3 results
Search Results
Now showing 1 - 3 of 3
Item Open Access КАРИКАТУРА — САЯСИ ДИСКУРСТЫҢ БІР ЖАНРЫ РЕТІНДЕ(СДУ хабаршысы - 2017, 2017) А.Ә. Жұмағұл; Х.А. ОрдабековаАңдатпа. Бұл мақалада мәтінге лингвистикада қойылатын талаптар туралы жазылды. Уақыт өте келе мәтінге алғашқы уақыттарда берілген анықтамалар бүгінгі таңдағы мәтін ұғымын жан-жақты ашып бере алмайтындығы сөз етілді. Тіл білімінде мәтінді синтаксистік бірлік, бір ойды білдіретін, логикалық байланысқа құрылған сөйлемдер жиынтығы деп қана тану аясы тар тұжырым. Қазіргі таңда мәтін ақпараттылық, жинақтауыштық, модальдылық, адресаттылық, дискреттілік категориясына сәйкес келу керек. Бұл категориялар қазіргі тіл білімінде мәтін мен дискурсқа қойылатын талаптар іспетті. Осы категорияларға жауап бере алатын креолды мәтіндер болып табылады. Мақалада карикатураны креолды мәтіннің бір түрі ретінде алып, мазмұндық белгісіне сәйкес саяси дискурстың бір жанры болғандықтан, алдымен оның ақпараттылығын қарастырылады. Мақалада қазақ тіл білімінде алғаш рет карикатураны саяси дискурстың жанры ретінде қарастыру мәселесі жазылған.Item Open Access САЯСИ ДИСКУРСТЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН ҚЫЗМЕТІ(СДУ хабаршысы - 2017, 2017) Жұмағұл А.Ә. ; Ордабекова Х.А.Аңдатпа. Бұл мақалада институционалды дискурстың бір тармағы болып табылатын саяси дискурстың құрылымы туралы баяндалды. Саяси дискурстың басқа дискурстың түрлері секілді өзіндік қатысушылары мен құрылымы, мазмұны, мақсаты жəне қоғамда атқаратын қызметі болатыны негізге алынды. Басқа дискурс түрлерінен айырмашылығы ретінде оның қоғамның бүкіл саласына, алуан түрлі əлеуметтік институттарды қамтитындығы түсіндірілген. Институционалды дискурстың бір тармағы ретінде мемлекеттің өз ішінде жəне халықаралық саяси аренада мүддесін қорғауда саяси дискурс басқа дискурс түрлерінен өте жоғары тұратынын атап өтілді. Дискурстың саясаттағы формасы, мазмұны жəне əлеуметтік-саяси контексті оның қатысушылары арқылы анықталатындығы мен мамандар тарапынан ұысынылып жүрген саяси шешімнің қабылдануына əсер ететін негізгі 3 деңгейдің қызметін сараланды. Саяси дискурстың атқаратын он төрт қызметіне жеке-жеке анықтама берілді.Item Open Access Қаңтар оқиғасының халықаралық медиадағы репрезентациясы: The New York Times пен Financial Times материалдарының фреймдік талдауы(SDU University, 2026) Өскен Д.Бұл мақала 2022 жылғы Қазақстандағы Қаңтар оқиғасының халықаралық бұқаралық ақпарат құралдарында қалай репрезентацияланғанын фреймдік талдау негізінде салыстырмалы түрде зерттеуге арналған. Зерттеудің негізгі мақсаты – Қаңтар оқиғасының The New York Times және Financial Times басылымдарында қандай интерпретациялық фреймдер арқылы ұсынылғанын анықтау және екі медианың репрезентациялық ерекшеліктерін салыстыру. Аталған басылымдар АҚШ пен Ұлыбританияның жетекші халықаралық медиалары ретінде таңдалып, олардың редакциялық және институционалдық айырмашылықтары зерттеу үшін маңызды контекст ұсынады. Зерттеу әдіснамасы сапалық контент-талдау мен фреймдік талдауға негізделеді. Әр басылымнан бес мақаладан іріктеліп, мәтіндер MAXQDA бағдарламасының көмегімен кодталды. Талдау барысында қауіпсіздік пен зорлықзомбылық, элиталар арасындағы билік үшін күрес, хаос пен тәртіпсіздік, әлеуметтік-экономикалық наразылықтар, мемлекеттік легитимділік және наразылықтың заңдылығы сияқты негізгі фреймдер анықталды. Бір мәтіндік фрагменттің бірнеше фреймді қатар қамту мүмкіндігі ескерілді және бұл медиадағы күрделі репрезентациялық құрылымды көрсетуге мүмкіндік берді. Зерттеу нәтижелері The New York Times басылымында қауіпсіздік пен зорлық-зомбылық, хаос және тұрақсыздық фреймдерінің басым екенін, ал Financial Times материалдарында элиталық билік қатынастары, мемлекеттік басқару және институционалдық тұрақтылық фреймдеріне көбірек мән берілгенін көрсетті. Сонымен қатар, екі басылымда да әлеуметтік-экономикалық себептер мен наразылықтың легитимділігі шектеулі деңгейде репрезентацияланғаны анықталды. Мақала нәтижелері халықаралық медиада Қаңтар оқиғасының біртекті емес, әртүрлі интерпретациялық логика арқылы ұсынылғанын көрсетіп, фреймдік талдау әдісінің саяси оқиғаларды зерттеудегі тиімділігін айқындайды.