Search Results

Now showing 1 - 3 of 3
  • ItemOpen Access
    1929-1940 ЖЫЛДАРДАҒЫ ЛАТЫН ГРАФИКАЛЫ ҚАЗАҚ ЖАЗУЫНЫҢ ТАРИХИ ТАҒЫЛЫМЫ
    (СДУ хабаршысы - 2018, 2018) Күдеринова Қ.Б.; Абдиева М.
    Аңдатпа: Бұл мақалада 1929-1940 жылдардағы латын графикалы қазақ жазуының тарихи тағылымы сөз болады. Зерттеу нәтижесі латын графикасымен басылған қазақ кітаптары туралы еңбектердің жоқ екендігін көрсетеді. 1929-1940 жылдары латын графикасымен Қазақстанда жарық көрген кітаптардың тізбесі жасалынып, кестемен көрсетілген. Кітаптардың авторлары, редакторлары, қай қалаларда басылғандығы да көрсетілген. Мақалада латын графикасындағы қазақ әліпбиімен 1929 жылдан емес, 1928 жылдан бастап шыға бастағаны айтылады. 1928 жылы 5000 тиражбен жарық көрген Байділдаұлы Ә. «Жаңа әліппе туралы» еңбегі талданады. Кітаптағы орфографиялық және пунктуациялық ерекшеліктер айтылады. Мәселен, «бас әріпке байланысты қиындықтар», «/в/-ның үлкен әріп нұсқасы», «қысаң езуліктердің емлесі», «и, у дыбыстарының жазылуы», «кейбір дауыссыз дыбыстардың жазылуы», «сөздерді бірге, бөлек жазудағы өзгерістер»,«кейбір тыныс белгілердің қолданылуы» секілді ерекшеліктер талданады.
  • ItemOpen Access
    Қазақ әліпбиін латын әліпбиіне ауыстыру
    (Suleyman Demirel University, 2007) Тлепбергенова Ж; Султанова Н
    Мақалада қазақ тілінің қазіргі жағдайы мен оны дамытудың негізгі бағыттары қарастырылады. Автор қазақ тілінің болашағы ұлттың рухани тәуелсіздігімен тығыз байланысты екенін атап өтеді. Тарихи тұрғыдан алғанда, тілдің отарлық кезеңдерде шектеуге ұшырауы мен қазіргі кезеңдегі қайта жаңғыру үдерісі салыстырылады. Тілдің дамуына кедергі келтіретін басты себептердің бірі ретінде әліпби мен жазу ережелеріндегі күрделілік, сондай-ақ қазақ тіліне тән емес дыбыстардың қолданылуы талданады. Мақалада ұлттық әліпбиді жетілдіру, тілдің табиғи заңдылықтарын сақтау және түркі халықтарының жазу жүйелерін бірыңғайландыру мәселелері қарастырылады. Сонымен қатар, ақпараттық технологиялар мен жаһандану жағдайында қазақ тілінің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың маңызы айқындалады. Автордың пікірінше, қазақ тілін дамытудағы басты қадам — әліпбиді және жазу ережелерін ұлттық ерекшелікке сай оңтайландыру болып табылады.
  • ItemOpen Access
    БҰРЫНҒЫ КЕҢЕСТІК ТҮРКІ ТІЛДЕРІ ЖАЗУЛАРЫНДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕР
    (Suleyman Demirel University, 2016) Күдеринова Қ.Б.
    Мақалада бір әліпбилік жүйені қолданатын советтік және түркі тілдер ерекшеліктерінен, оларлдың арасындағы ақпарат алмасу кезінде туындайтын қиындықтар қарастырылады. Сол себептен автор бірыңғай әліпбилік жүйені ұсынады. Өзекті мәселе болып туыс тілдердің ортақ жазу ережелерін қабылдау сұрағы талқыланды.