3 results
Search Results
Now showing 1 - 3 of 3
Item Open Access ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ФУНКЦИОНАЛДЫ СТИЛЬДЕРДІҢ ЗЕРТТЕЛУІ(Suleyman Demirel University, 2020) Кубесова М.Е.Мақалада функционалды стиль терминіне ғылыми зерттеулер нәтижесінде шыққан анықтамалар, тұжырымдар ұсынылады. Қазақ тіл біліміндегі ғылыми зерттеулердің нысанына айналған функционалды стильдердің зерттелуіне, жіктелуіне, топтастырылуына, қалыптасуына, дамуына ғылыми шолу жасалып, ерекшеліктері көрсетіліп, тұжырымдар жасалынады. Функционалды стильдердің көптеген мәселелері зерттеу нысанына алынып, стильдік ерекшеліктері ескеріледі. Қазан төңкерісіне дейінгі баспасөз тілін, кеңес дәуіріндегі баспасөз тілін, қазіргі кезеңдегі баспасөздің, радио-теледидар тілін, қазақ ауызекі сөйлеу тілін, ресми тілін, ғылыми тілін, көркем әдебиет тілін жан-жақты зерттеп, түрлі аспектіден қараған ғалымдар тобы жүйеленіп ұсынылады.Item Open Access Оқушыларға публицистикалық стильдің жанрлық түрлерін меңгертудің әдіс-тәсілдері(2022) Қуаныш А.Қ.Диссертациялық жұмысының тақырыбы: Оқушыларға публицистикалық стильдің жанрлық түрлерін меңгертудің әдіс-тәсілдері. Жұмыстың құрылымы: зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан (тараушалардан), қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Диссертациялық жұмыстың көлемі: 84 бет, 7 кесте, 27 сурет, зерттеу барысында 56 әдебиет қаралды. Диссертациялық жұмыстың бірінші бөлімінде тақырыпты ашу мақсатында публицистикалық стиль және оның теориялық негіздеріне тоқталдық. Тіл біліміндегі публицистикалық стильдің зерттелуі мен бөлінісін қарастырдық. Публицистикалық стильдегі сөз жанрларының прагматикалық аспектісі анықталып, публицистикалық стильдің мектеп бағдарламаларындағы көрінісі нақтыланды. Диссертациялық жұмыстың екінші бөлімінде бірінші тараудағы тұжырымдарға сүйене отырып, публицистикалық стильдің жанрлық түрлерін меңгертудің әдістемелік негіздері анықталды. Публицистикалық стильдің жанрлық түрлерін меңгертудің педагогикалық негізі мен оқушыларға публицистикалық стильдің жанрлық түрлерін меңгертудің тиімді әдістәсілдері қарастырылды. Публицистикалық стильдің жанрлық түрлерін меңгертуге қатысты эксперименттік талдау жасадық. Публицистикалық стильді меңгертуде орындалатын жаттығулар мен тапсырмалар осы тарауда ұсынылып отыр. Диссертациялық жұмыстың қорытынды бөлімінде жалпы зерттеу жұмысына шолу жасалынып, ғылыми зерттеудің жеткен мақсаттары нақтыланды.Item Open Access ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ФУНКЦИОНАЛДЫ СТИЛЬДЕРДІҢ ЗЕРТТЕЛУІ(Global Trends and Values in Education, 2020) Кубесова М.Е.Түйіндеме. Мақалада функционалды стиль терминіне ғылыми зерттеулер нәтижесінде шыққан анықтамалар, тұжырымдар ұсынылады. Қазақ тіл біліміндегі ғылыми зерттеулердің нысанына айналған функционалды стильдердің зерттелуіне, жіктелуіне, топтастырылуына, қалыптасуына, дамуына ғылыми шолу жасалып, ерекшеліктері көрсетіліп, тұжырымдар жасалынады. Функционалды стильдердің көптеген мәселелері зерттеу нысанына алынып, стильдік ерекшеліктері ескеріледі. Қазан төңкерісіне дейінгі баспасөз тілін, кеңес дәуіріндегі баспасөз тілін, қазіргі кезеңдегі баспасөздің, радио-теледидар тілін, қазақ ауызекі сөйлеу тілін, ресми тілін, ғылыми тілін, көркем әдебиет тілін жан-жақты зерттеп, түрлі аспектіден қараған ғалымдар тобы жүйеленіп ұсынылады.