ӨЛШЕУ КОНЦЕПЦИЯСЫ
    (СДУ хабаршысы - 2017, 2017) Ожикенов К.А. ; Айтимов М.Ж. ; Михайлов П.Г.
    Аңдатпа. Бұл мақала көптеген концепцияның көптеген қасиеттерін көрсетеді. Көп функционалды датчиктерді түрлендіру əдістерін сипаттау, сонымен қатар олардың схемалары ұсынылған. Ракеталы–космостық жəне ұшу техникасын (РКҰТ) жасауда жəне сынауда негізгі бақыланатын параметрлерге (60...80% дейін) қысым, температура жəне діріл жатады. РКҰТ–ның аэродинамикалық зерттеулер кезінде туындайтын акустикалық жəне дірілдік жүктемені, қысым пульсациясының шамасын жəне температуралық өріс градиенттерін бір мезгілде бақылауға жəне өлшеуге көпқызметті датчиктер мүмкіндік береді. Көпқызметті (аралас) датчиктерді қолдану өлшеудің ақпараттық толықтылығын арттырып қана қоймай, сыртқы əсерлерден пайда болатын қателіктерді азайтуға мүмкіндік береді, себебі температура мəндері жəне діріл деңгейі туралы қосымша ақпарат қателіктерді автоматты түзетуге мүмкіндік береді.
  • ItemOpen Access
    «АБАЙ ЖОЛЫНЫҢ» 1-КІТАБЫНДАҒЫ КӨРКЕМДІК КІЛТ
    (СДУ хабаршысы - 2017, 2017) Күдеринова Қ.Б.
    Аңдатпа. Мақалада қазақ сөз зергері М.Әуезовтің «Абай жолы» тарихи туындысының алғашқы кітабының тіл көркемдігіне талдау жасалады. Тіл көркемдігі деп қазіргі ешбір сөздіктерде тіркелмеген, не сөз тіркесі, не тұрақты сөз тіркесі, не идиома, не болмаса архаизм, историзм, я диалектизмдер болып табылмайтын тұрақты оралымдардың қолданылу стилін алады. Автор қазіргі көркем мәтіндердегі кодталған осындай сөздердің мағынасы бүгінгі жас оқырмандарға түсініксіз болғандықтан оқылмай кететініне және сондықтан классикалық шығармалардың оқылмай бара жатқанына назар аудартады. Сол себептен мәтінде кодталған тарихимәдени сөздердің мағынасын контекст арқылы аша отырып, оқырманның эстетикалық санасын оятудың жолдарын қарастыруға шақырады. Әлеуметтік-бұқаралық сананы қалпына келтіру жоларын қарастыруды алға қояды. Бұл түптеп келгенде қазақ тілінің жаппай қолданыс табуына бастайтын іс екендігін болжайды.
  • ItemOpen Access
    РЕКЛАМНОЕ ДЕЛО ВО ВНУТРЕННЕМ ТУРИЗМЕ
    (СДУ хабаршысы - 2017, 2017) З.С. Оразбекова
    Данная статья посвящена особенностям рекламы в современной туристической сфере, где отображены ее основные функции и цели, а также отличительные черты. Реклама в современном мире представляет собой сложное социальное явление, далеко шагнувшее за рамки вида трудовой деятельности человека, также представляет собой не просто бизнес, а более широкое явление, охватывающее фактически все сферы жизни общества, в том числе и туризм. Нынешняя индустрия туризма имеет свою специфику, так как оперирует фактически не материальными товарами, а услугами. Особенностями туристических услуг являются неосязаемость, неспособность к хранению, подверженность сезонным колебаниям, что в свою очередь актуализирует место рекламы. Соответственно, реклама в современном глобальном мире является неотъемлемой частью функционирования сферы услуг туризма.
  • ItemOpen Access
    Қ. БЕГМАНОВ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ҚОҢЫР ҮН
    (СДУ хабаршысы - 2017, 2017) Г. Н. Ниязбекова
    Аңдатпа. Поэзияның көркемдік сипаты мен бейнелеу құралдарын, тілдің ырғақтық, интонация байлығын қолдануында елеулі өзгешеліктер бар. Алайда поэзияда адамның ой-сезімі әдейі сырттай көркем делмейді, әдебиет пен өнердің басқасалаларындағы көркемдік, бейнелілік ойлау жүйесіне, сезім дүниесіне тән. К.Бегманов - жарқын, талантты ақын. Егопоэзия ар-ұжданымызды оятады. Олар қоғам үшін алаңдаушылық мәселелері бойынша, әдебиет және жазушылар тағдыры туралы болып табылады. Ақын туған жері, ана тілі, тарихы және өнері туралы жырлайды. К.Бегмановтың Қазақстан баспаларда жарияланған поэзия жинақтары елдің ұлттық мәдениетінің алтын қорына енген.