2 results
Search Results
Now showing 1 - 2 of 2
Item Open Access СҰРАҒАН РАХМЕТҰЛЫ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚЫРЛАРЫ(2021 International Young Scholars' Conference, 2021) Базархан КенжегүлАңдатпа Қазақ әдебиетінің тереңге тамыр жайған тарихының бір бөлігі шетелдегі қазақ әдебиетінің еншісінде екендігі бүгінге дейін біраз ғылыми жұмыстарға тақырып, нысан болып келді. Мұндай тақырыптар көбінесе шетелдегі қазақ әдебиетінің жалпылама жайкүйі, зерттелуі төңірегінде болды. Мәселен, Моңғолияның Бай-Өлке қаласындағы қазақ әдебиеті жөнінде зерттеулер жүргізіліп, кейбір ақындардың шығармаларына тоқталғанымен, қазіргі таңдағы жекеленген қазақ қаламгерлерінің шығармаларына тілдіктанымдық, көркемдік ерекшеліктеріне интерпретациялық тұрғыдан нақты қалам тартыла берген жоқ. Осындай көрнекті ақындардың бірі – Сұраған Рахметұлы. Сұраған Рахметұлы Моңғолиядағы қазақ әдебиетінің көшбасында тұрған тілі орамды ақындардың бірі. Мақалада Сұраған Рахметұлы поэзиясының тілдік қолданысы, көркемдік мазмұны туралы сөз болады. Ақын өлеңдерінен мысалдар келтіре отырып, ішкі мазмұнына үңілу, тілдік талдау жұмыстары жүргізілген. Сұраған ақынның шығармаларына интерпретациялық талдау жасалына отырып, ондағы ақынның өлеңді жеткізудегі шеберлігі, тілдіккөркемдік ерекшеліктеріне кеңінен тоқталынған.Item Open Access "Қос тілді проза" шығармашылығы жайында(Suleyman Demirel University, 2012) С. ДәулеткелдіұлыМақалада Қытай қазақтарының қос тілді проза шығармашылығы зерттелген. Автор қос тілді әдебиетте қазақ қаламгерлерінің шығармашылық ерекшеліктерін қарастырады: ана тілінде және қытай тілінде білім алған жазушылардың ойлау формалары, тілдік және мәдени ықпалы, әдеби және аударма тәжірибесі, сондай-ақ ұлттық дәстүр-салт пен заманауи өркениет арасындағы үйлесімділік. Мақалада Әкпар Мәжитұлы, Ғайша Тәбәрікқызы және Еркеш Құрманбекова сияқты қос тілді прозиктердің әдеби жолы мен шығармаларының мазмұндық және көркемдік ерекшеліктері талданған.