3 results
Search Results
Now showing 1 - 3 of 3
Item Open Access ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДА БЛУМ ТАКСОНОМИЯСЫН ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ(2021 International Young Scholars' Conference, 2021) Айтқазина Т.Аңдатпа Мақалада мақалада қазақ тілін оқытуда Блум таксономиясын қолданудың тиімділігі талқыланады. Қазақ тілін оқытуда мұғалімнің білім мен дағдылар қалыптастырып, жас буынның ой-өрісін дамытып, функционалды сауатты оқушыларды тәрбиелеп шығаруда және қазақ тілін оқытуда Блум таксономиясын барынша тиімді пайдаланудың әдістік қолданыстары мен ерекшеліктері жан-жақты қарастырылады. Блум таксономиясының білім беру процессіндегі, соның ішінде қазақ тілін оқытудың әдіс-тәсілдері ұсынылады.Item Open Access ҚАЗАҚ ТІЛІН ИНТЕГРАЦИЯЛАЙ ОҚЫТУ МӘСЕЛЕСІ(СДУ хабаршысы - 2021, 2021) M.C. Жолшаева; Д. Алясова; Ж. Балтамуратова; М. КанжигалиноваАңдатпа. Мақалада қазақ тілін басқа пәндермен кіріктіре оқыту мәселесі қарастырылады. «Интеграция» лексемасының терминдік мәні айқындалып, педагогика ғылымындағы интеграциялау оқыту мәселесі талданады. Қазақ тілі пәнінен білім мазмұнын игертуде басқа пәндермен, атап айтқанда әдебиет, тарих пәндерімен кіріктіре оқытудың тиімді жақтары нақты мысалдармен дәйектеле отырып көрсетіледі.Item Open Access Тестілік бағалау және Блум таксономиясы(Suleyman Demirel University, 2009) Йылмаз СатылмышБұл мақалада тестілік бағалау жүйесінің орта білім беру үдерісіндегі маңыздылығы және Блум таксономиясының сұрақтарды сапалы құрастырудағы рөлі қарастырылады. Тест әдісі оқушылардың білімін нақты, тиімді және уақытты үнемдей отырып бағалауға мүмкіндік беретіні көрсетіледі. Сонымен қатар тест сұрақтарының деңгейлік жіктелуі оқушының есте сақтау, түсіну, қолдану, талдау, синтез және бағалау қабілеттерін жүйелі дамытуға бағытталатыны атап өтіледі. Мақалада әр деңгейді сипаттай отырып, тест дайындауда жіктеудің практикалық мәні, оның оқу процесіндегі қайталау, бақылау және қорытынды бағалаудағы тиімділігі түсіндіріледі. Зерттеу нәтижелері тестік бағалауды дұрыс ұйымдастыру арқылы оқушылардың танымдық белсенділігі мен білім сапасын арттыруға болатындығын көрсетеді.