Search Results

Now showing 1 - 7 of 7
  • ItemOpen Access
    Қ. БЕГМАНОВ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ҚОҢЫР ҮН
    (СДУ хабаршысы - 2017, 2017) Г. Н. Ниязбекова
    Аңдатпа. Поэзияның көркемдік сипаты мен бейнелеу құралдарын, тілдің ырғақтық, интонация байлығын қолдануында елеулі өзгешеліктер бар. Алайда поэзияда адамның ой-сезімі әдейі сырттай көркем делмейді, әдебиет пен өнердің басқасалаларындағы көркемдік, бейнелілік ойлау жүйесіне, сезім дүниесіне тән. К.Бегманов - жарқын, талантты ақын. Егопоэзия ар-ұжданымызды оятады. Олар қоғам үшін алаңдаушылық мәселелері бойынша, әдебиет және жазушылар тағдыры туралы болып табылады. Ақын туған жері, ана тілі, тарихы және өнері туралы жырлайды. К.Бегмановтың Қазақстан баспаларда жарияланған поэзия жинақтары елдің ұлттық мәдениетінің алтын қорына енген.
  • ItemOpen Access
    М.О. ӘУЕЗОВ ПРОЗАСЫН ПОЭТИКАЛЫҚ ТҰРҒЫДАН ТАЛДАУ НЕГІЗДЕРІ
    (Suleyman Demirel University, 2015) Еркінбай Ұлан
    Қазақ көркем сөзінің кеңістігінде М.Әуезов прозасының орны тайға таңба басқандай айқын. Ал осы таңбаны танып, шынайы бағасын беру Әуезов прозасының көркемдік бітімін кешенді зерттеуді талап етеді. Бұл алғашқы және негізгі қадам. Мұнда біз поэтиканы - көркемдік бітім ұғымымен, ал теориялық поэтиканы - мәтінді кешенді түрде өнер ретінде пайымдау ұғымымен мағыналас етіп алып отырмыз. Әуезов прозасының сөз өнері контекстіндегі көркемдік бітімін саралау аса ауқымды мәселе. Көркемдік бітім - кез келген шығарманың мағыналық һәм тілдік, құрылымдық категорияларын қатар қамтитын термин. Дәйекті көркем сөзге, оқиғаны өнерге өрістететін де осы термин.
  • ItemOpen Access
    МӘДЕНИ ТАНЫМ КЕҢІСТІГІНДЕГІ КӨРКЕМ СӨЗДІҢ СПЕЦИФИКАЛЫҚ ОРНЫ
    (Suleyman Demirel University, 2014) Ұлан Еркінбаев
    Көркем сөздің спецификасын зерделеу аса кең танымдық жетістіктерді нақты категориялар негізінде қарастырады. Ал қазіргі кең ауқымдағы мәдениетаралық диалог мәселесі әлемдік гуманитарлық ғылымдар жүйесіндегі күрделі әдіснамалық өзгерістердің орын алуына сеп болуда. Мұның іс-тәжірбиелік жағымен қоса, теориялық жағы да бар. Сонымен қатар, көркем сөздің пәндік міндеті бүгінде өзіндік бесаспап гуманитарлық маңызға ие болып отыр. Себебі, көркем сөзді жеке құбылыс ретінде қарастырудың теориялық байламдары – діндер тарихы, философия, мәдениеттану, антропология, эстетика, логика, өнер теориясы мен тарихи процесс, құрылымдық лингвистика мен математикалық логика секілді ғылым салаларымен тікелей байланысты.
  • ItemOpen Access
    Әдеби шығарманың құрылымдық сипаты
    (Suleyman Demirel University, 2009) Еркінбаев Ұлан
    Мақалада Ахмет Байтұрсынұлының «Әдебиет танытқыш» еңбегіндегі әдеби шығарманың құрылымдық элементтері қарастырылады. Әдебиет түсінігі кең мағынада «сөз өнерінен жасалған нәрсе» ретінде түсіндіріліп, шығарманың сыртқы және ішкі құрылымдық белгілері: тақырыбы, жоспары, мазмұны және түрі талданады. Тақырып авторлық пікірге сәйкес анықталып, шығарманың негізгі идеясын білдіреді. Жоспар шығарманың логикалық реттелуін көрсетсе, мазмұн тек құрылымдық қызметімен сипатталады. Ғалым әдебиетті тек мәтін ретінде емес, сөз өнерінің тарихи жолымен қалыптасқан рухани құндылық ретінде қарастырады.
  • ItemOpen Access
    ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ЗАМАН МЕН ҚОҒАМНЫҢ ПОЭТИКАЛЫҚ БЕЙНЕСІ
    (Suleyman Demirel University, 2016) Абиыр А.
    Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы қоғам мен адамға түскен ауыртпалықтың сырын ашып, қазіргі қоғамдағы жастардың басына түскен түрлі әлеуметтік мәселелер ақындардың поэзиясында көрініс тапқан. Тәуелсіздік жылдарындағы әдебиет үшін ең қиын мәселе жалпы әдебиет қоғамға керек пе немесе қажетсіз бе деген екіұшты ұғымды бірізге түсіруден басталғанын білеміз. Қоғамдық ортада материалдық қажеттіліктер алдыңғы қатарға көтерілген уақытта, рухани құндылықтардың мәні төмендей түскені анық. Қоғамда қалыптасқан әлеуметтік психологияның шығармашылық иесіне әсері. Сонымен қатар әдебиеттің дамуына сыртқы және ішкі факторладың әсер еткенін білеміз. Бұл ретте қоғамдық қоршаған ортаның маңызы өте зор. Сыртқы факторлар ретінде ата-бабамыз ертеден аңсаған егемедік, азаттық.
  • ItemOpen Access
    Қытай қазақтарының “қос тілді проза" шығармашылығы жайында
    (Suleyman Demirel University, 2010) Серікбол Дәулеткелдіұлы
    Бұл мақала Қытай Халық Республикасында өмір сүретін қазақ жазушыларының қос тілді (қазақ және қытай тілдеріндегі) проза шығармашылығының қалыптасуы мен дамуын талдайды. Автор 1940-жылдардан кейінгі проза жанрының қалыптасу кезеңдеріне тоқталып, «мәдениет зор төңкерісі» аяқталғаннан кейінгі әдеби серпілісті сипаттайды. Қытай қазақтарының жаңа буын қаламгерлері екі тілді жетік меңгеру арқылы кең өрісті ойлау, күрделі қоғамдық құбылыстарды терең тану және ұлттық дүниетанымды жаңа тәсілмен бейнелеу мүмкіндігіне ие болғаны атап көрсетіледі. Мақалада Әкпар Мәжитұлы, Ғайша Тәбәрікқызы, Еркеш Құрманбекова сынды қос тілді прозаның көрнекті өкілдерінің шығармашылық ерекшеліктері талданады. Олардың ұлттық дәстүр, психология және қазіргі заман өзгерістерін қатар бейнелеуге ұмтылуы, сондай-ақ әлем әдебиетінен нәр алу арқылы стильдік жаңашылдыққа қол жеткізулері көрсетіледі.
  • ItemOpen Access
    Әңгіме жанрын талдау амалдары
    (Suleyman Demirel University, 2010) Сыдықова Ж.Ж.
    "Әңгіме жанрын талдау амалдары" атты оқу құралында көркем прозаның құрылымын, сюжеттік желілерін, образдарын ұтымды амалдар, әдіс-тәсілдер көмегімен салыстыра талдау үлгілері ұсынылған. Бұл оқу құралы әдебиеттанушыларға, оқытушыларға, студенттерге арналған.