Search Results

Now showing 1 - 2 of 2
  • ItemOpen Access
    Мерке өңіріндегі көне түрік ескерткіштері
    (Suleyman Demirel University, 2007) Зинулла Әсем
    Мақалада Мерке өңіріндегі көне түркі дәуіріне жататын археологиялық және ғұрыптық ескерткіштерге қатысты зерттеу жұмыстары баяндалады. Автор 2001–2002 жылдары Сандық жайлауында, Мүйізді қора аумағында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарының нәтижелеріне сүйене отырып, Мерке өңірінің түркі мәдениеті мен рухани өміріндегі орнын сипаттайды. Мәтінде тас мүсіндер, ғибадатханалар мен қорғандардың орналасу ерекшеліктері, олардың символдық және діни мәні қарастырылады. Сондай-ақ, Тәңір мен Ұмай ана культтерінің түркілер дүниетанымындағы рөлі, ер және әйел мүсіндерінің қойылу дәстүрі талданады. Зерттеу нәтижелері Мерке ғибадатханаларының мәдени, рухани және экологиялық тұрғыдан ерекше тарихи кешен екенін дәлелдейді.
  • ItemOpen Access
    Күлтегін жазба ескерткішінің орнатылу барысы және оған қатысты тарихи жазба деректер (қытай жазбалары негізінде)
    (Suleyman Demirel University, 2009) Мұхтархан Оразбай
    Бұл мақалада Күлтегін жазба ескерткішінің орнатылу тарихы мен оның қалыптасу кезеңіне қатысты қытай дереккөздерінде сақталған мәліметтер жүйелі түрде талданады. Зерттеу барысында «Ескі Таң кітабы», «Жаңа Таң кітабы» сияқты қытай жылнамаларындағы деректерге сүйене отырып, ескерткіштің нақты орнатылу уақыты, оның архитектуралық ерекшеліктері мен сол дәуірдегі түрік-қытай дипломатиялық байланыстары арасындағы сабақтастықтар қарастырылды. Қытай жазбаларында Күлтегін батырдың елдік істері ерекше бағаланып, ескерткіштің тұрғызылуына императорлық сарайдың тікелей қатысқаны айтылады. Сонымен қатар, ескерткіштің кейінгі ғасырларда саяси, мәдени және тарихи тұрғыдан қабылдану деңгейі де назарға алынды. Мақаланың негізгі мақсаты – ежелгі түрік өркениетінің маңызды мұраларының бірі болып табылатын Күлтегін ескерткішінің тарихи маңызын ашып, оның шынайы орнатылу барысын жазба деректер негізінде қайта пайымдау.