2 results
Search Results
Now showing 1 - 2 of 2
Item Open Access ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МЕДИА САЛАСЫ БОЙЫНША МАМАНДАР (ЖУРНАЛИСТИКА, КИНОТАНУ, КИНО ЖӘНЕ ТЕЛЕ-ДРАМАТУРГИЯ, ОПЕРАТОРЛЫҚ , ХАЛЫҚПЕН ҚАТЫНАС Ж.Т.Б.) ДАЯРЛАЙТЫН ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДАҒЫ ОҚУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН ДЕМОКРАТИЗАЦИЯЛАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ(Suleyman Demirel University, 2016) Молдияр ЕргебековМедиа мамандығы бойынша білім беретін əрбір институттың білуі міндетті болып табылатын бір фактор бар. Бұл фактор, медиа мамандарының қоғамның демократиялық қоғамға айналуына маңызды рөл ойнайтын мамандық иелері екендігі. Еркін əрі демократиялық қоғам алдымен еркіндік пен демократияға мəн беретін, бұл құндылықтарды өзінің өмір сүру салтына айналдырған медиа мамандары арқылы қалыптасады. Сондықтан да Қазақстандағы медиа мектептерінің оқу бағдарламасындағыклассикалық педагогика түсінігін трансформациялап, интерактивті əсерге мүмкіншілік беретін, диалогқа сүйенетін, студенттің сыни жəне аналитикалық ойлану қабілетін дамытуға жағдай жасайтын, өз ойын дəріс барысында еркін əрі жүйелі түрде жеткізе алатын ортаны қалыптастырар болсақ, алдағы жылдарда еліміздегі медианы əрі сөз бостандығына, əрі адам мен табиғат құқықтарына жіті мəн беретін бағытта трансформациялайтын медиа профессионалдарының өсіп жетілуі тұрғысынан маңызды адым жасаған болар едік.Item Open Access БАЛАЛАР ЖЫЛЫНДА БАҚ БАЛАЛАР СУИЦИДІН ҚАЛАЙЖАЗДЫ? ЕГЕМЕН ҚАЗАҚСТАН ГАЗЕТІНІҢ МЫСАЛЫНДА(SDU Journal of Media Studies, 2023) Наргиза ЕресМақала мазмұны медианың балалар жылында суицид тақырыбын қалай жазғанын зерттейді. Әсіресе балалар суицидіне қатысты мақалалардың мәні қаншалықты этикаға сай екенін анықтауды мақсат етеді. Зерттеу объектісі ретінде мемлекеттік басылым Егемен Қазақстан газеті таңдалды.Сапалық зерттеу әдісін қолданған мақаламызда суицид тақырыбының әлемдік деңгейдегі жазылу тәжірибесі мен теорияларына сүйенеміз. Күн тәртібі теориясының шеңберінде материалдарға талдаужасаймыз, сонымен қатар, Вертер эффектісі, Папагено эффектісі сынды суицидпен қатар айтылатын ұғымдарға шолу жасаймыз. Қазақстан медиасында, соның ішінде жаңалықтардағы суицид тақырыбының этикалық тұрғыдан жазылу барысына талдау жасаймыз. Сонымен қатар таңдалған ақпарат құралының 2022 жылдағы балалар суицидіне қатысты бір жылдық мақалаларын топтастыра отырып, контент анализ көмегімен суицид тақырыбын жазуда ақпарат құралдары қандай этикаға қайшы сөз тіркестерін қолданатынын анықтадық.Бұқаралық ақпарат құралдарындағы “өз-өзіне қол жұмсау” жаңалықтары сенсация, рейтинг және трагедияны көрсету үшін емес, аудиторияның өмірге жауапкершілігін және "көпшіліктің білу құқығымен" теңестірілуі керек ақпараттарды ұсыну маңызды екенін алға тартады.