2 results
Search Results
Now showing 1 - 2 of 2
Item Open Access Ауызша тілдің жүйесі мен құрылымын меңгерту арқылы филолог-студенттердің сөз мәдениетін қалыптастыру әдістемесі(Suleyman Demirel University, 2019) Дуйсебекова ЖайнагулТұтас бір елдің тәуелсіздігін мызғымас ететін факторлардың бірі – оның ана тілі. Заң тілімен айтсақ: «Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы» [1]. Себебі бір халықты екіншісінен айқын ерекшелеп, бүкіл болмысын, табиғатын көрсетіп тұратын – оның тілі, соның ішінде оның әбден екшеліп, сұрыпталған ұлттық әдеби тілі. Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасында аталған бағдарламаның басты мақсаттары ретінде мына мәселелерді атап көрсеткен: «1) мемлекеттік тіл – ұлт бірлігінің басты факторы; 2) мемлекеттік тілді көпшіліктің кеңінен қолдануына қол жеткізу; 3) дамыған тіл мәдениеті – зиялы ұлттың әлеуеті; 4) қазақстандықтардың лингвистикалық капиталын дамыту»Item Open Access Жазба тіл мен ауызша тілдің өзара кодталу сатылары(Suleyman Demirel University, 2008) Күдеринова Қ.Б.Мақалада жазба тіл мен ауызша тілдің екі түрлі код жүйесі ретінде өзара байланысы қарастырылады. Қазақ тілінде жазба тіл мен ауызша тіл арасындағы шекара толық ажыратылмаған, бұл оқыту мен коммуникацияда қиындықтар тудырады. Автор екі тілдің құрылымын — жазылым мен оқылым, айтылым мен естілім құрағы ретінде қарастырып, олардың параллель жүйелер екенін көрсетеді. Жазба тілдің графикасы мен орфографиясы, ауызша тілдің дыбыстық және интонациялық ерекшеліктері бір-біріне толық сәйкес келмейді. Кодтау және қайта кодтау процесі арқылы ой мен түсінікті сыртқа шығару мүмкіндігі шектеулі, сондықтан жазуды меңгеру тек әріптерді тану емес, ауызша сөйлеу мәнерін жазба мәтінге лайық бейімдеу арқылы жүзеге асады. Мақала тілдік сана мен коммуникацияның күрделі табиғатын зерттеуге арналған.