5 results
Search Results
Now showing 1 - 5 of 5
Item Open Access МӘТІНДІ ПРАГМАТИКАЛЫҚ ТАЛДАУ(2021 International Young Scholars' Conference, 2021) Валибаева Н.Мақалада мәтінді прагматикалық талдау және оны оқытудың әдіс-тәсілдері қарастырылады. Мәтінді көп өлшемді зерттеу, оны прагматикалық талдау автор мен оқырманның өзара әрекеттесуін ашады. Прагматикалық мәтіндерді қолдана отырып, тілді оқытудың тиімділігі мен оң тәжірибесі әртүрлі зерттеулерде дәлелденген. Ол адресаттың берген ойын жан-жақты талдап, толық қабылдап іске асыруға мүмкіндік береді. Прагматикалық талдау әдісі көркем шығармаларға да, баспасөз мақалаларына да толық қарастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар мектеп қабырғасында мәтінді прагматикалық тұрғыдан талдай алатын оқушы оны құрастыруға да қабілетті болады. Яғни бұл оның шығармашылық қабілетін ашуға мүмкіндік беріп, оны жан-жақты дамытуға да пайдасы мол. Бұл мақалада мәтінді прагматикалық талдаудың маңыздылығын толықтай ашып және оларды оқытуда тиімді әдіс-тәсілдер беріледі. Бұл талдау әдісін мектеп оқушыларына үйрете отырып, олармен мектеп бағдарламасында берілген көркем мәтіндермен жұмыс істеу, оқушылардың өздеріне дайын прагматикалық мәтін құрастыра алуды үйрету – бұл жұмыстың негізгі мақсаты.Item Open Access ХАЛЫҚ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ ҮЛГІЛЕРІН ОҚЫТУДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ТАПСЫРМА ТҮРЛЕРІ (ОРТА СЫНЫПТАР НЕГІЗІНДЕ)(СДУ хабаршысы - 2018, 2018) Э. МансуроваАңдатпа. Қазіргі таңда оқушылардың шығарманы жатқа немесе мазмұнын айтуы – білу, түсіну деңгейінде ғана. Бұл екеуі ойлау деңгейінің ең төменгі сатылары. Мұғалім баланы қолдану, талдау, жинақтау, бағалау деңгейіне жеткізуі тиіс. Осыған орай көркем шығарма қалай талдану керек деген мәселе өзекті болып отыр. Яғни, көркем шығармаларды талдау барысында тиімді әдістерді қолдану өте маңызды. Ауыз әдебиетінің үлгілерін оқыту барысында шығарманың тақырыптықидеялық ерекшеліктерін түрлі тапсырмалар арқылы талдау оқушылардың тақырыпты меңгеруде тиімді болмақ. Мақалада қазақ әдебиеті сабағында ауыз әдебиеті үлгілерінің, оның ішінде: ертегі, жыр, аңыздың тақырыптық-идеялық ерекшеліктерді талдау барысында қолданылатын тапсырмалар түрлерін қарастыру. Тапсырмалардың артықшылықтары мен кемшіліктерін саралап, қай тапсырманы қолдану тиімді болатынына көз жеткізу. Орта сынып оқушылардың әдебиет сабағында қызығушылықтарын арттыру мақсатында, берілетін тапсырмалар түрін ойын ретінде өткізіп, шығарманың тақырыбы мен идеясын меңгерту.Item Open Access ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫ ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫҢ РӨЛІ(СДУ хабаршысы - 2020, 2020) ХА. Ордабекова; А. БекмұқаметАңдатпа. Мақалада қазіргі білім беруде ұлттық құндылықтарды қолдану мен білімалушылардың тұлғалық құзыреттілігін қалыптастыру мәселесі сөз болады. Жеке тұлғаны дамытудағы мәселелер талданды. Білімалушылардың ұлттық құндылық қасиеттерін қалыптастыру барысында қазақ тілі сабағы мен мектепішілік жүргізілетін іс-шараларға талдау жасалынды. Жалпы педагогтардың өз білімін жетілдіруі мен кәсіби маман болудағы өз тәжірибелеріне ендіруге болатын, тиімділігі бар ұлттық құндылықтарды қалыптастыру әдістеріне шолу жасалды.Item Open Access ФИЗИКА САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ(СДУ хабаршысы - 2022, 2022) А.Б. Медешова; Ф.Н. ҚұттығұлАңдатпа. Мақалада оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру мәселесі туралы сөз болады. Өзіндік жұмыс оқу үдерісінің манызды құрамдас бөлігі ретінде көрсетілген. Өзіндік жұмысты ұйымдастыруда кездесетін мәселелерге, қойылатын талаптарға жан-жақты талдау жасалынған. Физика сабағында оқушыларға өзіндік жұмысты орындату арқылы білім сапасын арттыру жолдары нақтыланған.Item Open Access ФРАЗЕОЛОГИЯНЫ ОҚЫТУДА КОГНИТИВТІКОММУНИКАТИВТІ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРДІ ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА ҚОЛДАНУ(СДУ хабаршысы - 2023, 2023) Мереева Ә.Аңдатпа. Мақала қазақ фразеологиялық жүйесін оқытудың когнитивті және коммуникативті әдіс-тәсілін анықтауға бағытталған. Қазақ фразеологиясының типологиялық және лексика-семантикалық сипаты, фразеологизмдердің функционалды - стилистикалық жіктелімі және прагматикалық сипаты туралы анықтамалар бере келе, когнитивті сипаттары қарастырылады. Зерттеу жұмысының қорытындысы ретінде мектепте фразеологизмдерді оқытудың когнитивті-коммуникативті моделін жүзеге асыру бойынша тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың нәтижелерін талдау жұмыстары ұсынылып, алдыға қойылған мәселелерді шешудің тиімді жолдары анықталады. Тіл білімінің лингвистикалық саласынан бастау алатын когнитивті сала мен когнитивті саланы белгілі бір тақырыпты меңгеруде қолдану бүгінгі таңда креативті жолдардың бірі саналады. Мақала қазақ тіліндегі фразеологизм тақырыбын когнитивтікоммуникативті әдістерге салу арқылы оқытудың тиімді нәтижелерін көрсетеді. Зерттеу жұмысын қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері әдістемелік көмекші құрал ретінде пайдалана алады.