2 results
Search Results
Now showing 1 - 2 of 2
Item Open Access Аңыздық халық прозасындағы жалқы есімдер(Suleyman Demirel University, 2011) Қуанышбаева Ж.Б.Мақалада қазақ аңыздық прозасындағы жалқы есімдердің табиғаты, семантикасы, этимологиясы және құрылымы зерттеледі. Зерттеу мифологиялық, тарихи, кітаби-діни және әлеуметтік-утопиялық аңыздарға негізделіп, әр жанрдағы жалқы есімдердің мәтін ішіндегі қызметін қарастырады. Автор қазақ фольклорындағы антропонимдер мен топонимдердің тарихи, географиялық және мәдени мәнін көрсетеді. Мифтік және аңыздық мәтіндерде кездесетін ойдан шығарылған кейіпкерлер мен нақты тарихи тұлғалардың есімдері, сондай-ақ географиялық атаулар арқылы ұлттық тарих пен мәдениетке қатысты ақпарат беріледі. Сонымен қатар, жалқы есімдердің диахрондық және типологиялық ерекшеліктері, олардың мәтін жасаушы мен стильдік құрылымдағы рөлі талданады. Зерттеу қазақ фольклорының ономастикалық кеңістігін, оның ұлттық және тарихи құндылығын ашуға бағытталған.Item Open Access ТҮРКІ ҚАҒАНАТЫ ДӘУІРІ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ МИФТЕРДІҢ ІЗДЕРІ(Suleyman Demirel University, 2016) Алтынбеков Қ.С.Түркі тектес халықтардың ертедегі рухани мұрасы Түркі қағанаты дәуіріндегі әдеби жазбалары жөнінде осы кезге дейін көптеген зерттеулер жазылды десек те, аталған ескерткіштердің әлі де зерттеуді, айқындауды қажет ететін қырлары жоқ емес. Ол жазба ескерткіштерінің фольклормен арақатынасын айқындау Түркі қағанаты дәуіріндегі сөз шеберлерінің фольклорлык, әдеби дәстүрлерді игеруін, олардың таным- түсініктерін, рухани сабақтастық жалғастығының деңгейін танып-білуімізге оң ықпалын тигізеді. Түркі қағанаты дәуіріндегі әдеби жазбалардың көлемді де көрнектілері болып саналатын «Күлтегін», «Білге қаған», «Тоныкөк» жазба ескерткіштері зерттеулер негізінде эпикалык жыр деп танылды. Осы мақалада миф жанры және оның басты ерекшеліктері, ежелгі Түркілердің мифтері мен олардың дүниетанымы қарастылған. Сонымен қатар наным-сенімдер, таным- түсініктер жайында фольклорлық туындылар мен ежелгі жазба ескерткіштердің мол деректер беретіні аталған.