4 results
Search Results
Now showing 1 - 4 of 4
Item Open Access ҚАЗАҚ БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІНІҢ ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ИДЕЯЛЫҚ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ(СДУ хабаршысы - 2022, 2022) А.Т. Давталиева; Б.Д. ЖұмақаеваАңдатпа. Мақалада тәуелсіздік жылдарындағы қазақ балалар әдебиеті туындаларының идеялық даму ерекшеліктері анықталады. Тарихиәлеуметтік және батыс өркениетінің факторлары әсерінен балалар шығармашылығы және ондағы қаһармандар образының қаншалықты өзгеріске ұшырағандығы талданады. Сондай-ақ, өткен ғасырлардағы балалар әдебиеті мен заманауи шығармалардың идея тұрғысынан ұқсастықтары мен айырмашылықтары сараланады. Тәуелсіздік тұсындағы балалар әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірқатар елеулі туындыларына шолу жасалынып, идеялық мазмұны қарастырылады. Оның ішінде тәуелсіздіктн алғашқы жылдары мен сонғы онжылдықтың кейіпкерлерінің ойлауы, дамуы, армандауы мен қиялдарын да бір сарындас деп айтуға болмайды. Осылайша, 30 жылдың ішінде балалар қаһармандары бейнесі де заман ағынымен тез өзгерістерге ұшырап отырғандығы көрініс табады. Қорытындылай келе, сонғы 30-жылдықта қалыптасқан қазақ балалар әдебиетінің жалпы көрінісі адамгерші? эстетикалық құндылықтарды дәріптей отыра. өзінің заманауилығымен, батылдығымен, еркіндігімен, жылдамдығымен сипатталған.Item Open Access XX ҒАСЫР ҚАЗАҚ БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ЖАСӨСПІРІМДЕР БЕЙНЕСІ(2021 International Young Scholars' Conference, 2021) Жұмақаева Б; Давталиева Аружан ТанербергенқызыАңдатпа Мақалада ХХ ғасырдағы қазақ балалар әдебиетінің шығармаларындағы жасөспірімдер образының қалыптасу, даму және өзгеру ерекшеліктері анықталады. Тарихи, әлеуметтік, психологиялық факторлардың ықпалынан жасөспірімдер бейнесінің автор шығармаларында қалай көрініс тапқандығы сараланады. Аталған кезеңнің айшықты туындыларына тоқталып, кейбір образдарға талдау жасалынады. ХХ ғасыр тұсында қазақ әдебиеті жанрлық прогресстерімен ерекшеленеді. Жаңа ғасырдың басталуымен балалар әдебиеті жаңа серпін алып, проза, поэзия, драматургия жанрларында қарыштап дами бастады. ХХ ғасыр қазақ әдебиетінде балалар мен жасөспірімдер образын өз шығармасына арқау ету арқылы, автордың тарихи-әлеуметтік проблемаларды оқырманына жанама жеткізуі де осы заман әдебиетінің ерекшелігіне айналды. Жазушыларымыз бен ақындарымыз жасаған жасөспірімдер образдарының ықпалы, жас ұрпаққа тәрбиелік күші бүгінгі күнге дейін өзектілігін жоймай келеді.Item Open Access Түрік ертегілеріндегі еліктеу(Suleyman Demirel University, 2010) Кенжалин ҚуанышбекМақалада түрік ертегілеріндегі эстетикалық және психологиялық аспектілер талданады. Автор ертегідегі кейіпкерлердің әрекеттерін тыңдаушының қайталауы мен еліктеу процесін зерттейді. Ертегінің соңындағы түсініктемелер ертегі айтушы мен тыңдаушы арасындағы байланыс пен біртұтастықты көрсетеді. Мақалада балалардың ертегіге эмоционалды және қиялдық қатысуы, ертегідегі оқиғалар арқылы психотерапиялық әсер алу мүмкіндігі қарастырылады. Сонымен қатар, ертегілердегі әзіл-қалжың, әділдік пен жазалау мотивтері, «басқа біреудің ой санасында өмір сүру» тәжірибесі мысалдар арқылы түсіндіріледі. Калила мен Димна ертегілері дәстүрлі мұсылмандық және үнді мәдени элементтерімен үндестіріліп талданады. Автордың пайымдауынша, ертегілердің үлгі-өнеге, ғибрат беру қабілеті олардың эстетикалық және тәрбиелік құндылығын арттырады. Мақала әдебиеттану мен фольклор зерттеулері үшін маңызды болып, тыңдаушы мен ертегі арасындағы байланыс теориясына үлес қосады.Item Open Access «Пионер» журналының балалар баспасөзіндегі орны(Suleyman Demirel University, 2008) Шындалиева М.Б.Мақалада қазақ балалар баспасөзінің тарихы, дамуы және «Пионер» журналының бұл саладағы орны зерттелген. Балалар баспасөзі ұлттық публицистиканың бір бөлшегі ретінде қалыптасып, жас ұрпақтың тәрбиесі мен білім алуына ықпал еткендігі қарастырылған. Журналдың алғашқы редакторлары, белгілі қаламгерлер мен авторлардың шығармалары арқылы балалардың рухани және патриоттық дамуына қосқан үлесі талданады. Сонымен қатар, журналдың жанрлық, тақырыптық және тәрбиелік аспектілердегі ерекшеліктері сипатталған.