Search Results

Now showing 1 - 4 of 4
  • ItemOpen Access
    ИНФОГРАФИКА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРОЦЕСТЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН АҚПАРАТТЫ ВИЗУАЛИЗАЦИЯЛАУ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ
    (СДУ хабаршысы - 2021, 2021) А.Қ. Жакупова; М.C. Жолшаева
    Аңдатпа. Қазіргі уақытта байланыс құралдары ақпаратты ауызша беруден көрнекі түрде көрсетуге ауысады, бұл жанама көрнекілікті жаңа жолмен қалыптастыруға және жеткізуге және оқу ортасын ұйымдастыруға мүмкіндік беретін визуализапияяның жаңа бағыттары мен технологияларының пайда болуына әкеледі. Оқу пропесінде компьютерлік және телекоммуникациялық технологияларды қолдану ақпаратты визуализациялау құралы ретінде инфографиканың дамуына жаңа серпін берді. Инфографикалық тапсырмалар студенттерді мұғалімнің қосымша қолдауынсыз қарым-қатынас дағдыларының барлық түрлерін қолдануға шабыттандырады. Мақалада қазіргі оқу үдерісіндегі инфографиканың қолданылу аясы, ақпаратты визуализациялаудағы әсері жайлы жан-жақты ашып көрсетуге тырыстық.
  • ItemOpen Access
    ОҚУШЫНЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ МАҢЫЗЫ
    (СДУ хабаршысы - 2020, 2020) Ж.K. Бейсебаева
    Аңдатпа. Мақалада қазіргі білім берудің жаңа технологияларын қолдану мен білімалушылардың тұлғалық құзыреттілігін қалыптастыру мәселесі сөз болады. Білім беру талаптарының мазмұнының өзгергені және оны орындаудағы педагог қауымының міндеттері де талданады. Қазақ тілі сабағында функционалдық сауатттылықты қалыптастыру маңыздылығы турасында ғалымдар пікірлері мен тұжырымдарына талдау жасалады. Жаңа технологияларға деген заманауи көзқарас негізінде сараптама жүргізілді. Жалпы педагогтардың өз білімін жетілдіруі мен кәсіби маман болудағы өз тәжірибелеріне ендіруге болатын, тиімділігі бар функционалдық сауатттылықты қалыптастыру әдістеріне шолу жасалды.
  • ItemOpen Access
    ОҚУШЫЛАРҒА СЫЗЫҚТЫҚ ТЕҢДЕУЛЕР ЖҮЙЕСІН КОМПЬЮТЕРЛІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ ҚОЛДАНЫП ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ
    (СДУ хабаршысы - 2022, 2022) В.Г. Бостанов; Д. H. Төлбасы
    Анңдатпа. Бұл мақалада математиканы электронды оқытудың болашақ дамуы үшін ерекше маңызы бар дамыған технологиялар мен GeoGebra қосымшасы арқылы оқытудың тиімділіктері көрсетілген. GeoGebra - бұл геометрия, алгебра, статистика және математикалық талдау бойынша интерактивті қосымша, математика мен жаратылыстану пәндерін бастауыш сыныптан университет деңгейіне дейін оқытып, үйретуге мүмкіндік беретін арнайы программалық орта. Оны белсенді және проблемалы-бағытталған оқыту үшін сыныпта да, үйде де математикалық тәжірибелер мен жаңашылдықтарға қолдануға болады. Бұл жұмыста біз математикалық есептерді Kypy, шешу және суреттеу, сызбалар мен графиктер сызу үшін жоғарыда аталған бағдарламалық жасақтаманы қолданудың эскизін көрсетеміз. Сонымен бірге екі айнымалы бар сызықтық теңдеулер жүйесін GeoGebra қосымшасында пайдаланып, шешу алгоритмі сипатталады.
  • ItemOpen Access
    STEM – БАСТАУЫШ СЫНЫПТА БІЛІМ БЕРУДІ САПАЛЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ ҚҰРАЛЫ
    (Faculty of Education & Humanities, 2024) Әбсаттар Н.
    Бүгінгі таңдағы алуан түрлі цифрлық білім ресурстары кіші жастағы балаларға мүмкіндік бере отырып, оқушыларға әр түрлі құбылыстарды оқып зерттеуге, модельдер құруға және тәжірибеден өткізуге, өз күші мен ұмтылыстарымен өзінің интеллектуалдық әлемін көрсетуге көмектеседі. Осыған байланысты қазіргі заманғы жалпы білім беретін мектептерде мақсатқа бағытталған ғылыми-зерттеу жұмыстары оқушылардың әртүрлі өмірлік жағдайларда қолдануға болатын тәжірибелік дағдыларды дамытатын тәсілдерінің бірі болып табылады.