3 results
Search Results
Now showing 1 - 3 of 3
Item Open Access Шыңжаң қазақ әдебиетіндегі Жамалқан мен Құрманбек айтысының көркемдік ерекшеліктері(Suleyman Demirel University, 2007) Риза ҚұмарқызыМақалада Шыңжаң қазақ әдебиетінің айтыс өнеріндегі Жамалқан Қарабатырқызы мен Құрманбек Зейітқазыұлының шығармашылық айтысы талданады. Автор айтыс өнерінің қазақ халқының рухани болмысындағы орны мен мәдени мәнін айқындай отырып, Қытайдағы қазақ қауымының дәстүрлі ауыз әдебиетін сақтау мен жаңғырту жолдарын көрсетеді. Зерттеуде ақындар айтысының құрылымы, мазмұны мен көркемдік ерекшеліктері, сондай-ақ айтыстағы жұмбақ өлең түрі мен суырып салмалық дәстүрі жан-жақты талданады. Жамалқан мен Құрманбектің айтысы — ХХ ғасырдың екінші жартысындағы Шыңжаң қазақтарының әдеби өмірінде ерекше орын алатын, ұлттық сана мен поэзиялық шеберлікті ұштастырған туынды ретінде сипатталады. Мақала айтыс өнерінің халықтың рухани тұтастығын, ұлттық бірегейлігін сақтаудағы тәрбиелік және мәдени маңызын ашады.Item Open Access АЙТЫС АРҚЫЛЫ ЖАС БУЫННЫҢ ТӘРБИЕСІНЕ ЫҚПАЛ ЖАСАУ(СДУ хабаршысы - 2020, 2020) Б.Д. Керімбекова; А.Ж. ИбрагимовАңдатпа. Мақалада қазіргі айтыс өнерінің тәрбиелік мәні қозғалады. Айтысты жастарға оқытудың тиімділігі және ұлттық өнердің дәріптелеуі сөз болды. Айтыс туралы ғалымдардың тұжырымдарына талдау жасалды. Ақындардың қоғамдағы рөлі, олардың шығармашылығының маңызы қарастырылды.Item Open Access БАСПАССӨЗ БЕТІНДЕГІ БҮГІНГІ АЙТЫСТЫҢ ЖАЗЫЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ(Suleyman Demirel University, 2012) Бейсенхан AАйтыстың ескі түрі деп есептелетін ертедегі бәдік айтыстың, негізінде адам баласының табиғатқа әсер ету мақсаты жатса, басқа айтыстардың ішінде қайсысы ерте, қайсысы кеш туды деп нақты айту қиын. Дегенмен кейбір айтыстардың мазмұнына, лексикасына, сөйлем құрлыстарына қарап, қай заманда пайда болғанын топшалауға болады. Мысалы жануарлар айтысына, өлі мен тірінің айтысына қарағанда, жұмбақ айтысының анағұрлым кеш туғандығы анық. Салт айтысының ескі түрі қыз бен жігіт айтысында негізгі тақырып – жастық көңіл күйі мен өнер сынасу болса, ақындар айтысында өнер салыстыру, сөз сынасудың үстіне әр ақын өз руын дәріптей жырлаушылық келіп қосылғанын көреміз. Сондытқан, бұл айтыс XIX ғасырда етегін кеңірек жайган деген түйінге тоқталамыз. Жалпы айтыстың арғы бергі тарихына қысқаша көз жүгіртсек, қай заман болса да өзінің демократиялық табиғатынан айнымай, халықтың тілі мен көзі болып, үнемі бой көрсетіп келеді.